Қорытынды пікір:жалпы қазақ фольклористикасының басты ерекшеліктерінің бірі көп нұсқалық.батырлар жырын оқу барысында кейбір мәліметтерді дұрыс не дұрыс емес екенін біле алмай жатамыз.мысалы:алпамыс батыр жырында а. Нысанов нұсқасында анасының есімі «аналық» болса, ал ә. Диваев нұсқасында алпамыс анасы «жантілес»екенін білеміз.мен осы жобаны жасамас бұрын анасының есімін білмедім. Мен сияқты қаншама жасөспірімдер бұл ақиқатты білмейді. Сондықтан мектеп баспасына,қазіргі заманның оқушылары дұрыс мәліметтер көрсетілген,нақты дәлел келтірілген, батылар жырының толық сарапталған нұсқасын оқыса деген ойым.
2.3 БАБАЛАР СӨЗІ
( ЖҮЗ ТОМДЫҚ БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КІТАПБЫНАН)
Алпамыс батырдың хикаясы (1922 жыл Әбубәкір Диваев нұсқасы)
Ә.Диваев нұсқасында Алпамыс батыр туралы мәтіндік сипаттама аз.Бұл нұсқада Жиделі Байсын елінде Байбөрі мен Байсары байдың бір пензетке зар болғаны,Құдайдан бала тілеп,тілегі қабыл болып,Байбөрі байдың бәйбішесі ұлды,Байсары байдың бәйбішесі қызды болғандығын,өмірге Алпамыстай батыр мен Гүлбаршындай сұлудың келгенін баяндайды.
Бұл хикаяда Алпамыс батырдың бірінші жауы Қаражан.Байбөрі мен Байсары бай атастырған ғашықтардың ортасына түсіп,Гүлбаршынға көзі түскен қалмақ елінің батыры.Хикая басында Алпамыспен жауласқан қалмақ батыры,кейін келе Алпамыс батырдың жан досына айналады.
Хикаядағы Алпамыс батырдың екінші жауы – Тайша хан.Баршынға көзің түскен қалмақ елінің ханы.Баршынды ата-анасы Тайшаға бермегені үшін қинап,қамауға алады.
Алпамыс батыр – басты киіпкер
Мәтіндік сипаты:
Алпамысты Қаражан алғаш көргенде:
Сол уақыттарда Қаражан көргенде тұман ашылды,жел тұрды.Қараса жүзі құбыша,көзі алаша,өзі он төрт жасар тамаша,бір кекілі алтыннан,бір кекілі күмістен,нақ он төрт жасында Алпамыс батырды көрді.
Алпамыс өзін сипаттауы:
Айым тартқаным-бедеудің белі,
Ішкен сусыным - Байсалының көлі.
Өзім атым сұрасаң,атым – Алпамыс,
Атам атын сұрасаң ,дейлер Байбөрі.
Көп күн болды мен шыққалы елімнен,
Қоңыр қаз ұшқан-ды Байсын елінен.
Он төрт жасымда бедеу сайлап мен мініп,
Мен келемін Баршын жанның кейіннен.
Баршын- Алпамыстың сүйгені.Шын есімі Гүлбаршын.
Жырдағы мәтіндік сипаты:
-Қара нәркес көзім бар,
Алмадай қызыл жүзім бар.
Батырым келместен бұрын,
Дін білмеген қалмаққа
Алдап бір айтқан сөзім бар...
Байшұбар – Алпамыстың сенімді аты,серігі.
Жырдағы сипаты:
Батыр туған Қаражан,
Желіп кетіп барады.
Асыл туған Байшұбар
Құстай ұшып барады.
Төрт аяқта төрт таға
Асыл туған жануар
Жанын алып барады.
Аузын әректей ашады,
Омыраудан көбік шашады.
Дариядай болып тасады,
Қаражан қамшы басады.
Тұяғы ұызды Шұбардың,
Аяқты нұқып басады.
Бір күн таман жол жүрді.
Нақ намазшам болғанда
Қамшы шабысын қосады.
Қара құптан болғанда,
Топты жарған Байшұбар,
Тұрды жолдан төтелеп.
Қаражан атты батырдың
Жүні қызды Шұбардай.
Қия майдан далада,
Дөңкіп алып қашады ....
Тайша хан – Алпамыстың жауы,Баршынға көзі түсуші.
Хикаядағы сипаттамасы:
-Ханның ісі елменнен,
Патша зорлық қыла ма?
Не ісі бар қызбенен?
Достарыңызбен бөлісу: |