«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет118/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
110 
теңеп тұр. Демек, ақынның осы өлеңін оқыған оқырман Көкшетау жерін көргісе келері, 
ауасын жұтқысы келері, тән мен жанның рахатына бөленгісі келері анық. Ал ол үшін 
ақынның көркем ойы, кестелі сөздері қызмет етіп тұр.
Ақынның барлық өлеңі сол сәтінде жазыла қоймайды. Абай атамыз айтқандай 
«Өлең деген тумайды жайшылықта». Ақын көптеген экспериментке барады, өлең шикі 
болса, қайтадан ой пісіреді, ізденеді, бір тақырыпта бірнеше өлең жазады, сәтті шыққанын 
таңдап жарыққа шығарады. Өлеңдері бір сарында болмай, ойы да, құрылысы да, 
көркемдік жағы да құбылып тұрса, оқырманға одан сайын қызық болары анық. Біреулер 
хайкумен қысқа қайырады, енді біреу ішкі ұйқаспен ерекшелейді, бірі 5-6 буынды қиын 
ұйқасқа барады,
Алмас Темірбайдың «Ақ қар жауып жатқанда...» өлеңінен үзінді келтірейік:
«Ақ қар жауып, 
Ақ қар жауып жатқанда... 
Ақбозат пен Көкбозат жусап жатқан шақтарда. 
Ақырғы өлең жазғандай мұңаямын мен неге, 
Ақ қайыңдар ауырып, ауыр ойға батқанда?!. 
Ақ сүйектің баласы болмағанға өкінбен, 
Ақсаңдаған жетімек қозыдай боп жетілгем. 
Ақ жусаны аңқыған Сары Арқаның жерінде, 
Ақ бораннан басқа ешкім қаққан емес бетімнен! 
Ақтоқтыдай арудың ақ білегін жастанып, 
Ақан сері бабамдай махаббатқа мастанып... 
Ақ сағымға айналды-ау тілсіз, мұңсыз түндерім, 
Ақ жастықтың шетіне тарам-тарам жас тамып. 
Ақ некемді бұза алмай, өзімді-өзім шектедім, 
Ақша төлеп бітірдім махаббаттың мектебін. 
Ақ қояндай зымырап арман қашты алдымнан, 
Ақсақ қасқыр секілді жете алмадым, жетпедім. 
Ақ дидарлы Дүния-ай, кімге мойын бұрмақсың? 
Ақ домбыра сияқты жырым саған тіл қатсын! 
Ақ сәлделі атамның әзіліндей қымбатсың, 
Ақ жаулықты әжемнің әжіміндей жұмбақсың...» [1, 192]
Өлеңнің атына заты сай, оқымай тұрып әр тармағының басындағы «ақ» сөзі көзіңе 
оттай басылады. Бұл да ақынның шеберлігі, өлеңге берген ерекше бояу, әсем әуез. Қазақ 
халқына ақ түс жақын екенін, өмір салтында көп нәрсе ақ түспен байланысты екенін 
білген ақын дыбысты ғана емес, тұтас сөзді ассонанс қып алып, өлеңнің пішінін жұп-
жұмыр қылып, мазмұнын да бұзып алмай, өлеңді сәтті өріп шыққан. Ал енді өлеңнің 
көркемдігіне тоқталайық.
«Ақырғы өлең жазғандай» – теңеу, ақынның өмір жолы аяқталар шақты сезуі, соған 
орай соңғы жыр жазуы, өмірге деген қимастығы – дүниедегі ең мұңды, ең ауыр шақ. 
Алмас ақын сол сәттегі көңіл-күйін осындай оймен жеткізіп тұр. «Қайыңдар ауырып» – 
кейіптеу, өзінің жағдайын қыстыгүні қатып тұрған қайыңдармен байланыстырады, өз 
тағдырын соған ұқсатады. «Ауыр ой» – метафора, ауыр сөзі тура мағынасында тек 
салмаққа қатысты болса, бұл жерде ойдың ауырлығы, іштей мазалаған мұң сөз болып тұр. 
«Қозыдай» – теңеу, қозы жетім болсын, әлсіз болсын, әйтеуір ит-құсқа жем болмаса 
болды, бір жетіледі. Ақын бұл жерде біреудің көмегінсіз, қайрат-жігердің арқасында 
ержеткенін меңзеп тұр. «Мұңсыз түн» – метафора, адам ер жете келе қалың ойға шомыла 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет