«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет123/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
115 
Оқушы бұл тапсырманы орындау арқылы өзінің танымдық қызығушылық 
қабілеттерін арттырады. «Жетісу суреттері» өлеңінде кездесетін тау атауларын «Қос 
жазба» әдісі арқылы дәптерге жазып жанына сипаттама жазды. Келесі үй тапсырмасы 
таудың орнына «Жетісу жәндігі» бөлімінен аң, құс, жәндік атауларын жазып, мағынасын 
ашу тапсырылады. Осындай тапсырмалар арқылы өлеңде кездесетін табиғат құбылыстары 
анықталады. 
Келесі, «Тау суреті» бөліміндегі тауларды таныту және оқушылардың табиғатқа 
деген қызығушылығын, танымын арттыру мақсатында өлең жолдарын оқытып, тапсырма 
ұсынуға болады. Нақтыласақ, оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруға «Дербес 
пікір» тәсілі арқылы тапсырма орындау ұсынылады. Өлең туралы пікірін жазғызу. 
1.Өзіндік пікір(идея): бір сөйлем. 
2.Дәлел: екі сөйлем. 
3.Өз пікірін айғақтайтын мысал:екі сөйлем 
4.Өз пікіріне қарсы пікір: бір сөйлем. 
5.Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал: екі сөйлем. 
6.Қорытынды: екі сөйлем.
Бұл тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан біршама нәтиже байқалды. 
Әр оқушы өздері ұнатқан жер су атауларының мағыналарын қара сөзбен жазып
әрқайсысына сипаттама беріп, ізденіп қызығушылықпен жұмыс жасады. Жетісу өңірінде 
осындай ғажайып жерлер бар екеніне көздерін жеткізді. Мысалы: 
1.Өзіндік пікір (идея): Бұл өлеңде Жетісу жерінің табиғаты көркем суреттеледі. 
2. Дәлел: 1.Өлеңде жер, су атаулары сипатталған, Жетісу жеріндегі өсімдіктер
жәндіктер туралы айтылған. 
3.Өз пікірін айғақтайтын мысал:
Аттанған алты өзені Жетісудің 
Балқашқа бауырымдап еңкілдейді. 
Ағашта өзің білген қарағай, тал, 
Жалғыз-ақ неше алуан түрлісі бар. 
4.Өз пікіріне қарсы пікір: Жетісу өлкесінде шұрайлы жерлер жоқ. 
5.Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал:
Жер таппан жерде жетер Жетісуым: 
Күркілдек,Көксу,Лепсі,Іле,Шуым, 
Асқардың аспан сүйген сілекейін, 
Жан бар ма татпайтұғын, айтпайтұғын. 
6.Қорытынды: Ілияс ақынның «Жетісу суреттері» өлеңін оқып, талдай отырып 
Жетісу өлкесі туралы өзіме көп мағлұмат алдым. 
Міне, осылай әр оқушы осы тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің сөздік 
қорларын дамытып, Жетісу аймағы туралы көп мағлұмат алды. Бір-бірін тыңдай отырып 
жазғандарын жарыса оқыды. Бұл тапсырманы орындағанда оқушылар білім алумен бірге, 
танымдық қызығушылығын арттырды. 
Осындай әдіс-тәсілдер арқылы оқушының есте сақтау қабілетін дамытып, поэзияны 
ақынша сүюге тәрбиелейміз. Елін, жерін құрметтеу арқылы оқушының бойына 
патриоттық сезім қалыптастырамыз. Кітап оқуға деген құштарлығын оятамыз. Тақырыпты 
қызығып оқыған оқушының оқу сапасы да көтеріледі және оң нәтиже көрсетеді. 
Ілияс Жансүгіровтың қазақ поэзиясын өркендетуге қосқан тағы бір саласы – 
пейзаждық лирика. Табиғатқа арнаған «Жетісу суреттері» өлеңінің қай бөлімін оқысаңыз 
да сөзбен сурет салуға шеберлігі айқын көрінеді. Көркем туындыны оқытудың ең 
бастысы, сол көркем туынды туралы оқушының пікіріне, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. 
Басқа пәндерге қарағанда, әдебиет пәнінде әртүрлі психологиялық рең: сезім, шабыттану, 
эмоция, әсер, еліктеу, қиялдау, армандау ерекше көрінеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет