«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет148/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
139 
оқырмандар өздерін жаңа қырларынан танып, өздерін қайта тәрбиелеу мүмкіндігіне ие 
болады. Бір ғана әдебиет пәнінің ішінен бейнелеу өнерін, дүниетануды, география пәнін, 
тарих пәнін т.б. танып-білуге болады. Әдебиет-ақыл-ойдың, салт-сананың дәрісі. Мектеп 
оқушысы әдебиет пәнін оқи отырып, өмірдің сан қырлы қатпарларынан, қиындықтар мен 
өткелдерінен ойша өтіп, өмір қиындықтарына дайындала береді. Сол сияқты бақытты 
сәттерді де кейіпкерлермен бірге басынан өткеру мүмкіндігіне ие болады. Ал мектеп 
мұғалімі оқушыларға әдеби талдау арқылы әр түрлі реңдегі эмоциясына, сезіміне әсер 
етеді, ойларына ой, пікірлеріне пікір қосып, жан дүниесін оятады. Әдебиетті оқуда, 
шығарманы түсініп-түйсінуде әсіресе, мәнерлеп оқу ерекше орын алады. Мәнерлеп оқу, 
ең алдымен, оқушылардың көркем туындыны барлық бітім-болмысымен толық түсіне 
білуге алып келеді. Ал көркем туындыны түсіне білу, әдеби талдауды жеңілдетеді [3]. 
Ертегі – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте 
заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. 
Ертегі жас ұрпақты тәрбиелеумен қатар, олардың бойына ана тілінде ойлау және 
мәдениетті сөйлеуіне, сауатты жазу дағдыларына барынша мол әсерін тигізеді. Ертегілер 
біз дүниеге келген бойда біздің өмірімізге енеді. Олар біздің құлағымызда, жадымызда 
ананың нәзік дауысымен, мейірімділігімен және әжесінің шексіз қамқорлығымен есте 
қалады. Ертегілер - біздің қымбат қазынамыз. Олар бізді, қазақ халқын біріктіреді, 
сонымен бірге әлемнің басқа бөліктерінен ажыратады. Әлем халықтарының ертегілерінің 
өзіндік тілі, дауысы, өзіндік ерекшеліктері мен белгілері бар. 
Әлемдік мұрада ертегі мәдениеті өте айқын және жарқын құбылыс. Көптеген 
ғасырлар бойы ертегілер адам бойындағы ең биік, қызықты және әдемі естеліктерді жиып, 
халық жанының айнасына айналды. 
Әлемдік мұрада ертегі мәдениеті өте айқын және жарқын құбылыс. Көптеген 
ғасырлар бойы ертегілер адам бойындағы ең биік, қызықты және әдемі болып, халық 
жанының айнасына айналды. 
Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен 
нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан. Ертегілер жанрлық әрі 
сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді: 
1) жануарлар туралы ертегілер; 
2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер; 
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер; 
Ертегілердің өзіндік құрлысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні алсақ 
та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі 
болады. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, 
зұлымдық жеңіліс табумен аяқталады. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекеттер 
өткір сықақ- мысалмен бірігіп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Мысалы: Тазша 
бала туралы ертегілердегі әке-шешесі жоқ басы таз Тазша атанған баланың 
тапқырлықтары ханның ақылынан да асып кетеді «Қырық өтірік» ертегісіндегі шындыққа 
келмейтін қиял ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы тазша бала ханның 
байлығына ие болып, қызын алады. Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің 
жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. 
Белгілі заманауи философ және жазушы Кларисса Эстес ертегілер туралы: 
"ертегілерді оқып, оларды ойлаңыз, олар сізге табиғи бостандыққа жол табуға, өзін-өзі 
сүюге, жануарларға, жерге, балаларға деген махаббатыңызды ашуға көмектеседі..." 
Әдебиет сабақтарында ертегіні түсіну үшін біз оның кейіпкерлеріне сипаттама береміз 
және сол сұрақтарға жиі жауап беруге тырысамыз ("Ертегі не үйретеді?", "Қандай сабақ 
береді?”). Осы сұрақтарға жауап беру арқылы ертегіден көбірек ақпарат алуға болады. 
Әдеби талдау барысында мұғалім үнемі мәнерлеп оқуға аса назар аударғаны жөн 
болады. Кейіпкерлерге мінездеме бергенде, жазушы стилі, көркем тіл айналасында сөз 
болғанда, оны мәнерлеп оқусыз жүзеге асыру қиындық туғызады. Мектеп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет