«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет198/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   321
Ключевые слова: ономастика, гидроним, поэма, история, край. 
 
Ilyas Zhansugurov is a genius of Kazakh poetry, poet, playwright, novelist, one of the 
founders and unique Kazakh literature. We will reveal the secrets of the names of toponyms 
found in his famous poem "Kulager", and consider their meaning. 
Key words: Onomastics, hydronym, toponym, poem, history, edge. 
Кең байтақ, ұлан-ғайыр асыл жеріміздегі миллиондаған жер атауларында халық 
тарихының ізі, тіршілік қарекеті, әдет-ғұрып, салт-сана, жөн-жобаның көрінісі айқын 
зерделенген. «Қайда барсаң, Атамекен көкейінде жатады екен»,- деп ақындарымыз 
жырлағандай әр адамның атамекені қазақ халқының әр жер-су атаулары тұнған қазына, ең 
байлық барша асылдан қымбат. Осы орайда жиһанкез-ғалым – Шоқан Уәлиханов: «Көне 
түркі, салт-сана, әдет-ғұрыптың қаймағы бұзылмаған қазақтарда өмірдің бір саласын 
қамтитын тарихи оқиғалармен байланысты жер-су атаулары, адам аттары, тағы да 
басқалары есте сақталып, атадан балаға жалғасып жатады», - деген болса, жазушы Мұхтар 
Әуезов: «Біздің қазақ жер аты, тау атын әмәнда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя 
білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да жер, су жапан түзде кездескен кішкене 
бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады»,- деп орынды 
да, нақты суреттегені кімнің де болса есінде. Олай болса, І. Жансүгіровтың өнер 
тақырыбына жазылған көрнекті «Құлагер» поэмасына қысқаша сипаттама беріп, жер-су 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
187 
аттарына этимологиялық талдау жасап көрелік. «Құлагер» Ілияс Жансүгіровтың көрнекті 
поэмаларының бірі.
Эпикалық жырларының ең соңғысы. Поэманың «Құлагер» деп аталу себебі, ақын 
бір жолдарында: 
Өзгеге ұғындырмас өзі бұзбай,
Сыншыдан сақта Құдай сортаң тұздай.
Шатасқан шалдуырдан жиіркенем,
Елімнің серісіне сөз айтқызбай,
– дейді. Ақын бұл поэманы жазған кезде халықтың 
ұлттық салт- дәстүрін тоталитарлық тәртіп «ұлтшылдық» деп жариялап, оған тыйым 
салған болатын.Сол себепті Ақан 
сері
болғандықтан серілігін мақтау мүмкін емес еді. 
Осыған байланысты Ілияс поэмасын «Құлагер» деп атап, оқиғаны соның аясында құрып, 
өз ойын астарлап жеткізген. Поэманың басты кейіпкері- Ақан сері және оның тұлпары 
Құлагер. Ақан сері – XX ғ. қазақ әдебиетінен және тарихынан елеулі орын ала білген өнер 
қайраткері. Ол композитор, дарынды әнші, шебер ақын. Ақан серінің асқан өнерпаздығын, 
шеберлігін, ақылдылығын поэмада айқын көрсетеді.
Поэмада кездесетін жер-су атаулары:
Алматы, Алтай, Көкшетау, Ертіс, 
Қарқаралы, Баянауыл, Сарыарқа. 
Алматы – 
тарихи қала аты. IX ғ. Алматы Қидан мемлекетінің, одан кейін Найман 
ұлысының астанасы болады,ірі сауда-саттық орталығына айналады. Моңғолдардың 
"Құпия тарихында" Шыңғыс хан Алматыға екі рет шабуыл жасап, ала алмай, 
наймандармен он жыл бойы арпалысып, ақыры үшінші мәрте шабуыл жасағанда тізе 
бүктіріп, содан кейін Отырарға қарай аттанған. 1339 ж. Алматы Шағатай ұлысының 
астанасы болып тұрған шағында, Рим папасының епископ Ришард бастаған өкілдері опат 
болады. Оның 13-16 ғасырларда Алматы деген атпен көп жерге белгілі болғандығы, 
археологиялық қазба кезінде сол заманның теңгесі табылғандығын, XIV-XV ғасырларда 
Алматы қаласы туралы жазбалар Бабыр, Мұхаммед Хайдари еңбектерінде кездесетіні 
тарихшылар зерттеулерінен мәлім. Қаланың көнелігін Алматы атауындағы түркі-моңғол 
тіліне ортақ көне көптік жалғау көрсеткіші (ты) де дәлелдейді. Қазіргі тіліміздің 
грамматикалық заңына бой ұрсақ, ол жалғау лы болып айтылады. Демек, Алматы қазіргі 
тіліміздің грамматикалық заңына сай Алмалы болады. Бірақ та көне ты жалғауы берік 
сақталған. Атаудың негізгі лексикалық әрі топонимдік мағынасы, Ғ. Қоңқашбаев, А. 
Әбдірахмановтар көрсеткендей, "алмасы көп", "алма көп өсетін (жер)", "алмалы". Е. 
Қойшыбаев бұл "ты қосымшасын өз алдына жеке компонент - көне түр, тау ұғымын 
беретін ту тұлғасының келе-келе, қазақ тілі базасында, -ту немесе -ты формасын 
қабылдауы. Бұл - заңды құбылыс", - деген пікір айтады. Автордың бұл пікірін қолдар 
болсақ, Өлеңті, Шідерті, Тобылғыты сияқты атаулардың соңғы компоненттеріндегі ты (ті) 
қосымшаларын қалайша тау деген сөз деп айта аламыз? Өйткені Өлеңті, Шідерті 
жазықтағы өзендер, ал тобылғы да жазықта өседі ғой. E. Қойшыбаевтың бұл пікірі А. 
Голубевтің: "Алматының көне атын Алмату дейді. Верныйды Алматы деп те айтады; бұл 
қырғыздың Алматау, яғни алма өсетін тау деген сөзі" дегенін қуаттау. Шындығында XIX 
ғ. Алмату деп атаудың кейбір түркі тілінде, әсіресе ұйғыр тілінде басым болғанын тарихи 
деректерден анық көреміз. Алмату формасы Ш. Уәлиханов еңбектерінде де кездеседі. 
Демек, сол кездерде -ты (ті), -ту форманттары жарыса қолданса керек. Одан "тау" деген 
мағына шығару әлі де дәлелдей түсуді қажет етеді. 1850 жылдары бұл жерде Ресей 
патшалығының әскери бекінісінің іргесі қаланып, 1854 ж. қала әу бастағы тарихи атымен 
аталмай, 1921 жылға дейін Верный аталып келді. Оны Жетісу ревкомы 1921 ж. 5 
ақпандағы № 12 қаулысымен орыс тілінде Алма-Ата деп өзгерткен-ді. Жұрттың айтып та, 
жазып жүргеніндей, Алма-Ата қазақ тіліндегі Алматы атының бұрмаланып жүрген 
орысша транскрипциясы емес және оның орысша баламасы "отец яблоки" де емес. Бұл 
атаудың кісінің төл атынан қойылғанына иланбасқа болмайды. Оған дәлел ретінде XVIII 
ғ. тамаша адам Алма ата жайлы толық жазылған көптеген мағлұматтар бар. Алма 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет