«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет224/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
208 
салқын төске алып, Қол төңкерер ме екенбіз?! Жалаулы найза жанға алып, Жау қашырар 
ма екенбіз?!» – деп жырлайды Ақтанберді жырау» [1]. Осылайша отансүйгіштікке, ерлікке 
шақырады. 
Найза – лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған термин. Бұл жерде сөз 
бастапқы мағынасынан айырылып, жаңа мағынаға ие болып тұр. Найза-атты жауынгердің 
негізгі түйреу қаруы. Сабы қайың, қарағай, емен сияқты қатты ағаштардан жасалып
басына темірден жебе кигізіледі. Жебе ұңғысының найза сабымен түйіскен жерін 
металмен құрсап, қынап бекітеді. Әдетте найза басына шашақ тағылады. Бұл аққан қанды 
қарудың сабына жібермеуге арналған. Әскербасының найзасына дәреже белгісі ретінде 
байрақ, жалау тағылады. Сабының қолға ұстайтын жері жұмсақ болу үшін барқыт, 
мақпалмен оралып, қайыстан ілгек салынады. Әдетте қазақ найзаларының ұзындығы 150 – 
190 см болғанымен, темір сауытқа қарсы қолданылатын «сүңгінің» ұзындығы 3-3,5 метрге 
дейін жеткен. Өткен ғасырларда, сирек те болса найзаның тағы бір түрі алыстан лақтыруға 
арналған қысқа сапты найза да болған. Оны «жыда» деп атаған. 
Айбалта- аналитикалық тәсілмен жасалып тұр. Сөзжасамдық аналитиканың 
сөзқосым түрі арқылы жасалған өнімді сөз. Яғни, екі сөздің бірігуі арқылы жаңа сөз пайда 
болған. Қазіргі кезде белгілі бір заттың атауы болып қолданылып жүр. Бұл сөздің 
мағынасы қарудың түрі. 
Айбалта – қазақтың дәстүрлі шабу қаруы. Сабы ағаштан жасалып, темірден 
жасалған басы қосымша екі темір бекітпелер арқылы ұстатылған. Артқы жағының 
бекітпесі оюмен өрнектелсе, алдыңғы жағына қарсыластың қаруын кесетін қылыш сияқты 
өткір жүз немесе араның жүзі сияқты ұсақ тіс салынады. Жүзі жарты ай тәрізді дөңгелене 
келген. Бұл ерекшелігі айбалтаға шабумен бірге кесу арқылы жарақат салуға мүмкіндік 
береді. 
Айбалтаның басын ою-өрнекпен әшекейлеу көнеден келе жатқан дәстүр. Оның 
негізінде діни-ғұрыптық ырымдар жатыр. Балта басына қолданылатын өрнектің негізгі 
түрі «әлем ағашын» тұспалдайтын өсімдік өрнегінің түрлері болды. Басын әшекейлеп, 
күмістен өрнек салынған айбалталарды «ақ балта», «ала балта» деп атаған. 
Қазақ қылышы-синтетикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөз. Қылыш екінші 
мағынаның туындауы арқылы жасалған термин. Лексикалық мағыналы сөз. Негіз сөзі-
Қыл. Ерте заманда қазақ халқы үшін ерекше қолданыста болған қару жарақтың түрі. Қазақ 
қылышы – басы бір жүзді, сыртына қарай қайқылау болып келетін кесу қаруы. Басының 
қайқылау болуы қылыштың кесу күшін күшейтеді. Ал өте қайқы қылыштарды қазақтар 
«Наркескен» деп атаған. Қылыштың басының ұзындығы әдетте 75-88 см, жүзінің ені 3-3,5 
см болып келеді. Сабы 10-13 см болып, ағаштан, сүйектен немесе мүйізден жасалған. 
Сырты күміспен көмкеріліп, әртүрлі ұлттық нақыштармен өрнектелген. Қылышты 
«қынап» деп аталатын арнаулы қабына салып, қылышбау арқылы белге тағып жүреді. 
Қазақ қылыштарының наркескеннен бөлек алдаспан, зұлпықар, жатаған қылыш, 
қайқы қылыш, т.б. түрлері бар. 
Шоқпар сөзі – синтетикалық тәсіл арқылы жасалған, яғни, сөздің сөз түрлендіруші 
қосымшалар арқылы түрленіп, қолданылған сөз. Шоқпар термині тілімізде байырғы 
кезден қолданыста жүр. Ерте кезде бабаларымыз жаумен шайқасқанда бірге алып жүрген 
сайман болған. Шоқпар – қазақ жауынгерінің соғу қаруы. Жасалуы мен басының үлгісіне 
қарай бірнеше түрі бар. 
Басы мен сабын біртұтас қылып, түбірлі ағаштан жасалған қару «шоқпар» деп 
аталады. Басы темірден жасалып, сабы да темірден немесе ағаштан жасалып, сырты 
металмен қапталған түрі – «күрзі», ал басы бірнеше тілімді, қырлы болып темірден 
жасалған жеңіл шоқпар – «бұздыған» деп аталады. Сонымен қатар темірден жасалған 
басы сабына қайыс немесе шынжыр арқылы бос бекітілген «босмойын» шоқпарлар да 
қолданыста болған. Босмойын шоқпар басының диаметрі әдетте 4,5-5 см болып, сабының 
ұзындығы ат үстінде айқасуға ыңғайлы орташа және қысқа болады. Жасалуы оңай ағаш 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет