«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


Key words: He said, zhyrau, zhyrshy, literature, researchers, works, ode, epos



Pdf көрінісі
бет234/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

Key words: He said, zhyrau, zhyrshy, literature, researchers, works, ode, epos. 
 
Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап 
отыр. Қазақ елінің әлемдік кеңістікке өз жолын таңдауы әрбір қазақтың емін-еркін өмір 
сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар қамы деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру 
сонау түркі заманынан желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу – 
болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол болашаққа ашылған даңғыл жолды ұлттық 
тәрбиемен жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Бұдан шығар 
қорытынды – ұлттық тәрбие идеясы ата-бабалар алдындағы-қарыз бен өскелең ұрпақтың 
алдындағы – парыз деп түсінуіміз керек. Яғни, парыз бен қарыздың түйісер тұсы осы 
ұлттық тәрбие деп білеміз. 
Ал, ұлттық тәрбиенің көздері фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, 
салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған 
топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие 


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
216 
қағидалары болып табылады. Сонымен бірге отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшіліктері, 
туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық 
намыс, ұлттық сана сезім, ұлттық адамгершілік, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттері, 
ізгілік сынды тағы басқа сапалық ұлттық тәрбиенің негізгі көрінісі болып табылады. Одан 
басқа жаһандану жағдайындағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті, толеранттық-
төзімділік қасиеттер де ұлттық тәрбие дәрістерінде көрініс табуы тиіс деп ойлаймыз. 
Халқымыз жас ұрпақты оқытып – тәрбиелеу жайында небір сындарлы пікірлер 
айтқан. «Баланы сүйсең, тәрбиесін сүй», «Баланы мақтау жетілдірмейді, баптау 
жетілдіреді» - дейтін мақал-мәтелдер баланы құр «айналайын» дей бермей, оны 
адамгершілікке, имандылыққа, мәдениеттілікке баулуға ой тастайтын нақыл сөздер [1, 
58]. 
Қазақ тағылымын ұстанған негізгі бағыты – ата-бабалардың үлгі-өнегесі, ақыл-
кеңесі, дүниеге шынайы көзқарасы, бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздік – дербестікке 
ұмтылысы. Бұл – алдан күткен арманы, ойға алған негізгі мақсаты. Тәрбие – ұрпақ үшін 
күрес құралы. 
Ақын-жазушылар – халық тағылымының, халық өнегесінің қайнар көзі, халық 
кеңесшісі, ой елегі, аспандағы қыраны, саңқылдаған сұңқарлары: Абай Құнанбайұлы
Жамбыл Жабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин т.б. сөз 
өнерлерінің зергерлері. Олар – сөз шеберлері, талант иелері, талапты, ынталы халық 
пікірін жөнге салып, соны заман талабына сай да, орайлы да, түсінікті болу үшін, тер 
төккен, ой еңбегінің тарланбоздары [1, 124]. 
Ақын-жазушыларымыз өзіндік қолтаңбасы бар - туған халқымыздың көзі мен 
құлағы, ішкі сезімдерінің айнасы, дүниеге көзқарасы, тағылымы, әдемілігі. Олардың 
сөздері мен айтқандары – қазақ халқының тағылымы, намыс пен жігер – қайрат 
тағылымы. 
Жамбыл поэзиясы халықтың өмірімен тығыз байланыста шығарылған. Ақынның 
жырлары 
жастарды 
тәрбиелейді, 
жамандықтан 
сақтандырады. 
Ең 
алдымен 
қарапайымдылыққа, ұйымшылдыққа меңзейді, еңбекке, ерлікке баулиды. Адалдықты, 
адамгершілікті мақтап, насихаттай отырып, оған қарам-қарсы арамдық, қарнаулық, өтірік-
өсек, жалқаулық, ұрлық, екі жүзділік секілді жарамсыз мінез-құлықтар сыналады. 
Мысалы: 
Малы көп бай жылайды қар жауғанда, 
Бәрін тастар ниеті малға ауғанда. 
Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр, 
Әйелі шелек толы сүт сауғанға [2, 29]. 
Байдың малы көп, бірақ сол байлықтың қызығын көріп, толқып-шылқып отырған 
ол жоқ, керіснше малдың көптігі оған бір жағынан бақытсыздық әкелген. Рақаттанып 
жүре алмайды, бәрінен сескенеді, табиғаттың дүлей күштерінен қорқады. Ол төрт түлік 
малдың ортасында қалған, басқа сыртқы дүниемен қатынасы үзілген, жалғызсыраған жеке 
қалған. Яғни, сыртқы кеңістік пен байлық арасын мал бөліп тастаған. 
Адамдардың жақсы, жаманын ажырата алмай, олармен ақжарқын қарым-қатынас 
жасай алмайды. Сондықтан, байлар – бірбеткей тоңмойын. Бай баюдың амалын ойласа, 
кедей – күн көрістің соңында жүреді. Екеуінің арасы бір-бірінен алшақ, алыс тұрады, 
бірін-бірі жаратпайды – аңдысқан, қырғи-қабақ. 
Малы көп бай ертемен жейді қаймақ, 
Қой шығарып, кедей жүр қозыны айдап. 
Ең болмаса айранға тойғызсы деп, 
Жатса, тұрса тілейді «а, құдайлап», - 
дейді Жамбыл [2, 6]. 
Жамбыл байды байлық иесі болғаны үшін ғана сынамайды, олардың байлыққа 
мастанып, рухани азғындыққа, мұрат-мақсаттарының ұсақталғанында, халықтан 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет