Үш нұсқаның бір - бірінен айырмашылығы. 1) Қобыландыны құдайдан сұрауы:
Айса Байтабанұлы нұсқасында оларды Алшағыр балаң жоқ деп елге масқаралағаннан кейін,Қобыландының анасы ел кезіп кетеді. Сол жерде бір жетім қойшы жігітті көреді. Сол жігіт балаға зәру болған анаға жалғыз ақ тоқтысын береді. Содан кейін Қобыландының ата - анасы аян көріп, балалы болады
Ал Ережеп Тілеумағамбетұлы нұсқасында Қобыландының әкесі ел кезіп кетеді. Сол кезде түсінде бір қолына бүркіт бір қолына лашын қонғанын көреді содан кейін балалы болады.
Нұрсейіп Битілеуов нұсқасында Қобыландының анасы қайғыдан ел кезіп жүргенде, енесінің моласына барып бала сұрайды. Сосын түсіне енесі кіріп: - Саған қылышпен кессе өтпейтін, суға салса батпайтын , отқа салса жанбайтын бір бала беремін, - дейді. Содан Қобыланды туылады.
2) Басындағы екі нұсқада Қобыландының қарындасы болса, Нұрсейіп Битілеуов нұсқасында әпкесі Хансұлу және де екі өгей ағасы болады.
3) Нұрсейіп Битілеуов нұсқасында Құртқа қалмақтың,қазақтардың жауының, Алшағырдың қызы болады.
4) Үш нұсқада кейіпкерлердің аттары әр түрлі.
5) Айса Байтабанұлы нұсқасында Қарлыға әкесін өз қолымен өлтіреді.
Ұқсастығы:
1) Мен қараған барлық нұсқада Қобыландының жауы Алшағыр болады
2) Үш нұсқада да оның тұлпары торы ат деп сипатталады
3) Үш нұсқада да Құртқа өзінің еншісіне Көк бие атты сұрайды
Айса Байтабанұлы нұсқасындағы Қобыланды сипаты: батыл, намысшыл, аңқау, адал емес, ертерек, өзінің намысын бәрінен жоғары қояды.
Құртқа сипаты: ақылды, сұлу, дана
Барлық нұсқаларда Қобыланды мен Құртқа бейнесі өзгермейді.
«ЕР ТАРҒЫН БАТЫР» ЖЫРЫ «Ер Тарғын» жырының нұсқалары көп. Алғаш Н.И.Ильминский (1859), В.В.Радлов (1870), Н.Саркин (1904), Ә.Диваев (1922) жинақтарында жарияланған. Алматы қаласындағы Орт. ғыл. кітапхана мен Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар қорында жырдың 8 түрлі нұсқасы сақтаулы. Жинаушылары – Саркин, Диваев, І.Иманов, Ә.Ыспанұлы, Б.Адамбаев, З.Бекарыстанов, М.Құсниұлы, айтушылары – Марабай, О.Қисықов, Н.Нұрғалиұлы, М.Бекетұлы. Ел арасына кең тарағаны – Марабай нұсқасы. Ильминский оны 1862 ж. Қазанда жариялаған
""Диваев жинағындағы нұсқа"" да Марабай нұсқасына негізделген. Бұл нұсқада Тарғын Қаратаудан шыққан батыр болса, Нұрғалиұлы нұсқасында Тарғын Астрахан ханының қарамағындағы батыр, оған Ғайнижамал есімді қыз ғашық болып, тартыс Тарғын мен Шорман арасында өрбиді. Бекарыстанов нұсқасында Тарғынның әкесі – Қосы. Бекетұлы нұсқасында Тарғын Созақтан Қырым ханына кеткен батыр. Жырдағы Сыпыра жырау – Тоқтамыс хан тұсында өмір сүрген (15 ғ.), қыпшақ тайпасынан шыққан тарихи тұлға. «Бұлғыр, бұлғыр, бұлғыр тау, бұлдырап тұрған құрғыр тау» деген жолдар 15–17 ғ-лардағы жыраулық поэзияға тән өрнектер. Шаған – қалмақ жеріндегі су атауы, гидроним. Ол бірде ақ түске қатысты болса, бірде дінбасы атауын білдіреді. «Тарғын» сөзінің мағынасы анықталған жоқ.