«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет117/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

Тірек сөздер: поэзия, көркемдік қуат, бейнелілік, көркемдегіш құралдар, өлең. 
 
В статье анализируются тематические, идейные, жанровые, художественные 
поиски стихов Кокшетауского поэта, талантливого человека Алмаса Темирбая. 
Исследуется художественная сила его стихов, дифференцируется авторское 
использование. 
Ключевые слова: поэзия, художественная энергия, образность, изобразительные 
средства, поэзия. 
 
Тhe article analyzes the thematic, ideological, genre and artistic search of poems of 
Kokshetau poet, talented man Almas Temirbay. The artistic power of his poems is studied, and 
the author's use is differentiated. 
Key words: poetry, artistic energy, representation, means of representation, poetry. 
Поэзия – асыл өнер. Өлең формасындағы ақпараттың барлығын поэзия деу – үлкен 
қателік. Ақын өзінің ішкі әлемін, мөлдір сезімін, ойын, шабытын табиғат 
құбылыстарымен, қоршаған ортамен байланыстырып қағаз бетіне түсіреді. Ақын мен 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
109 
қоршаған ортаның арасындағы байланыс эмоциялық сезімталдыққа қатысты. Соған орай 
өлеңнің тілдік бояуы да қанық болуы керек. Белгілі әдебиет теоритегі, академик
З.Қабдолов: «… өлең – еркін сөйленетін жай сөздер тіркесі емес, ырғағы мен
ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейін белгілі қалыпқа түскен,
шумағы мен бунағына дейін белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі» деп 
тұжрымы жасайды және бір тұста «… поэзия дейтініміз – өлеңді шығармалар» – 
дейді [1, 254]. 
Өлең өміршең болуы үшін, әрі оқырманға әсер етуі үшін ақын ішкі сезімін көркем 
тілмен еш бүкпесіз жеткізуі шарт. Туындыны оқыған оқырман дүние мен адамның ішкі 
әлеміне автордың көзімен қарай алуы, жүрекпен түсіне алуы керек. Поэзияда ақынның 
еркін тілі, өзіндік үні, пайым-парасаты және сөзбен салған сурет бар.
Кез келген тақырыпты қозғаса да, өлеңде автордың өзіне тән характері, көңілі, 
сезімі, сол бір мезеттегі толқынысы байқалып тұруы қажет, сол арқылы ақынның өзіндік 
қолтаңбасы көрінеді. Өлеңге қойылатын талаптар да сол: идея, ой түйіні, мазмұны анық, 
өлең құрылысын бұзбай өру және ақынның тіл байлығы. Ойы орамды, тілі кестелі, һәм 
шұрайлы болса, өлең оқырманға ерекше әсер етпей қоймайды. Ой өлеңнің тереңдігі, 
ерекше бейнелілік, әуезділік арқылы биіктейді. Құнарлы сөз, сырлы сөз өлеңге өң береді, 
оқығанда әсерлі естіледі, туындының деңгейін өсіре түседі. Ал көркемдегіш құралдарсыз 
көркем өлең жазылмайды, бірақ асыра көп қолданған тағы да болмайды, ой табиғи 
қалпынан айырылып қалмауы тиіс. Өлеңде ақынның тілі жеңіл, ойы ауыр болғанмен, аз да 
болсын көркемдегіш құралдар пайдаланылатыны анық.
Қазақ поэзиясында көркем өлең дегенде ақындардың көбінесе туған жерге арнаған 
өлеңдері еске түседі. Ол жер шөл болсын, дала болсын, орман-тоғай болсын, сол жерге 
деген ақынның ұлы сезімі, махаббаты көркем өлеңнен байқалады. Мәселен, ақын Алмас 
Темірбайдың «Көкшетау» атты өлеңінен үзінді келтірсек:
Көкшетау! 
Өте пәк, өте кербез, өте керім,
Мекке мен Мәдинадай мекен едің.
Кеудемді Оқжетпес қып тіп-тік ұстап, 
Басымды Жұмбақтас қып көтеремін!
Маңдайын Бурабайдың мұнар басып,
Желкесін жөке-бұлттар тұрар қасып. 
Басына оқ жетпейтін Оқжетпестің
Өлеңім түн қойнынан шығар қашып.
Сүйсініп жақпар-жақпар жартасыңа, 
Сыйынар Будда келіп әр тасыңа.
Көкшетау – көк пен жердің кереметі, 
Түспеген дүние жүзі картасына. 
Көрмеген қысы-жазы түсің қашып, 
Көркіңе Ұрым – ынтық, Мысыр – ғашық. 
Жатаған тау болсаң да, өр Көкшетау, 
Жатырсың күллі таудың мысын басып [1]. 
Мысыр – ғашық, таудың мысын басу – кейіптеу. Ақын кейіптеуді ұтымды 
пайдаланған. Себебі Бурабайдағы әрбір тау, әрбір тас адам мен жан-жануардың бейнесіне 
ұқсап тұрады, соны дәлме-дәл көркем сөзбен жеткізу – ақынның шеберлігі. «Көңілдің 
кірі» – метафора, осы тіркес арқылы ақын Көкшенің суынан, ауасынан тек адамның тәні 
ғана рахаттанбай, іші де тазаратынын айтып тұр. «Көз жасымдай», «қауырсындай», 
«қорғасындай» – теңеулер. Адамның көз жасы мөлдір келеді, ақын Көкшетау көлінің 
тазалығын, тұнықтығын анық көрсету үшін оны көз жасына, осы жерден адам бойы қуат 
алып, өзін жеңіл сезіне алатындықтан қауырсынға, неше түрлі аңыз бен тарих еске түсіп, 
Көкшенің сырларына қызығып, тылсымына үңілген терең ойларды қорғасын ауырлығына 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет