«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция материалдары 230
Тәуелсіздіктің баяндылығын сақтап қалуға үндеген айтыс жырлары, қоғамдық
өзгерістерге дер кезінде үн қосып, оны кең насихаттап отырды. Экономикалық саяси,
әлеуметтік салалардағы қандай да бір жаңалық-өзгерістер ақындар айтысының басты
тақырыбына айналып, оның халыққа тиімді, тиімсіз тұстары бұқара талқысына ұсынылды.
Біз санамалап көрсеткен осы алты проблеманың астарында қаншама мұң мен сыр
жатқандығын айтысты көріп отырған халық неге түсінбесін?! Айтыс халықтың
көкейіндегісін жарыққа шығаратын өнер. Қоғамның кезкелген зиялы азаматы, айтысты
көрген, тыңдаған әр адамның көкірегіне ой, санасына «бұл қалай?» деген сауалдың
ұялауы заңдылық.
Қ. Төреғожаның «Арманның айы туған күн» атты материалында:
«Өзге өңірлерден жас айтыскерлер қаулап бой көрсетіп жатқанда, облысымыздан
осы күні жиі өтетін республикалық айтыстарда жас таланттардың бұзып-жарып шыға
қоймауы кәдімгідей жанға батып, жөні бір басқа осы өнердің ертеңі алаңдатпай
қоймайтын.
Биыл туғанына 80 жыл толғалы отырған Көкен атамыздан бастап, сан айтыста топ
жарған. Баянғали, Ерік, Құдайберлі, Сайлау тұрғанда ауызды қу шөппен сүртуге болмаса
да, соңғы көш Бақытбектен тұйықтала беретін жастар жағының бұл додада өз еншісін ала
алмай жүргендері ойландырып, Һәм өкіндіре беретін.
Сөйтіп жүргенде алғаш өзімізге тоқсаныншы жылдардың ортасындағы
оқушылардың облыстық айтысынан таныс Арман Тілектесұлы Бердалин осы өнерге еркін
кірді де, жастардың аяқ алысы сыналған біраз ортада өзін танытып үлгерді. Енді
сонысынан үміттеніп, нағыз мықтылар сөз түйістіретін үлкен айтыстардан қалай көрінер
екен деп тосқанымыз ініміздің шама-шарқынан әрі барардай бір екпінді топшылауымыз
еді.
Еншалла, сол күнге келген екен. Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын бүкіл
Ақмолалық өнер сүйетін қауым үшін үлкен додаға үкілеп қосқан Арманымыздың кеші
болғанын «Хабар» телеарнасынан оның Анар ақынмен айтысын тамашалаған әр көрермен
өзі-ақ жүрек тұсына жазып қойған болар.
Арманның халқымыздың біртуар ақыны Дулат Бабатайұлының 200 жылдығына
арналып Астанада өткізілген осынау республикалық айтыста көзге түсіп, осы өнердің бір
майталманы болған марқұм Ерік Асқаров ағасының атындағы арнайы жүлдені жеңіп
алғанын білсек те, мынадай өнер көрсетер деп ойлай қойған жоқ едік. Көптен көңілден
кетпей жүрген олқылықтың орны кілең ондықұпайлармен толып, айызымыз бар қанды-ау.
Қуанышта шек жоқ. Осы жолғы айтыста жүйрік шыққан Арман Бердалин енді бұдан
былай да ел үмітін қолына берік ұстайды деп сенейік.» - делінген.
Ақын Алмас Темірбайұлы Арман Бердалиннің «Айсары» атты кітабына
төмендегідей ой-пікірін қалдырды:
«Бұл әлі басы ғана. Атырау мен Алтай арасындағы алты алаштың баласына Арман
Бердалин осы бір алғашқы жыр жинағынан кейін, Алла жазса, талай-талай туындыларын
ұсынады. Ұсына алады ол.
Қазақ әдебиетінде жылда-жылда кітап шығарып, сол кітаптарының санын қырық-
елуге жеткізгісі келген ақындар аз болмаған. Алайда, олардың аты-жөндері көнекөз
тарихтың киіз кітабына кірмей қалғандығын бүгінгі жұрттың біразы біліп қойды. Мәселе
кітаптың санында, сөз иесінің жас шамасында емес.
Әзірше, Арманның жасы жиырмада. Жиырманың бергі жағы белгілі, арғы жағын
ішіміз сезеді…
Арман аламанды алдын ала сезетін арғымақтай айтыскер ақын. Алайда, ол
маңдайына бұйырған бақытын айтыстан емес, жазба өлеңнен табатынына сенемін. Арман
түгілі, Құдайберлі Мырзабеков ағамыз да сөз өнерінің саф алтынын айтыскерліктен емес,
жазба поэзиядан іздеп-тауып, жырға іңкәр жұртқа үйлестіріп һәм өзі игілігін көріп отыр.
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции