Филология факультеті 118-топ



бет8/12
Дата26.12.2023
өлшемі366,67 Kb.
#144008
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
жоба №1

(Рахан жырау нұсқасынан)

Алпамыс - басты кейіпкер:

Ауызына қарасам,


Сұлудың таңдап сүйгендей.
Келбетіне қарасам,
Қымбатты таңдап кигендей.
Бір бүгінге қарасам,
Қырмызы қызыл жібектей.
Ақылына қарасам,
Сарттар соққан түнектей.
Қабағы қалың сол бала
Шұбар ат мініп келеді.....

Тайшық батыр – Алпамыс батырдың қарсыласы.Елді қырған қалмақ ханы.

Ел талайтын ежелден,


Тайшық ханның әдеті.
Момын елден зорлықпен
Асып тұрған құдыреті....

Шұбар ат – Байшұбар Алпамыстың сенімді жолдасы.
Жырдағы мәтіндік сипаты:

Байшұбардан тұлпардың,


Ойынды еті бұлтылдап,
Төрт аяқтан шыққан от
Шаппақ тастай жылтылдап.
Құлақ салсаң дыбысы
Тау суындай сыңқылдап.
Қолтығынан аққан тер
Тебінгіге сымпылдап.
Шу дегенде Шұбар ат
Ұшқан құстан озады.
Гулеп кетіп барады,
Заулап кетіп барады....

Бұл жырда Алпамыс батырдың ғашығы Гүлбаршын туралы ешқандай мәлімет айтылмаған.Мәтіндік сипаты жоқ.

- Жырдың тәрбиелік мәні бар ма?
Батырлар жырының тәрбиелік мәні бар. Жырда батыр қай кезде де бұзылған жағдайды қалпына келтіруші тұлға. Ол жауды жеңіп, әділеттілікті асқақтатып, алғашқы мамыражай дәуірді қайта орнатады. Оқиға өзінің басталған жерінде аяқталады. Жай ғана емес, тоймен аяқталады. Себебі, халық ұғымында жамандықты жақсылық, жауыздықты қайырымдылық, зорлықты әділдік жеңу — батырдың ерлігімен болатын іс.
Алпамыс батыр мен Шұбар аттың байланысы.
Қаһармандық эпоста сүйіспен-шілікпен суреттелетін бейнелердің бірі - жүйрік ат бейнесі. Ғасырлар бойындағы көшпелі өмір кешкен қазақ халқының тіршілігінде жылқы малының ерекше маңызы болғаны мәлім. Сауса сүт, мінсе көлік, сойса ет дегендей жылқы түлігі ел санасынан өшпес орын алған, бұл тарапта неше алуан аңыздар, өлеңдер, мақал - мәтелдер шығарған. Соның бәрінде жүйрік, жорға, тұлпар, арғымақ тұлғасы көкке көтеріле мадақталады.
Көне тарихтың куәгері - жылқының қоғам, жеке адам өміріндегі қызметі алуан түрлі. Орта Азияда жылқы өсіру тарихы біздің заманымызға дейінгі төрт мың жылдыққа барады екен. Бұл әлбетте, осы бір түліктің күллі қасиетін, сыр сымбатын жетік білерлік мерзім екені кәміл. Жылқының барлық тұқымы, жасы, түсі, мүшесі,тілдік қорымызда соншалық анық сипатталып отыратыны осыдан. Аттың сұлу тұлғасын суреттеген өлең, жыр жазба әдебиетте де мол.
Батырдың мінген аты жүйрік болып көрсетілуі қаһармандық эпостың түпкілікті идеясына - елді сыртқы жаудан қорғау мақсатына тікелей байланысты. «Ат ердің қанаты» деген нақылда замандар бойында қалыптасқан түйінді пікір жатыр.
Алпамыстың образын барынша ірілендіріп көрсету үшін Шұбар атты да дамыта сипаттайды. Осы кезде будақ-будақ шаң астынан айшықты ала ту көтерген жер қайысқан қол көреді. Өрмекші кемпір сөзінен намыстанған Алпамыстың Шұбар атты қалай ұстап мінгенін, саймандарын сайланып, алтыннан кемер байланып, қызыл найзасын қолға алып, Шұбар атпен бір айлық жерді бір күнде асып он екі күн жол жүргенін баяндайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет