«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет124/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
116 
«Жетісу суреттері» – ақынның туған жер тақырыбындағы ірі туындысы. Ақын өзі
туып-өскен Жетісу жерін үлкен шеберлікпен, бейнелі сөздермен түгелдей, тұтас көз алдыңа 
елестетеді. Бұл өлкені көрмеген адамға да көп мағлұмат береді. 
Мектеп оқушыларын туған жер сырларына терең үңілуге, ыстық сезіммен сүйе білуге 
үйретіп қана қоймай, олардың бойында эстетикалық танымдық қызығушылығын арттыруға да 
жол ашады. Ақын поэзиясын оқыту арқылы, Отанды сүю сезімі әуелі өз отбасыңнан бастау 
алатыны белгілі. Өз үйіңді, ауылыңды, еліңді, жалпы адам баласын сүю осылайша кеңейе 
береді. Ілияс өлеңдерін оқысаң, туған даланың самалы еседі, кескін-келбетін көресің. Міне, 
осы жайттардың бәрін оқушы жүрегіне сіңіре білгенде ғана, оқушылардың бойында 
толыққанды эстетикалық танымдық қызығушылығын арттырамыз. Оқушы сезімін ояту ақын 
поэзиясын оқыту арқылы оқушылардың эстетикалық танымын арттыру- әдебиет пәні 
мұғалімінің құзырында. Әдебиет зерттеуші ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым 
Жұмалиев «Көркем шығарма– әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту- оқушының 
сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын
жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру»,- деген болатын.
Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиеті тарихында алатын орны үлкен. Ол өзінің 
шығармаларымен әдебиетіміздегі көркемдік тәсілді қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Заман 
шындығын, оның өткен шырғалаңын нақты суреттей білген реалист қаламгер. Сөз зергерінің 
айшықты туындылары қазақтың көркем сөз мәдениетін дамытты, әдеби тілді байытты [6, 3]. 
Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің поэзиясына көп үлес қосқан дара тұлға. 
Ендеше, ақын поэзиясын оқыту арқылы, ұстаздар қауымы оқушылардың бойында 
эстетикалық танымдық қызығушылығын арттыруда аянбай еңбек ете беретіндеріне кәміл сене 
отырып, ХХІ ғасыр ұрпақтарын өткенімізді ұмытпай, асыл мұраларымызды бағалай білуге 
үндеймін. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Сүлейменова З. Педогогика. Оқу құралы – Алматы: Техно-Эрудит, 2020 ж.-228 б. 
2. Боранқұлов Е. Жеке тұлғаны тәрбиелеу және эстетикалық мәдениет: Оқу құралы. 
Алматы: ЖШС Лантар Трейд, 2020 ж.-130 б.
3. Жансүгіров І. Шығармалар жинағы 1-том – Алматы: «Қазығұрт»,2004 ж. – 207 б. 
4. Ахметов З. Поэзия шыңы –даналық. – Астана:фолиант, 2002ж.-408 б. 
5. Сыдыков Т. Жетісу дүлдүлдерінің дүбірі. – Алматы: «Арда», 2009 ж. 
6. Иманғазинов М. Ілияс Жансүгіров.– Талдықорған: Жетісу университеті, 2014 ж.-
115б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет