«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет105/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
99 
Оқылым дағдысын меңгерту оқушының сыныбы жоғарылаған сайын күрделене 
түседі. Сәйкесінше, оларға берілетін мәтіндер де күрделене береді. Осы мақалада біз 
«Абай жолы» роман-эпопеясының мәтіндерін талдауды мақсат еттік. Роман тілі өте 
күрделі, құрмалас сөйлемдерден тұрады. Сондықтан да ол төменгі сыныптарда кездесе 
бермейді. Жоғары сыныптарда бірен-саран кездесетіндіктен, сол сыныптарға сай оқу 
мақсатына қарай талдату шарт.
Мәселен, оныншы сыныптың «Қазақ тілі» пәні оқулығында «Абай жолы» 
романынан мынадай үзінді берілген:
«...Жайлауындағы ең әнші, ең өнерлі жастарды жиып әкеп, соларға бар бейілін 
беріп отыр. Осындай ойын-сауық жиынының ортасында ең қадірлі бір топ қонақ бар. 
Шеттен келген қонақ. Бұл – қазір төрдің тап ортасында, жағалай, көрпе үстінде, үлкен ақ 
жастықтарды шынтақтаған сал, серілер. Солардың ішіндегі ең көрнектісі және бар жиынға 
қадірлі, сүйіктісі – мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп отырған орта бойлы, қызғылт 
жүзді, кең ақ маңдайлы, нұрлы жігіт. Ол – Арқаға аты шыққан, бүкіл Орта жүзді асыл саз, 
әсем әнімен ұйытқан Біржан сал. 
Тобықты ішіне сонау алыс Көкшетаудан келген сирек сыйлы қонақ. Өзі ақын, өзі 
әнші, өзі сері. Үстінде қара мақпал, кең, жеңіл шапаны бар. Омырауы ағытылған, «сері 
жаға» ақ көйлектің сыртынан киген сарғылт түсті қытайы жібек камзолы бар. Оқалы 
тақиясының жібек шоғы ырғала түседі. Құйқылжыған әніне қалың жиын қыбыр етпей 
ұйып, мүлгіп отырғанда, кербез әнші өзі де, жүзіне жылтыр майда рең бітіп, нұрлана 
құбылады... 
Ерекше әсері бар күй менен аса ұнаған ән тыңдаған уақытта Абай сол сарын сөзбен 
қатар өзге бір дүниені жарыса ойлап кететін. Өмір, қиял суреттерін, уақиға тасқындарын, 
жаратылыс, құбылыс толқындарын көріп, соған шомып кетеді» [3, 25]. 
Мәтінді оқытпас бұрын әр жазушының өзіндік қолтаңбасы, стилі болатынын айта 
кеткен жөн. Қазақ тіліне тән стильдер түрлерін қайталатып, бұл роман үзіндісінің көркем 
әдеби стильге жататынын еске салу маңызды. Себебі оқу сауаттылығы жайлы тестте 
мәтіннің стилі туралы сұрақтар жиі кездеседі. Көркем әдеби стилі, оның ішінде роман 
жанры екенін айта келе, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің өзіндік стиліне тоқталып, оның 
күрделі сөз орамдарын қолданып, шығарма жазатынымен де оқушыны таныстыру аса 
маңызды. Үнемі оқығаннан кейін оқушы әр жазушының, ақынның өзіне тән стилін 
айнытпай таба алатын болады.
Мәтіннің баяндау мәтіні, сипаттау мәтіні және пайымдау мәтіні сынды түрлері 
болатыны белгілі. Баяндау мәтінінде нақты оқиғалар, іс-әрекет ретімен баяндалып берілсе, 
пайымдау мәтінінде белгілі бір ой жан-жақты таратылып, айтылып, түсіндіріледі. 
Пайымдау мәтінінде белгілі бір пікір дәлелдеуді қажет ететін болса, баяндау мәтінінде 
оқиғаның бас-аяғы ретімен баяндалады. Ал сипаттау мәтінінде белгілі бір оқиға, зат 
немесе құбылыс жан-жақты таратылып айтылады, ашылады, суреттеледі. Көбіне сын 
есімдер қолданылады.
Осы мәтін жайлы ең әуелі, оның мәтіннің қай түріне жататынынан бастап оқытып, 
үйреткен жөн. Оқушылар мәтіннің түрін анықтап алғаннан кейін ішкі мазмұнына мән 
береді. Ұзақ құрмалас сөйлемдерді жеңіл түсіне алу үшін жай сөйлемдерге бөліп оқуға 
болады.
Сипаттау мәтінінің мақсаты оқырманның көзіне тұтас суретті елестету 
болғандықтан, оның портреттік, пейзаждық тағы басқа түрлері көп. Бұл мәтінді оқу 
арқылы оқушылардың көз алдына Біржанның портреті келетіні анық. Дәл осы жерде 
оқушыға әдеби портрет жанрының не екенін түсіндіріп өту маңызды. Осы мәтінге 
қатысты мынадай тапсырмалар беруге болады: 
- Біржан салдың келбетін сипаттап жаз; 
- Мәтіндегі Біржан салдың бейнесін көз алдыңа елестетіп, суретін сал; 
- Біржан салды сипаттаған сөздерді теріп жаз; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет