«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет256/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

 
 


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
236 
ӘОЖ 82-131 
 
Қ.ЖҰМАДІЛОВТІҢ «СОҢҒЫ КӨШ» РОМАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ 
 
Султаниязов
а
 И.С.
, PhD
Боранбаев Д.С.
, магистрант 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ. 
E-mail: 
su.indira@mail.ru
  
 
Мақалада Қ.Жұмаділов романындағы тарихи оқиғалардың берілуі талданылады. 
Тарихилық, тарихи шындық сөздерінің анықтамасы беріледі. Қазақ тарихының Қабдеш 
Жұмаділовтің “Соңғы көш” романында суреттелу шынайылығы қaрacтырылaды. 
Кілт сөздер: Қ.Жұмаділов, тарихи романдар, қазақ тарихы, ұлт тарихы. 
 
В статье анализируется передача исторических событий романа К.Жумадилова. 
Даются определения исторических слов, исторической действительности. Рассмотрена 
достоверность описания казахской истории в романе Кабдеша Жумадилова «Соңғы 
көш». 
Ключевые слова: К.Жумадилов, исторические романы, казахская история
национальная история. 
 
The article analyzes the transmission of historical events in K.Zhumadilov's novel. The 
definition of the words historicity and historical truth is given. The realism of the description of 
Kazakh history in Kabdesh Zhumadilov's novel “The Last Street” is considered. 
Key words: K.Zhumadilov, historical novels, Kazakh history, national history. 
Әдебиеттану ғылымында тарихи роман жанрына тән сипаттың бірі оның 
тарихилығы болып табылады. Ал тарихи романның поэтикалық ерекшелігінің өзі осы 
тарихилық пен деректіліктің көркемдік тұтастығынан келіп шығады.
«Тарихи шындық – өмір шындығының тарихи тақырыпқа арналған шығармадағы 
көркемдік көрінісі. Тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстар, болған 
уақиғалар, өмір сүрген тұлғалар арқау болады. Тарихтың, халық өмірінің шынайы 
болмысын елестету арқылы өткеннің сипаты танылады. Алайда, әдеби шығармадағы 
тарихи шындық – көркемдік бейнелеу тәсілімен берілетін өмір шындығы, яғни көркемдік 
шындық» [1, 195]. Мұнда өмір шындығы мен тарихи тұлғалар көбінесе көркем қиялға 
бағынады, яғни ойдан шығарылған оқиғалар мен қиялдан туған кейіпкерлер қатар жүреді. 
Бірақ қалай болғанда да тарихи шындық бұрмаланбай, нанымды шығуға тиіс. 
Ал «тарихилық дегеніміз белгілі бір заманның нақты тарихи жағдайларын
қайталанбас келбеті мен өзіндік қасиеттерін, мән-мағынасын, болмысын, ұлттық-тарихи 
және өмір шындығын, идеялық-танымдық тереңдігін көркемдік тұрғыдан жырлап, 
тарихтың көркемдік философиясын шеберлікпен жеткізу» [1, 195]. Бұдан шығатын 
қорытынды тарихи жанрдың негізгі көркемдік тәсілдері болып табылатын «тарихи 
шындық» пен «тарихилықтың» көркем шығармадағы қызметі ортақ. Десе де тарихилық 
өткенді (ретногоз), бүгінгіні (презентогноз), болашақты (прогноз) жалғастыратын жазушы 
танымының дәнекері ретінде көркем әдебиет дамуының дәстүрлі жолын шынайы 
шындықпен, нақты дерекпен көрсетуге негізделеді.
«Қаздар қайтып барады» әңгімесі мен «Соңғы көш» дилогиясы арқылы 
Қ.Жұмаділов – қазақ әдебиетіне соны тақырыппен, тың толғаныспен енген жазушы. 
Шетелдегі қазақтардың тағдыр талайы туралы білу – әлі де зәру мәселелердің бірі. Бұл 
түгіл жалпы «кеңестік дәуірде туған тарихи романдарға обьективті түрде баға берілді» деп 
бүгінде ешкім де айта алмаса керек. Ал 1974 жылы «Соңғы көш» сияқты шекара 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет