Курстың мақсаты мен міндеті: “Әдебиеттануға кіріспе” – пәні филология факультетінде оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Бұл пәнді оқыту барысыда студенттер көркем шығарманы оқып талдауға, өздерінің эстетикалық талғамына қарай ғылыми тұжырым жасауға машықтанады. Курстың негізгі міндеті – шәкірттерді әдебиеттанудың теориялық тұжырымдарымен толық таныстыру және оны практикалық деңгейде еркін қолдануға жаттықтыру.
Студенттердің біліктілігіне қойылаты талаптар: Осы пәнді оқу барысында әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігін, оның қоғамдық мәні ме эстетикалық сипатын, сөзөнерінің адамзат баласы үшін баға жетпес рухани қазына екеніні барлық студенттер білуі тиіс. Студенттерден әдебиеттану ғылымының терминдерімен таныс болу, олардың мағынасын терең түсіну, көркем шығарманы жүйелі талдау машығын қалыптастыру талап етіледі.
Студенттердің сабаққа қатысуы: Студент белгіленген тапсырмаларды дер кезінде орындап, парктикалық және СОӨЖ сабақтарында белсенділік көрсетуі шарт. Бекітілген тәртіп бойынша студентке үш сағаттан артық сабақ жіберуге болмайды. Егер студент үш сабақтан (себепсіз) қалса, онда оқытушы оның аталған оқу курсынан шығарылғаны туралы деканатқа мәлімдеуі керек
Қосымша талаптар: Кез-келген себеппен сабаққа кешігу немесе сабақтың соңына дейін болмай кетіп қалу сабаққа қатыспаумен тең. Дәрісханада ұялы телефондар өшірілуі тиіс. Бұл тәртіпті бұзу-университет ережесі бұзғанмен бірдей болып саналады.
Студенттің құқықтары: Студент өзіне қиындық келтірген, түсініксіз теориялық мәселелерді дәрісханада оқытушыдан сұрауға, үлгере алмай қалған семинар, СОӨЖ тапсырмаларын сол аптадан кешіктірмей аудиториядан тыс уақытта тапсыруға қақылы. Студенттің өзіндік жұмыстары; СӨЖ тапсырмалары 1-3 аптада және 8-9 аптада беріледі. СӨЖ тапсырмаларын қабылдау 7 және 14-апталардың бірінші жартысынан кешіктірмеуі тиіс. Бекітілген уақыттан кешіктірілген жұмыс қабылданбайды.