«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет240/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
222 
бaлшықтaр. Үшінші принцип екі принциптің aрaлaсуынaн пaйдa болғaн киелі жерлер [9, 
142]. 
Ұлы Даланың тарихынан талай сырды шертетін киелі жерлер, құпиясы бар 
қасиетті мекендер көп-ақ. Осы орайда елімізде қолға алынып жатқан «Қазақстанның 
киелі жерлерінің географиясы» мемлекеттік жобасы қазақтың кең даласындағы қасиетті 
жерлер мен мекендерді жете зерттеп, халыққа жеткізуді мақсат етіп отыр. Жоба нәтижесі 
ұлан-ғайыр жерге ғана емес, тарихи рухани мол мұраға да ие екенімізді көрсетеді. 
Маңызы жоғары, халық тарапынан ерекше құрметке ие табиғи немесе мәдени мұра және 
сәулеті айрықша діни мәнге ие ескерткіштер мен кесенелер, сондай-ақ, Қазақстан 
халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты 
орындардың барлығы елімізде осы киелі орындар санатына жатады. Осы аталған 
мақсатты іске асырып, мәселені жан жақты зерттеу үшін ең алдымен оның 
методологиялық негізі болып табылатын негізгі ұғымдарды, соның ішінде қасиетті, киелі 
ұғымдардың мән мағынасын айқындап алу қажеттігі туындайды.
Ұлан-ғайыр жерімізде әулие-әмбиелер жатқан жерлер мен ескерткіш, кесенелер, 
табиғаты тамаша көрікті жерлер аңыз болып тараған ел аузында тараған. Мәселен, 
еліміздегі киелі орындардың көпшілігі оңтүстік өңірде орналасқан. Солардың бірі Қора 
шатқалы. Бұл шатқал – Жоңғар Алатауының ең әйгілі жері, бас жотаның батыс бөлігі, 
Ескелді ауданында орналасқан. Қора шатқалындағы Бұрқан бұлақ туралы халық 
арасында кең тараған аңыз бар. Аталған аңызда былай делінеді: «Бұрқан – анасының 
жалғыз ұлы екен. Баласын тым жақсы көретін ана күндердің күнінде жүзінен иманы 
төгілген инабатты да ибалы келін түсірсем деп арман етіпті. Алайда ұлы тәкаппар әрі 
біржақты Қора сұлуға ғашық болады. Бұл таңдау көңілінен шықпаған ана екі ынтызар 
жүректің бірігуіне жол бергісі келмей, оразан зор тас бекініс соғады да, баласын қамап 
тастайды. Сонда да Бұрқанның махаббаты бәрінен басым түсіп, Қора сұлуға қосылады. 
Міне содан бері екеуі тел ағынға айналып, үлкен өзен болыпты». Ал Баласынан 
айырылып қалған ананың көз жасы әлі де таусылмаған. Аңыздарға сенсек, Бұрқан бұлақ 
құламасымен жылай ағатын кішкентай жылғаға «Ананың көз жасы» деген атау берілген 
екен.Аңызға толы тағы бір нысан осы Алматы облысында орналасқан «Тұзды көл». 
Халық арасында оны «Рай көлі» деп те атайд. Тұзды көл – өзінің әсемдігімен, табиғи 
емдік әрі шипалы қасиетімен халықты баураған көркем табиғаттың Құрақсу өңіріне 
берген сыйы. Ел аузында кеңінен таралған аңыз-әңгімелерде тұзды көлдің «Рай» деп 
аталуы осы өңірдегі ауылда Рай есімді әйелдің тұруымен байланысты. Ауыл адамдары 
шошынып, оны елсіз жерге тұзды көл маңайына жападан жалғыз апарып тастайды. 
Жапан далада күнелтіп күнін көріп, тұзды көлге шомылып жүріп үстіне шыққан жарадан 
арылады. Ауыл тұрғындары әйел адамның емделіп көргенін көріп, оның ауылға 
қайтуына рұқсат береді. Бірақ әйел осы жерді мекенге айналдыруды жөн санап, көл 
басында өмір сүруді жалғастыра береді. Уақыты келіп қартайған шағында дүниеден 
озған әйелдің басына жақын маңдағы ауыл тұрғындары зират тұрғызған. Ол зират қазіргі 
уақытта да бар. Сол кезден бастап ел арасында аңыз тарап, Құрақсудағы тұзды көл «Рай 
көлі» деп аталып кеткен [10, 17]. 
Панфилов ауданы Әулиеағаш ауылында орналасқан ағаштың жасы шамамен 600-
700 жыл деп есептеледі. Аудан тұрғындары оны «Әулиеағаш» деп атап кеткен. Сол 
себепті осы жерге көптеген сырқат адамдар келіп, әртүрлі аурулардан арылу үшін 
ағаштың жанына түнейді. Қазіргі таңда бұл киелі ағашқа дұға тілеп ниеттеніп келетін 
адамдардың саны өсуде. 
Аңыз бойынша Жеті әулие баба осы жерге түнеген, соның ішінде Шамшырақ 
деген әулиенің асатаяғы болған. Сондай-ақ, моңғол шапқыншылығы кезінде 
Шыңғысханның қаһарлы әскерінен 1500 атты әскерді осы ағаш қалқалап аман алып 
қалған деген де аңыз бар. Одан бөлек, Шормақ деген батырдың сәбиі болмай сол елдің 
үлкен кісісі осы жерге келіп арнайы батыр үшін перзент сұрап, дұға тілеп түнейді. Сонда 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет