Филологические науки



Pdf көрінісі
бет104/160
Дата25.11.2023
өлшемі1,6 Mb.
#126523
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   160
“Осылайша айналасы айықпаған сұр түман, суық заман ішінде 
ұлы жан дүниеден көшті. Мағаштың қырқын беріп болған 
күннің ертеңінде Абай және қаза тапты. Ұлы кеуденің ыстық 
демі тоқтады. Шөл даланы жарып аққан дариядай, жалтыр 
биік басына жалғыз шыққан алып шынар қүлады. Өмірден Абай 
кетті” 
 
деген оқырмандарға белгілі жолдарын келтіруге болады

Бұндай қолданыстар басқа да көркем шығармаларда да жиі 
кездесетін: 
“Жалғыз шыққан Төлеген, Ақырет сапар жөнелді” 
[12, 191 б.]. 
“Сойқан ұрыста қазақтың басты-басты бірнеше 
батыры мен Хақназар хан қаза тапты”, 
̶ дейтін эвфемизмдерге 
толы жолдарды келтірсек те болады[13, 360­б].
Қазақ арасында қалыптасқан салт бойынша қайтыс болған 
адамның жақындарына қазаны бірден естірте салмаған. Суық 
хабарды мүмкіндігінше астарлап, тұспалдап немесе жұмбақтап 
сездіруге тырысқан. Әдетте ауыр қайғыны естірту эвфемистік 
мағыналы сөздерден басталып, көңіл айту, жұбату сөздерімен 
аяқталып отырған. Қазақ ауыз әдебиетінде сақталған өлімді естірту 
және көңіл айту үшін колданылатын эвфемизмдерге негізделген 
ескі нұсқалардың кейбір үлгілері төмендегідей:
Жандос Қалдыбекұлы Шоқан қазасын Шыңғысқа естірткенде 
былай деген екен:
Ұлы қайтпаған 
 
руда 
 
жоқ,
Қызы қайтпаған қырымда жоқ,
Қатыны қайтпаған халықта жоқ,
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 186 - 198


ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
189
Ағасы қайтпаған аймақта жоқ,
Інісі қайтпаған елде жоқ,
Әкесі қайтапаған әлемде жоқ,
Шешесі қайтпаған пенде жоқ,
Аққу ұшып көлге кетті,
Дуадақ ұшып шөлге кетті,
Құдай бізге бір гауһар тас беріп еді,
Оны иесі өзі әкетті,
Шоқан деген ұлыңыз,
Бәріміз баратын жерге кетті.
– деп естірткен екен[14, 25 б.].
Ал қазақтың атақты Бөгенбай батырының қазасын Үмбетай 
жырау Абылай ханға естіртуі де осы негіздес. Алдымен 
Бөгенбайдың соғыста елді қорғаудағы ерліктерін, Абылайдың 
айдынын асырып айналасында жүргендегі айбынын айта келіп:

Ей, Абылай, Абылай,
Сөзімді тында тағы да-ай!
Өзіңнен біраз жасы үлкен,
Дөмпеш таудай басы үлкен,
Жасыңда болған сырласың,
Үлкен де болса құрдасың,
Сексеннен аса бергенде,
Қайрылмас қаза келгенде,
Батырың өлді – Бөгенбай!
Иманын айтып өлерде,
Иекке жаны келгенде,
Сәлем айтты үш қайта,
Кеттім деп сізді көре алмай.
Батырды қолдан өткіздім,
Сәлемін міне жеткіздім.
Жыламай тында, Абылай!
Жараға жақсы қасқарар,
Ойбайлап жаман бас салар.
Көріспей айтты демеңіз,
Осы еді біздің келген жай.
Көзіңнің жасын тыя көр,
Жақсылық дұға қыла көр.
Тағы да талай бақ берсін,
Балаңа алтын тақ берсін,
Бөгенбайдай жас берсін,
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 186 - 198


ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ» 
190
Өлшеусіз мал мен бас берсін!
Бөгенбай сынды батырдың
Береке берсін артына-ай,
Сабыр берсін халқына-ай.
Жасаған ие жар болып,
Бейіште нұры шалқығай!
– деп тоқтаған екен [14, 90 б.].
Өліммен байланысты немесе оның семантикалық өрісімен
ұштасып жататын тағы біраз ұғымдар бар. Өлім ұғымының 
синонимі ретінде қазақ тілінде 
ажал
сөзі жиі қолданылады. Қазақ 
би­шешендері де өлімның келуін тіршілік куатының тоқтауын, жан 
мен тәннің, рухтың өз бастапқы орындарына ауысу детерминанты 
болатындығы идеясын меңзей отырып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет