«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 23
Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығы ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ
әдебиетінің даму тарихындағы биік белес болып қала бермек. Ол шын мәніндегі нағыз
революциялық – демократтық поэзияның қазақ әдебиетінің негізін қалап, қазақ өлеңіне
азаттыққа ұмтылған азаматтық жыр үлгісін алып келді.
Қорыта айтқанда, отарлық саясаттың қылшынан қан тамып, ұлттық езгі қатаң
монархиялық режимнің қыспағында тұрған мезгіл аралығында Әлихан Бөкейханов,
Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Барлыбек Сыртанов, Мұхамеджан Сералин және
т.б. саясаткер ақындар ірі қоғамдық-саяси және құқықтық ой-пікірдің көрнекті өкілі
ретінде Ресей мемлекетінің экспанциялық саясатын, әкімшілік басқару жүйесін және
теңсіздікті қатаң сынға алып, халық арасына құлдық жағдайға қарсылық білдірудің
ұрығын септі. Ол өзінің нәтижесін берді. Санасы оянғандар азаттық идеяларына
тартылып, жаңа өмірдің бастауының қарлығаштары болды.
Ахмет Байтұрсынұлы - Қазақстанның ХХ ғасыр басындағы даму кезеңінде
қоғамдық-саяси және құқықтық ой-пікірге ерекше, молынан үлес қосып, артында өшпес із
қалдырған, шығармашылық еңбектің қай саласында болмасын мол мұра қалдырып,
қоғамдық өмірдегі, ұлттық тарихымыздағы өз орнын айқындап кеткен тұғырлы тұлға.
Оның ар-ождан, моральдық қасиеттерін санаға сіңіріп, жеке адамды қалыптастыру
арқылы мемлекетті нығайту, өркениетті деңгейге көтеру идеяларының мазмұны мен
мағынасы өзінің мәнін бүгін де жойған емес. Ахмет Байтұрсынов рухани байлық:
мәдениет, ар-ождан, тақуалық хақында көтерген мәселелері өз-өзінен ауадай
қажеттілігімізге айналып отырғаны ақиқат. Ғұлама қайраткердің қоғамдық саяси-
құқықтық ой-пікірлеріне сай тәуелсіз мемлекетіміздің моральдық негізін нығайту,
шаңырағын шайқалтпай, іс жүзіне асыру – бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейкесті
мәселе.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Базарбаев М.Көрікті ойдан – көркем сөз. – Алматы, 1994.
2. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығ. жинағы. – Алматы, Т.3. 2005.-352 б.
3. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы , 2012 ж.
4. Ісмақова А. Ахмет Байтұрсынұлы – қоғам қайраткері, ақын, қазақ тіл білімі мен
әдебиеттануының реформаторы // Ахмет Байтұрсынұлы. Бес томдық шығармалар жинағы.
I-том. А., 2013.
5. Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы.Т.4: бағыттағы еңбектері мен оқу
құралдары /Дулатұлы, М..-Алматы: Мектеп, 2013.-342 б.