«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет147/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

 
 
 


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
138 
ӘОЖ 82-1/-9 
 
ЕРТЕГІЛЕРДІҢ ОҚУШЫЛAРДЫҢ ОЙ-ӨРІСІНЕ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛІК 
МӘНІ 
 
Қыдырхaновa A.
,
 
1-курс мaгистрaнты
 
І.Жaнсүгіров aтындaғы Жетісу университеті, Тaлдықорғaн қ. 
E-mail: 
almira.kydyrkhanova@mail.ru
 
Мaқaлaдa қaзaқ әдебиетіндегі ертегілердің aлaтын орны және оны оқытудaғы 
негізгі мәселелер мен оны шешудің жолдары қaрaстырылды. 
Тірек сөздер: фольклор, ауыз әдебиеті, ертегілер, сюжет, композиция. 
 
В статье рассмотрено место сказок в казахской литературе, основные проблемы 
и пути их решения в преподавании. 
Ключевые словa: фольклор, устная литература, сказки, сюжет, композиция. 
 
The article examines the place of fairy tales in Kazakh literature, the main problems and 
ways to solve them in teaching. 
Key words: folklore, oral literature, fairy tales, plot, composition. 
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша 
шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ 
халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым 
мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз 
өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын 
Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі 
де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-
қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес [1]. Мысалы, 
“халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап 
атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің 
барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та 
шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп 
аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс 
Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым 
ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-
сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) 
тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, 
“этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “Фольклор” 
атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық 
шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз 
әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас [2]. Бұлар бірін-бірі толық 
алмастыра береді. Ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да 
осыған байланысты.
Қазақ әдебиетін оқып-үйрену арқылы біз ұлтымыздың салт-дәстүрін, наным-
танымын, психологиялық даму деңгейін танып білуге болады. Мектепте оқытылатын әр 
пәннің өз орны, өз маңызы бар. Ал қазақ әдебиеті пәні барлық пәндердің анасы деп 
айтатын болсақ, артық айтпаған болар едік. Өйткені, әдебиет арқылы біз әр түрлі 
тағдырларды оқып қана қоймай, оларды өз ой елегімізден өткізіп, жан-дүниемізбен 
берілеміз. Шығарма қаһармандарына жанашырлық, сүйіспеншілік сезімдерімен бірге 
жиіркеніш, наразылық сезімдерін де оята алады. Сонда көркем әдебиетті оқи отырып, әр 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет