«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция материалдары 238
онжылдықта жарық көрген Б.Тілегеновтың «Тұйық өмірдің құпиясы», Ә.Нұршайықовтың
«Өткелдер», Р.Тоқтаровтың «Бітеу жара», Қ.Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние»,
М.Мағауиннің «Мен» романын айтуға болады»,– деп жазылған [3, 193]. Осы тізімнің
қатарына жоғарыда аталған Халифа Алтайдың туындысын да жатқызуға болады.
Сонымен бірге бірін-бірі толықтырып тұрған бұл екі кітап Түркияға ауған қазақтардың
тағдырының тарихи шешіресі әрі ғұмырбаяндық роман жазудың өзіндік өнегесін
көрсететін қазақ әдебиетіне қосылған сүбелі дүниелер деп қарау парыз.
Тибет арқылы Индияға, одан Пакистан арқылы Түркияға кетуге мәжбүр болған
қазақтарды көзімен көрген Британ парламентарийі былай деп жазады: «...Орта Азияны
коммунистік идеяның жайлауымен ымыраға келмеген қазақтардың ерлік пен қасіретке
толы тағдырлары осындай болды. Ресей орнықтырған тирания мен Қытайдың жаңа
тираниясы қазіргі кезде бұл құрлықтың халқын азапқа салды. Осы тираниядан
қазақтардың қашуы – ерлік және бұл туралы Еуропа мен Азияның ерікті әлемі білуге
тиіс», – дейді [4, 81]. Жоғарыда аталған Х.Алтай мен Х.Оралтайдың деректі кітаптарын
оқысаңыз, кезінде қай жерде өмір сүрмесін, қандай ұлттың өкілі болмасын көзі ашық,
көкірегі ояу оқығандар мен алашшыл азаматтар сезінген бізге беймәлім дүниенің қаз-
қалпында жасалған картинасы көз алдыңызға келеді.
Қазақ әдебиетіне «шекара» тақырыбын тұңғыш әкелген Қ. Жұмаділовтің 2006
жылы 20 сәуірде «Алматы ақшамы» газетіне берген сұхбатында «Мен Қазақстанға
уылдырық шашу үшін келдім» деген сөзді тегін айтып отырмағанын осыдан да көруге
болады.
«Соңғы көштің» тақырыбы 1962 жылы 10 сәуірден 1 мамырға дейін айналасы 20
күн ішінде Тарбағатай шекарасынан Қазақстанға өткен 200 мың адамның қалың көші
сияқты болып көрінеді. Негізінде мүлде бұлай емес. Бұл кітап – ХХ ғасырдың ортасына
дейін тек Қытайда ғана сақталған көшпенділер тұрмысының соңғы шежіресі іспетті.
Сондай-ақ Тарбағатай аймағын мекен еткен қазақтардың ұлт-азаттық күресі, Оспан батыр
бастаған көтеріліске қатысқан халық қаһармандарының азапты тағдыры, Шығыс
Түркістан республикасының күйреуі, ХХ ғасырдың бас кезіндегі Алаш зиялыларының
шекара сыртындағы қазақтарға тигізген рухани әсері, қазақ өмірінде «ақ қашқан» жылы
деген атпен қалған кезең көрінісі, жергілікті халықтың жерімен жүрген генерал Бакшь,
Анненков, Дутов армиясының соңғы тынысы, Қазақстандағы ашаршылық зардаптарынан
босқан елдің Шыңжандағы тағдыры, ондағы «мәдениет төңкерісі» басталар алдындағы
оқтын-оқтын халық басына төнген саяси науқан жылдарынан кейін бүкіл Құлыстайды
кезген «көш» дүбірі, мұның ақыры болашақ ұрпақ қамын ойлаған алашшыл азаматтардың
бастауымен, отандастарымыздың ата жұртқа келіп қосылуымен роман концепциясы
түйінделеді.
Профессор Т.Тебегеновтің: «Әдеби процесс – рухани құндылықтар тарихы... Әдеби
шығарма – өткен мен бүгінді, болашақты тұтастай елестететін өзекті мәселелерді
қамтитын көркемдік-эстетикалық тағылымы мол халық дүниетанымының айнасы»
дегеніндей, ол – «Халықты ащы да, қасіретті тарихпен де тәрбиелеу керек» [5, 11]. Бұл
қисынға Қ. Жұмаділов шығармалары толық жауап бере алады.
Қ.Жұмаділов романындағы тарихи шындықты қарағанда суреткердің «Соңғы көш»
дилогиясы мен «Тағдыр», «Прометей алауы», «Таңғажайып дүние» атты романдарындағы
ортақ байланысты айрықша атап айту керек. Мұның біріншісі – оқиғалардың өткен орны
мен мекен-тұрағының бір жер болуы. Аталған романдарда Қанағат би, Күдері, Ысмайыл
т.б. сияқты кейіпкерлер еш өзгеріссіз алынады. Мысалы, «Соңғы көште» басты кейіпкер
Естайдың әкесі Қанағат би елдің мұңын мұндап, жоғын жоқтайтын ел ағасы ретінде
суреттелсе, «Тағдыр» романында Қанағат бидің әкесі Күдері мен атасы Ысмайылдың
кесек тұлғалары сомдалады. «Прометей алауы» романында ХІХ ғасырдағы екі өлкеге де
шарапаты тиген дін қайраткерлерінің тарихи орны көркем айналымға түскенімен, бізге
жақсы таныс төртуыл жуандары Ысмайыл, Күдері мен Керімбайлар мұнда да бой
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции