«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет237/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   321
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
219 
ӘОЖ 811.512 
КИЕЛІ ЖЕРЛЕРДІ АНЫҚТАУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ АТАУЛАР 
ЖАЙЛЫ 
АҢЫЗДАР
Сейдахметова К.С.
,
 
7М01701-«Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру
бағдарламасының 2-курс магистранты 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ. 
E-mail:
 
6420611@maіl.ru
  
Мақалада Қазақстан территориясындағы киелі орындар, оларды жіктеу 
принциптері және атаулар туралы халық аңыздары қарастырылған. 
Тірек сөздер: ономастика, қасиетті, киелі, кесене, ескерткіш, тарих.  
 
В статье рассматриваются сакральные места на территории Казахстана, 
принципы их классификации и народные легенды об именах. 
Ключевые слова: ономастика, мавзолей, памятник, история. 
 
The article discusses sacred places on the territory of Kazakhstan, the principles of their 
classification and folk legends about names. 
Key words: оnomastics, sacred, mausoleum, monument, history. 
Әр атауда тарихи із бар. Атаулар халықтың жүріп өткен тарихи жолынан, мәдени-
әлеуметтік өмірінен, саяси-экономикалық жағдайынан хабар беретіні анық. Киелі орын, 
қaсиетті жер деген ұғымдaр сонaу ерте зaмaннaн келе жaтыр.Зaмaн өзгерген сaйын
aдaмдaрдың қaжеттіліктері мен сұрaныстaры өзгергенсaйынолaрғa деген көзқaрaстaр дa 
өзгерді. ХІХ ғaсырдaн бaстaп киелі орындaрмен қaсиетті жерлерге деген жaңa 
көзқaрaстaр қaлыптaсa бaстaды. Киелі жер деп адамдар қасиетті мұра санайтын жерлерді 
айтады. Бұған бүгінде діни ғимараттар ғана емес, басқа да киелі саналатын орындар 
жатады. Яғни нақты географиялық нысандар болуы мүмкін. Мысалға: жартас бетіне 
сурет салынған таңбалы тастар, қасиетті тау, сондай-ақ, ата-бабаларымыз жерленген 
қорым болуы мүмкін [1, 6]. 
Ф.Хайлердің айтуынша, киелі нысандардың негізі болып табиғаттың объектілері 
саналады. Себебі табиғаттағы нысандар өзінің құдіреттілігімен, ерекшелігімен адамзатқа 
қорқыныш пен таңырқау тудырады. Көрінетін ерекше тылсым күшті сезінген қарапайым 
адам оларға сыйынады [2, 102]. 
Киелі орындар туралы ұғым – ол, сол маңды қоныстай жайылған елдің таным-
түсінігінде сол аталған жердің қасиетімен киелілігі танылып, көпшілікпен 
мойындалғаннан кейін ғана қалыптасқан. Сонымен қатар, түрлі тарихи кезеңді қамтитын 
алуан түрлі ескерткіштер шоғыры молынан топталып, тіпті жіктеледе бастады. Киелі 
жердің айқын көріністерінің бірі сәулет ескерткіштері болып табылады. Сәулет 
ескерткіштері – оларды құрған қоғам өмірі туралы бай ақпараттар көзі. Олар саяси ахуал, 
идеология, ғылыми және өндірісті кәлеуеттің дамуы, дәуірдің эстетикалық нормалары, 
халықтардың мәдени байланыстары және мәдени стандарттардың таралуы, құрылыс 
деңгейі туралы айқын түсінік береді. 
Әлеуметтaнушы Э.Дюркгейм және неміс философы Р.Отто киелік жеке aдaмның 
қaбылдaуымен aнықтaлaды деп сaнaған. Қaсиетті жер, киелі орын ұғымдaрын 
идеологиялық және күнделіктілік тұрғысынaн түсіндіруге болaды. Бұл жерде 
«идеологиялық» деп мемлекеттік мaңыздылығы бaр қaсиетті жерлер. Ал екіншісі жеке 
ұрпaқтың aтa-бaбaсымен бaйлaнысты қaсиетті орындaр. Әрбір киелі орын немесе жер 
өзінің әлеуметтік, мәдени, сaяси, діни функциялaрын aтқaрaды. Күнделікті қaрaпaйым 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет