Филология бөлімінің 2-курс студенті Жанат Әлемгүл. 1-слайд. Тақырыбымыз



бет5/7
Дата24.04.2022
өлшемі223,46 Kb.
#32074
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Р.Сыздық

12-слайд. Төртіншіден, қажырлы еңбегімен уақыт тезіне төтеп беріп, аузынан нәрлі сөзі, қолынан құнарлы қаламы түспеген, өн бойынан ұлтына деген құрметі, ғылымға деген қызығушылығы өшпеген Рәбиға Сыздық кеңес кезінің өзінде-ақ тіл білімінің көрнекті өкілі – А.Байтұрсынов жайында тұңғыш зерттеу монографиясын жазып, елеулі ерлік жасады десек, артық айтқандық болмас. Р.Сыздық – А.Байтұрсыновты тұңғыш зерттеуші ғалым ретінде, ұлттық санамыздың ояну тарихына үңілу, ұлттық ғылым қалыптасуының сара жолын ашу т.б. мәселелерді алға тартып, ұлттық сипатқа ерекше мән берді. Белді ғалымның «Ахмет Байтұрсынов» [3] атты монографиясы, баспасөз бетінде жарық көрген бірнеше ғылыми мақалалары – біз үшін, болашақ тіл мамандарына үлкен үлгі-өнеге болса, қазақтың қайсар қызы Рәбиға апайымыз үшін – халқы алдындағы парызын өтегендік деп білеміз. «Міне, қазақ халқының абзал ұлдарының бірі, ХХ ғасырдың бас кезіндегі үркердей шағын топ – демокарттық бағыттағы қазақ интеллигенциясының ең ірі, ең беделді өкілі, бір емес, екі рет заңсыз жазғырылып, сталиндік режимнің құрбаны болған Ахмет Байтұрсыновты осылай танимыз» [3, 50], дей отырып, төмендегідей батыл қорытындыларын жасайды:

  • Қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы;

  • Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы;

  • Қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші тұңғыш филолог-ғалым және Қазақстан ғылымын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі, қоғам қайраткері;

13-слайд. «Ахметтану», «Байтұрсыновтану» ғылымдарының қалыптасуына негіз болған, одан әрі дамып-жетілуіне алғышарт жасаған Рәбиға Сыздық бұрынғы зерттелген дүниені қамтымай, жаңаша проблемалық мақсаттарды алға тарта білді. Ол проблемаларды былайша саралап, нақтылап, ғылымның жаңаша сипатына, жаңаша ғылыми жүйеге бағдар берді:

14- слайд. Бесіншіден, Р.Сыздық – түркітану саласында да елеулі еңбек сіңіріп, ұлттық құндылықтарымызды зерделеген дара тұлға. Білімі мен білігі, ақылы мен парасаты, ғалымдық табиғаты мен адамдық болмысы ұштасқан академиктің түркі мұраларын зерттеуі халқының бағалы туындылармен қайта қауышуына мүмкіндік бергені сөзсіз. Профессор Р.Сыздық түркітану ілімінде де өзіндік жолы бар зерттеуші. Бұл ретте оның «Язык Жами’ат-тауарих Жалаири» және «Ясауи «Хикметтерінің» тілі» [5] атты монографияларын ерекше атауға болады. Қадырғали Жалаиридің “Жами’ ат-тауарих” атты шежіресінің рухани мәдениет жағынан да, тілдік тұрғыдан да қазақ халқының байырғы дәуірінен қалған мұра екенін дәлелдеп шықты. Осы арқылы қазақ халқының рухани мұрасын байытуға айтарлықтай қомақты үлес қосты. Зерттеуді Жалаиридің дұрыс аты-жөні мен ныспысын анықтаудан бастаған ғалым, екі нұсқаны лингвотекстологиялық тұрғыдан салыстыра отырып, шежіре тілінің стилистикалық, лексика-фразеологиялық, графикалық және орфографиялық ерекшеліктерін зерделейді. Ғалым өзінің «Ясауи «Хикметтерінің» тілі» атты монографиясында хикметтердің Самарқант нұсқасы негізінде оның тіліне лексика-грамматикалық, текстологиялық тұрғылардан талдау жасаған. Р.Сәтіғалиқызы осы нұсқаның бастапқы түпнұсқаға ең жақын көшірме болып табылатындығын жазады. Зерттеу барысында ғалым лексикалық тұрғыдан да, грамматикалық тұрғыдан да Ясауи тілінің негізі қыпшақ-оғыз әдеби тілі деген қорытындыға келеді. Қос еңбек қазақ халқының рухани болмысы мен мәдениетін, әдебиетін танытуда баға жетпес мұра екені сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет