«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет121/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

 
 
372.8:82(574) 
 
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТЫҢ ПОЭЗИЯСЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Кабдолова Г.Н.
,
 
1 курс магистранты 
Ғылыми жетекші: Кыяхметова Шара Асетовна, ф.ғ.к.,
қауымдастырылған профессор (доцент) 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ. 
E-mail:
 gkn-79@mail.ru 
 
Бұл мақалада Ілияс Жансүгіров поэзиясын оқытудағы оқушыларға эстетикалық 
тәрбие қалыптастыру, танымдық қызығушылығын арттыру жолдары қарастырылды. 
 
Тірек сөздер: Ілияс және әсемдік, сөз құдіреті, табиғат лирикасы, жаңа әдіс-
тәсілдер. 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
113 
В данной статье рассмотрены пути повышения познавательного интереса, 
формирования эстетического воспитания учащихся в обучении поэзии Ильяса 
Жансугурова. 
Ключевые слова: Ильяс и красота, сила слов, природа и лирика, новые методы. 
 
The article is considered the role of I.Zhansugurov to develop students’ aesthetic 
experience in poetry teaching. The beauty of Ilyas poetry is revealed.
Key words: Iliyasand beauty, the power of words, the lyrics and nature, new methods 
Тұлғаның дүниетанымы, сондай-ақ, дүниетанымдық білімдер мен сенімдер, 
дүниетанымдық көзқарастың кеңеюі мен тереңдеуі қажеттігінен тұрады. Қажеттілік 
дүниетаным сапасы ретінде: жеке тұлғаның дүниетанымы тек заттық-мазмұндық 
категория емес, ол сондай-ақ, психологиялық категория, соның ішінде эмоционалды-
жігерлік категория. Білім мен білікке негізделген қажеттілік пен сенімділік дүниетаным 
табиғатына сай, яғни тиісті, жетілген, сонымен қатар, шынайы мүмкін және қол жетерлік 
туралы түсінік болатын жалпы әлеуметтік, адамгершілік және эстетикалық арман 
мұраттардың қалыптасуын қамтамасыз етеді [1, 141]. Оқушы бойына дүниетаным 
қалыптасуына барлық пәннің әсері бар. Соның ішінде қазақ әдебиеті пәнін ерекше атауға 
болады. Ақындардың шығармаларын, өлеңдерін оқи отырып қоршаған ортамен танысады. 
Дүниетанымы кеңейеді. Поэзиядағы жанды табиғат сұлулық әлеміне әкеледі. 
Осы орайда белгілі педогог Е.Боранқұлов «Жеке тұлғаны тәрбиелеу және 
эстетикалық мәдениет» атты еңбегінде: «Эстетикалық тәрбиенің міндеттерінің бірі – 
эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі 
әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, 
оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай 
қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіну үшін, оған түсіну үшін ең алдымен 
бейнелеу өнері, музыка, әдебиет және ән саласынан әрбір адамда білім болу қажет» [2, 
40]. Білімді адам айналадағы сұлулықты көріп, танып, біліп, бағалай біледі. 
Оқушылардың бойында эстетикалық мұратты, олардың дүниетанымын 
қалыптастыру қиын да ұзақ үрдіс болып табылады [2, 16]. Кейбір оқушылардың 
дүниетанымының өзгеруіне өздерінің оқыған шығармаларының кейіпкерлері әсер етіп 
жатады. Оқушы оқыған шығармасы бойынша ойын жеткізіп, талдап жатса ол оның таным 
нәтижесінің жетістігі болып табылады. Ол үшін мұғалім оқушыға тақырыпты ашатындай, 
оқушыны қызықтыратындай белсенді тапсырмалар беруі қажет. 
Қазақ әдебиетінің құнарлы саласының бірі – поэзия болса, Ілияс Жансүгіров сол 
құнарлы салаға бар күш-қуатын сарқа жұмсаған алпауыт ақынның бірі деп білеміз. Ғабит 
Мүсіреповше толғасақ, «Ілияс, Бейімбет, Сәкен үшеуі енді толысып келе жатқан кезінде, 
43 жасында кетті ғой өмірден. Қырық пен елудің арасы жазушылардың толығатын кезі, 
белгілі бір прозашы не ақын болып танылатын кезі. Оған олардың бірде-бірі жеткен жоқ. 
Бұл үшеуінің ішінде проза саласында өзін-өзі толығырақ көрсете алатын Бейімбет, 
поэзияда Ілияс деп білемін,» - дегенін әрқашан жадымызда ұстағанымыз абзал, әйтпесе 
«Жоғалған пышақтың сабы алтын еді» деп әр жанр, әр салада тамсана сөйлеп, теңеу таба 
алмай қалуымыз оп-оңай [3, 25]. Ілияс поэзиясы бастан-аяқ қазақтың халық әдебиеті мен 
халық тілінен нәр алып дамығаны шығармаларынан айқын көрініс тауып отырғаны сіз бен 
бізге мәлім. 
Ілияс шығармашылығын насихаттауда көп еңбек сіңірген Мұхаметжан Қаратаев 
«Ілияс Жансүгіровтың қазақ әдебиетінде алатын орны үлкен, өзгеше. Поэзияда өзіндік үні 
бар, беті бар, айрықша қуаты бар» десе, Қажым Жұмалиев «Қазақ өлең құрлысын бұрын 
болмаған жаңа ұйқастармен байытуы, поэзиямызда өрістей алмай келген психологиялық 
суреттеу әдісінің өнегесін көрсетеді, халықтың тіл қазынасын толық меңгеріп, керегін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет