«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 189
сағасы) бір түбірден шығып, Ертіс гидрониміне қатысты болуы мүмкін. Батыс Сібірде тараған
сес, шеш (өзен) деген кет тілінің сөзі түрікше тиш, цис болып өзгереді. Сондықтан ир деген
түркі сөзі мен кеттің цис (өзен) деген екі сөзі қосылып, Ертіс гидронимінің атына айналуы
мүмкін", - деген ой козғаған Р.Рамстедтің айтуынша, Ертіс - "қатал, ашулы, тасқынды" деген
мағынаға ие. А. Әбдірахманов: "Иир // Иір > Ер (түрікше) + сес // шеш // тес // тыш (кетше -
өзен, су) > Ертіс. Атаудың иір бөлегі өзеннің иреңдеп, ирек-ирек болып ағатын көрінісін дәл
береді. Сонда гидронимнің мағынасы иір өзен, иір су дегенге келеді", - деген жорамал айтты.
[1, 69]
Бурабай- Солтүстік Қазақстан обл., Шортанды ауданындағы көл, елді мекен. Бурабай
деп аталуы жайлы халық аузында аңыз бар. Оны ақын С.Сейфуллин "Көкшетау" поэмасында
былай деп жазды:
Дүниеде әрбір бөлек жердің аты, Себеппен қойған бәрі елдің аты. Бурабай атаныпты содан бері Ақ бура мекен қылаан көлдің аты. Бурабай көлі жағасында емдеу-сауықтыру
санаторийі бар.
Қалың орманның оңтүстік жағында биіктеу төбеде Кенесары үңгірі, ал көлдің
батыс жағында Балуан Шолақ үңгірі, көлдіңжиегінде оқтай шаншылып Оқжетпес тауы тұр.
Көлдің батыс жағында Көкшенің қыр жотасында мәңгі ұйқыда жатқан Жеке батыр, көлден 2
шакырым батыста Абылай алаңы. Бурабай көлінің жағасындағы жайқалған көк желекті
қарағайлар көркемдігімен көз тартса, жұпар иісті таза ауасы дертке шипа [2, 59].
Сарыарқа – Қазақтың ұсақ шоқылығы атты өлке. Сарыарқа атауының шығу төркіні
мен мағынасы жайлы пікірлер ғылыми әдебиеттерде қалыптасып, көпшілік көкейінен шығып
отыр. Атаулар құрамындағы қара, ақ. сары сөздерінің, түр-түсті білдіруімен қатар, басқа да
мағыналарға ие екендігін түркітанушы ғалымдар орынды көрсеткен. Е. Қойшыбаев:
"Географиялық атаулардағы сары сөзі сол бұрынғы географиялық мәнін сақтап келе жатқан
"кең" мағынасындағы үгымға саятын сөз болуы мүмкін. Сондықтан да "сардала" дегенде,
біздің ой-зердеміз бірімен-бірі ұласып жатқан үшы-қиыры жоқ кең даланы қабылдамай ма?", -
дейді. Н. Баяндин Сарыарқа атауын тек түспен байланыстырып қарайды да: "Ауа-райынын
кұрғақтығына байланысты, өсімдіктері жаздың екінші жартысынан бастап күнге күйіп,
сарғайып кетеді. Сондықтан да ғалымдар халықтың қойған атын осы күні ғылыми жағынан
дұрыс деп тауып отыр", - деп жазды [4, 8]. Жинақтай келгенде, Сарыарқа атауы "жер бетіндегі
өсімдіктері күнге күйгендіктен сарғайып жататын кен де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз
адырлы қырқа" ұғымын білдіреді деп түсінеміз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
І. Жансүгіров. «Құлагер» поэмасы. – Алматы, 2017
2.
Т. Жанұзақов. «Қазақ ономастикасы. Атаулар сыры». – Алматы, 2007