«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет257/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
237 
сыртындағы қазақтар тағдырын тұңғыш қозғайтын роман алғаш шыққанда қазақ сынынан 
тысқары қалуының өзіндік себептері бар. Тіпті күнібүгінге дейін жекелеген ғылыми 
мақалалар болмаса, қазақ әдебиетіндегі сүбелі шығармалардың біріне айналған «Соңғы 
көш» туралы арнайы зертеу жұмысы әлі де жазылған емес. Оның басты себебі – 
тәуелсіздікке дейін отаршылдықтың сұрқия саясаты мен зұлымдықтарынан туындаған 
көшпенділер қоғамының ұлттық мінезі бен қанына сіңген машығына тигізген зардаптары 
мен өзгерістерін айтуға тиым салынғандығынан еді.
Тоталитарлық режим жүйесі романдағы бас кейіпкер Естайға (прототипі – 
жазушының өзі) ғана өз зардабын тигізіп қоймайды, кітаптың жарыққа шығуына да 
орасан зор бөгет жасайды.
 
Шыңжандағы ұлт-азаттық көтеріліс, оның көсемдері мен батырлары соның ішінде 
Оспан батыр туралы сол тұстағы құпия дерек қазақ оқырмандарына тұңғыш рет 
Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш» дилогиясы арқылы жеткен еді. Ол өзі суреттеп отырған 
уақыт тынысын саналы түрде терең реалистік сипатпен бере білді. Өткен тарихты саралай 
отырып, қоғамның ең басты тарихи оқиғасын таңдап ала білді және оны бүгінгі күнге 
дейін жалғастыра отырып, тарих пен көркемдіктің біртұтас әлемін жасады.
Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш», «Тағдыр», «Дарабоз» романдары тақырып 
сонылығымен, заман шындығын көркем айшықтаумен дара тұр. Сондай-ақ оның 
шығармалары «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» желеуден ада болуы қазақ халқының 
мәдени руханиятын емін-еркін көрсетуге жол ашты. 
«Соңғы көш» деген сөздің қат-қабат мағынасы бар. Ең алдымен бұған «көштің 
соңы» немесе бір отбасының ғана көші деп қарамау керек. Жазушы бұрын ешкім 
қозғамаған бұл сөзді өз өміріне тікелей қатысты болғандықтан да алған сыңайлы. Автор 
сөзімен айтсақ: «Оны тек 1962 жылғы көш деп ұғынбау керек. Мыңдаған жылға созылған 
қазақтың көшпелі өмірі ХХ ғасырдың ортасына дейін Шыңжаңда ғана сақталғаны 
жұртшылыққа белгілі. Бір сөзбен айтқанда, сол көшпенділердің соңын, өзім куәсі болған, 
сарқытын ішкен өмірдің ең соңғы суреттерін қағазға айнытпай түсіруім қажет болды. 
Біртіндеп тарих сахнасынан кетіп бара жатқан, енді ешуақытта қайталанбайтын, тұтас бір 
дәуір, неше алуан характерлер тұрды көз алдымда. Көшпенділердің ең соңғы байы, ең 
соңғы биі, ең соңғы батыры, ең соңғы ару қыздары... Көркем әдебиеттің басты бір мақсаты 
– уақытты «кідірту», өмір көріністерін қағаз бетіне мәңгі қалдыру ғой. Біз «Соңғы көште» 
хал-қадарымызша осы мақсатты орындауға күш салдық», – дейді [2, 478]. Бұдан шығатын 
қорытынды жазушы «көш» деген сөзге бүкіл елдің менталитетін сиғызса, «соңғы» деген 
сөзге «көшпенділердің соңғы тұяғы» деген мағынаны сиғызып, 1960 жылдарға дейін 
Қытайда ғана сақталған көшпенділер өмірінен сыр шертетін роман-эпопея тудырғанын 
көреміз. Роман-дилогия соңында жазушы от тиген қамыстай, елдің дүрк көтерілуіне 
себепші болған бүкіл Құлыстайды кезген ұлы дүбір «көш», «көшу» деген сөздің 
құдіретіне бас иіп, «Ұлы көш» басталды деген сөзді жүйрік аттың желмен жарысқанына 
теңейді. Осылайша қазаққа бұрыннан етене таныс жылқы мен көш ұғымы тарихи 
поэтикалық сыр-сипатқа ие болған. Осындай шағармалары арқылы өзінен кейінгі қазақ 
прозасының көркемдік әлеміне, сондай-ақ Шыңжандағы қазақ әдебиетіне де үлкен әсер 
етіп, өзіндік мектеп, жаңа дәстүр қалыптастырды.
Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш» сөзіне берген қат-қабат мағынасының астарында 
қилы-қилы өмір жатқаны анық. 
Белгілі ғалым Р.Нұрғали құрастырған «Қазақтың 100 романы» атты кітабында: 
«Шетелдегі қазақ диаспорасының көрнекті өкілдерінің бірі, қоғам қайраткері, журналист, 
қаламгер Хасан Оралтайдың «Елім-айлап өткен өмір» шығармасын жанр жағынан 
алғанда, өмірбаяндық роман деуге болады. 1999 жылы Стамбул қаласында жарық көрген 
сегіз жүз бетке жуық туынды С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С.Мұқановтың 
«Өмір мектебі» романдары сияқты автордың басынан кешкен өмір жолынан мол 
мағлұматар береді. Мұндай романдар қазіргі әдебиетімізде де бар. Мысалы соңғы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет