«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет251/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   321
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
231 
«Айсарының» ішіндегі өлеңдерде жиі ұшырасатын тірлік сүйгіш тіркестерді, 
ойнақы ойларды, зілмауыр мұңдарды, сезімтал сезімдерді көкірегі зерек, көңілі сергек 
оқырман ғана байқай алады, сезіне алады. Оған көз жеткізу аса қиын да емес. 
Иә, рас, Арман өлеңдерінде ашық түсті ақ, сары бояулардан гөрі қара, қоңыр 
бояулар мол. Қайғы-мұңы түгілі, уайымының өзі жұрттікіндей сары уайым емес, қара 
уайым. Кей тұста публицистикалық сарын сезіледі. Ол көбіне көп алуан-алуан ойлар 
иектеп, әлденені әлденеше аңсап, ауыр мұңға шомған шақта жазады өлеңді. «Егеменді ел 
болдық!», «Тәуелсіздік жасасын!» деп жарау атқа жалаң бұт шауып, жалған ұрандайтын 
жазғыш аға-апаларына ұқсағысы келмейді. Ұқсағысы келсе де ұқсай алмайды. Өйткені, 
оның мінезі қандай болса, өлеңі де сондай. Шын ақындықтың бір белгісі – осы.
Әлгінде тілге тиек еткен уайым-мұңға қатысты кемшін тұстар Арманның кінәсі 
емес, кінәмшіл тағдырдың кінәсі. Ал Арманның ақындық парызы –тағдырдың сол кінәсін 
жуып-шаю, мінезді өлеңнің мәселесін қайтармау. Мен Арманнан ірілік күтемін. Оның 
тарапынан оқырманға да одан басқа ештеңе де керек емес. 
Айтыс ғасырлар бойы еліміздің әдет-ғұрпын, салт-дәстүрімен, өнерімен біте 
қайнасып бірге жасап келе жатқан аса бай, төл жанр. Одан халқымыздың өмірге деген 
көзқарасын, танымын және көркемдік талап-талғамын аңғара аламыз 
Сонымен қатар, болып жатқан проблемаларды да көре аламыз. Қазақстан елінінің 
тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда айтыскер ақындардың жырлаған мәселесі 
талқыланады. Тәуелсіздік алған жылдардан бері ауылдық, аудандық, облыстық, аймақтық 
дәрежеде өткен айтыстарды айтпағанда, республикалық, халықаралық дәрежеде көптеген 
айтыстар өткізілген. 
Тәуелсіздіктің баяндылығын сақтап қалуға үндеген айтыс жырлары, қоғамдық 
өзгерістерге дер кезінде үн қосып, оны кең насихаттап отырды. Экономикалық саяси, 
әлеуметтік салалардағы қандай да бір жаңалық- өзгерістер ақындар айтысының басты 
тақырыбына айналып, оның халыққа тиімді, тиімсіз тұстары бұқара талқысына ұсынылды. 
Біз санамалап көрсеткен осы алты проблеманың астарында қаншама мұң мен сыр 
жатқандығын айтысты көріп отырған халық неге түсінбесін?! 
Қоғамдық пікір қалыптастырудың басты шарты – шындық. Шынайы шындыққа 
көзі толық жетіп, оны сезінген бұқара халық өзі өмір сүріп отырған қоғамның бүгіні мен 
болашағын байыпты бағамдай алады. Сол арқылы келешекке қадам басып, көштерін 
түзейді. Кейде газеттен оқып, теледидардан айтылған ресми сөздерден гөрі халықтың 
жан-дүние, сезіміне зор әсер ететін насихат түрлері болады. Ондай руханият көзі – әрине, 
айтыс өнері екендігі ақиқат.
Сөз өнері тұрғысынан алып қарар болсақ, айтыс өлеңдерінің өзіне тән табиғи 
ерекшелігі болады. Мәселен, көркем әдебиетті адам оқу арқылы санасына сіңіреді. Газет-
журнал материалдарын да дәл солай қабылдайды. Бұл жердегі айтыс жырларының 
ерекшелігі сөз құдіреті тыңдаушыға немесе көрерменге үн-әуез, айтысушы ақынның ым-
ишарат, қимыл-әрекеті арқылы,бірнеше үстеме сипаттар арқылы сіңеді. Кітап пен газет-
журналды әр адам өз көзқарас, түсінік деңгейінде қабылдайды. Ал, саз аспабы арқылы 
әуенмен әспеттелген жырлардың немесе сөздің тыңдаушыға әсері өзгеше болмақ. Бұл 
туралы А.Байтұрсынов мынадай пікірлер айтты: «Сөздің асыл болуы –ұнауымен. Сөз 
көңілге сипат жағының көркемдігімен, сөз мағына жағының күштілігімен жағады. Сөз 
көркемдігі, әуезінің әдемілігі мен кестесінің келісті болуынан табылады. Әуез әдемілігі 
сөзді дыбыс жағынан тәртіптеп, үйлестіріп тізуден болады. Күштілігі сөздің қалыпты 
мағынасының үстіне күш қосатын әдістерді істеуден болады», А. Байтұрсынов келтірген 
осы пікір барлық мағынасымен айтыс өлеңдерінің табиғатына толық сай келеді деуге 
болады.
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Бердалин А. Айсары. Өлеңдер. Көкшетау: Көкшетау университеті баспасы. -
2004. – 64б. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет