Филология факультеті 118-топ



бет4/12
Дата26.12.2023
өлшемі366,67 Kb.
#144008
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
жоба №1

Тұлпары:Байшұбар
Жырдағы сипаттаулар:
Шұбар ат қызған сайын аузын ашты
Аузынан бұрқыратып көбік шашты
Тозаңнан бұрқыратып аспанға атып
Не биік екі арада белден асты
Шыдамай алпамыстың ызғарына
Жын-шайтан жолда жүрген бәрі қашты
Тұяқтан шыққан тозаңы
Тар кезеңге таласқан
Ұшқан құстан асады 
Шұбар атты «шу» деді 
Самал желдей гуледі тұяғына тиген тас
Саз балшықтай  иленді ,- деп байшұбардың шабысын сипаттап тұр
Қарсыласы: ұлтан 
Жырдағы сипаттаулар:
Жарлының қамын жегізіп,
Ақырында қор қылдың.
Ұлтаннан таяқ жегізіп,
Байбөріні қорлаған.
Көзінің жасын ағызып,
Қадамын керіп жүре алмай, 
Аяққа кісен салғызды...
Ұлтанға түсті бір қиял:
Күлбаршындай сұлуды,
Тоқалдыққа алмаққа.
Той бермек болып байсанға,
Шаптырды адам жан-жаққа.


Алпамыс батыр жырындағы нұсқалардың айырмашылықтары және ұқсастықтары:
Ең алдымен ұқсастықтарынан бастасақ.Алпамыс батыр жырындағы біраз кейіпкерлер басқа жырларда да кездеседі.Мысалы:Алпамыс батыр мен Қобыланды батырдың анасының есімі: Аналық Тағы бір мысал келтірсек: Қорқыт ата кітабындағы он екі жырдың бірінде «Байбөрі баласы Бамсы Байрақ» жырында да кейіпкер есімі қайталанады, тіпті сюжеттік желісінде де ұқсастықтар кездеседі. Ал айырмашылықтарына тоқталсақ: Алпамыстың жары Гүлбаршынды әр нұқсасында әр түрлы таныстырады. Ж.Шайхисламұлы нұсқасында Гүлбаршынды әкесі Сарыбайдың қызы ретінде таныстырса,ал С. Аққожаев нұсқасында Гүлбаршынның көркем мінезін, сыпайылығын ерекше сипаттап өтеді.

«ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ЖЫРЫ»


Қобыланды батыр» – халық ауыз әдебиетіндегі батырлар жырының бірі. Ата-анасының зарығып жүріп көрген жалғыз баласы Қобыланды бойына жастайынан ерге, батырға тән қасиеттерді жиып өседі. Ер-азаматқа лайық ісімен шартты орындап, Көктім аймақ ханның жалғыз қызы Құртқаны ұзатып алуынан басталған жыр оқиғасы Қобыланды батырдың ерлік, батырлық, намысшылдық іс-әрекеттерімен жалғаса береді. Жыр кейіпкерлері (әр түрлі нұсқалары бойынша)
«Айса Байтабанұлы нұсқасы»
Әкесі - Қыдырбай 
Анасы - Ақмаңдай
Басты кейіпкер - Қобыланды
Қарындасы - Аққолаң
Жары - Аққұртқа
Қобыландының кішкентай кезіндегі сипаты:
Балтыры бар бесіктей,
Омырауы есіктей.
Қасқыр ауыз, қабақты,
Бұқа мойын тамақты,
Тасыған судай алапты,
Алғыр бура қабақты.
Қарсыластары: Құртқаны алуға барғанда күрескен - қуҚази, Құртқаны алып қайтып бара жатқанда Құртқағағашық болған- Дәу, Қазанға бара жатқанда күрескен - Ыршымбай, Қазан, Көбікті, Алшағыр.
Жарының образы: 
Қызыл ерін, ақ маңдай,
Екі беті қызыл күрең, 
Мақпалдай түймедей болған басы бар,
Жібектей күлтілдеген шашы бар,
Қиылған қара қасы бар.
Маржан тісі тізілген, 
Раушан көзі сүзілген,
Жарқылдаған сәулесі
Күндік жерден көрінген
Әдемі артық қыз еді.
Аққұртқаны алуға барғанда күрескен балуаны - қу Қази
Тұлпары - торы бесті ат
Құртқаны алып қайтып бара жатқандағы қарсыласы - Құртқаға ғашық болған Дәу.
Екінші ғашығы - Ақбілек
Тұлпарының бейнесі:
Кесер басы сары алтын 
Үсиіндегі түгінің
Жары күміс , Жары алтын
Танауына қарасаң
Түбі түскен шелектей.
Құйрық жағын қарасаң
Бұқарадағы жібектей
Омырауына қарасаң
Еділден шыққан аңғардай
Төрт аяғы сандалдай.
Белдемеге қарасаң
Қайырда жатқан сазандай.
Жауырнына қарасаң
Төңкерген қара қазандай.
Құлағы бар құрақтай,
Екі көздің жанары
Жайтаңдайды шырақтай.
Алшағырдың қызы - Ханбибі Қобыландыны алдапҚазанның еліне жібереді.
Көбіктінің қызы - Қарлыға.
«Ережеп Тілеумағамбетұлы нұсқасы»
Әкесі - Қыдырбай
Басты кейіпкер - Қобылан
Анасының аты аталмайды
Қарындасы- Хансұлу
Жары - Аққұртқа
Тұлпары - торы ат
Құртқа сипаты:
Қойда бағлан қозы едім, 
Жылқыда шаңқан боз едім,
Ауқымды ашпас наз едім, 
Мөлдіреген қара көз едім.
Шашым сап күміспен түрілген,
Жұрт көзіне көрінген 
Сауапханның қызы едім.
Қарсыластары: қырық жауынгер, Құнанбел, Қозғалмас, Алшағыр
Тұлпардың сипаты: 
Астындағы Тұлпары
Арандай аузын ашады
Еркіндеп аяқ басады
Ақсұңқар құстай ұшады.
Бір төбенің тозаңын
Бір төбеге қосады.
«Нұрсейіп Битілеуов нұсқасы»
Әкесі - Қыдырбай
Анасы - Азғарбап
Әпкесі - Хансұлу
Басты кейіпкер - Қобыланды
Жары - Құртқа
Тұлпары - торы ат
Қарсыластары: Домбауыл, Қызылбастар елі, Саржа ,Шөмекей,
Қаһарман,  Қараман, хан Барса, Алшағыр. 
Қобыланды батыр сипаты:
Бір жасына жеткен соң,
Еңбектеді ебініп.
Екі жасқа жетемін,
Аяғы шықты жүгіріп .
Тілі шығып сөйледі,
Әр нәрсені біледі.
Үш жасына келгенде,
Үш асықпен ойнады.
Төрт жасына келгенде ,
Төбеге шығып жүгіріп,
Әр талапты ойлады,
Ойын жағын қоймады.
Бес жасына келгенде,
Балалармен алысып,
Өз қайратын сынады.
Алты жасқа жеткенсін ,
Балалықтан өтеді. 
Тұлпарының сипаты:
Қобыланды мінген торыша 
Ор киіктей ойнады.
Түлкідейін бүгіліп,
Екі көзі жайнады.
Арандай ашып ауызын,
Ауыздығын шайнады ,
Шапса ізі жосылған ,
Шаңы шаңға қосылған,
Шаба - шаба ылғанды,
Қара терге былғанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет