«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»
217
алыстағандығына кектенеді. Олар өздерінің жан-дүниесіне қарауға уақыт жоқ: өрген мал,
қайтқан жылқының ізімен жүріп, салқын-суық мінезге ұрынған. Әрі қазақ байларының
кедейге деген арамдықөгейліктері зұлымдықпен жалғасып жатады. «Мен баймын, сен
кедейсің» деп көзге шұқығандай, кеудесімен басып, әр жерде ірілік, үстемдік көрсетеді.
Оған Жамбылдың мына шумақ өлеңі дәлел.
Көңілі кейбіреудің бұлтта жүр,
Ұстауға кү мен айды жуықтап жүр.
Біреулер қара сөзді қамшы қылы,
Қуды мініп, құланды құрықтап жүр.
Қазақ байларының тәкаппар, өр көкірек кескінін Жамбыл тапқырлықпен көрсеткен.
Олар шарасынан асып-тасиды, қазымырлық, қызбалық көрсетеді, жазықсыз адамдарды
жәбірлейді дейді Жамбыл ақын.
Әдетте Жамбыл айтыстары көбінесе халықтық бүкіл елдік мәселелермен ұштасып
жатады. Ол кейбір ақындар сияқты күнделікті тіршілік күйбеңінің, ру тартысының
көлеңкесінде қалмай, халықтық деңгейдің биігінде тұрап сөйлейді. Міне, осындай үлкен
мұрат, міндеттер Жасбыл жырларының халық алдындағы беделін, бағасын өсіріп отырған.
Мәселен, Жамбылдың Құлмамбетпен айтысының идеялық мазмұнын алайық.
Айтысты алдымен Құлмамбет бастаған. Ол айналысындағы, тойда отырған феодалдарды
мадақтап: бұлар біздің елдің жақсылары мен жайсаңдары, малы көп, дүниенің
кілтіосылардың қолында, қалай шалқып, не айтса да жарасады, бұлармен таласпа,
қарсыласпа, бағын, бағыныштылықпен ған күн көресің, егер қаһарына іліксең, көзіңнің
жасы құрғамайды, ауыр бақытсыздықтың қалың тұманында адасып жүріп, о дүниеге
кетесің. Аспанда жаратушы, жерде болыс пен билер», - дейді [2, 13].
Сөйтіп,
Құлмамбет
қарапайым
халықты
көнбестікке,
кіріптарлыққа,
бағыныштылыққа шақырады. Ақын Құлмамбеттің сөз сарыны мынадай болып келеді:
Аңлашы, Албан бай ма, Дулат бай ма,
Сенің байың – Шолақ бай, Дулаттай ма?!
Қалың жатқан келейін Майлыбайға,
Мұнан соң мен барайын Бектембайға.
Тарпаң мен Тоқсейіттей егің қайда?
Жүз мың теңге сандықта шіріп жатыр.
Баласы Ниязбектің Сәрсенбайда, - дейді.
Құлмамбет осындай баянсыз, сырғанақ сөздері арқылы ақындық өнерді байлықтан,
барлықтан төмен қояды. Заманның ішкі қайшылықтарын, тап тартысын жасырып, жалған,
жасандылыққа ұрынады. Бұқара халықты көзге ілмейді, оның орнына жеке басының
көңіл-күйімен оқшауланады, жалғыздыққа ұрынады.
Кезінде, Құлмамбет Жетісудағы ірі ақынның бірі атанған. Сөзінің барысына
қарағанда екпінді-ақ еді. Бірақ, соңғы сөзі олай болмай шықты: «Мен күштімін, мен
Жетісудағы бірінші ақынмын», - деп мақтанғанымен ол байлықтың айналасындағы
томаға-тұйық шеңберден шыға алмады, тұйықталып қалды.
Дәл осы тұста қылыш қанатты сұңқардай саңқылдапәуелей ұшқан Жамбыл шықты.
Ол өзінің шыққан биігінен жаңылмайды. Құлмамбеттің болмыс-бітіміне қарсы шабуылға
шығып, әлсіз тұстарын нысанаға алады. Құлмамбет дәріптеген байлар мен болыстардың
екіжүзді, жалтақ жандар, екенін дәлелдейді. Оның бетке ұстаған адамдарының жат,
жағымсыз қылықтарын ел алдында әшкерелеполарды күлкіге ұшыратады.
Құлмамбеттің мадақтаған адамдарының көбісі сансапқұмар, шен-шекпенге құштар,
шетінен бишікеш, берекесіздер. Олар өз қолдарымен қурай сындырмайды, тек жиналып
алып ауыл қыдырады, қымыз ішеді, бақ, даулет салыстырып, мақтанып, асып-тасып
сөйлейді. Баққаны арамза алақолдылық. Ұры ұстайды, момынның малына зорлық
жасайды, ел мен елдің арасына от жағады, кедейлерге тізесін батырады, қалың мал заңын
пайдаланады, ұр да жық мінез көрсетеді, татулық бірлікке опасыздық жасайды. Міне,
|