«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


ӨЛЕҢ-СӨЗДІҢ ӨРІМІНЕН СЫР ТАРТҚАН



Pdf көрінісі
бет110/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

ӨЛЕҢ-СӨЗДІҢ ӨРІМІНЕН СЫР ТАРТҚАН 
(ҒАЛЫМ С.СЕЙІТОВ ЗЕРТТЕУШІЛІГІ ХАҚЫНДА) 


вестник КазНПУ имени Абаясерия «антологические науки», Ай 2 (32), 2010 г. 
/БІРІНШІ МАҚАЛА/ 
З.Мүтиев- 
Абай атындағы ҚазҰПУ доктаранты. 
Ақындық пен ғалымдық сынды қос өнерді қатар меңгеріп, екі салада да жемісті енбек 
еткен, ұлт мәдениеті мен әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына өлшеусіз еңбек сіңірген 
қайраткерлердің бірі - Сағынғали Сейітов. Әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының 
кандидаты С.Сейітовтің әдеби- зерттеу еңбектерінің қарасы да қомақты көрінеді. Көз майын 
тауысып, ұзақ жылдар ізденісінің нәтижесінде С.Сейітов қаламынан қазақ әдебиетінің өзекті 
мәселелерін қамтыған «Қырық жылда» (1957), «Ақын сапары» (1958), «Қазақ 
поэзиясындағы Маяковский дәстүрі» (1966), «СССР Одағы халықтарының достығы» (1965), 
«Өмір өрнектері» (1969), «Тоғысқан толқындар» (1974), «Туысқандық туғызған» (1979), 
«Өлең өлкесінде» (1984) т.б. әдеби-зерттеу еңбектері жарық көрді. 
С.Сейітовтің әдебиеттану ғылымындағы бастау сапарының алғашқы қорытынды есебі 
сынды көрінетін еңбегі - «Қырық жылда» (1957). Аталған кітапқа дейін отандық әдебиет 
тарихын зерттеп, оның ішінде жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылық жолына 
арнап әлденеше мақалалар жариялап жүрген С.Сейітов бұл еңбегінде қазақ әдебиетінің 
(әрине «кеңес» сөзі қоса жүретіні белгілі ғой - З.М.) өткен қырық жылдық (1917-1957) 
жолына (қалыптасу, ер жету, өсу) қысқаша шолу жасаған. Аталған зерттеуде өзге де 
жанрлармен қатар поэзия мәселесі, тиісінше лирика тегінің де проблемалары батыл 
қозғалған. Еңбектің «Алғашқы адымдар» аталған алғашқы тарауы 1917 жылғы төңкеріс 
нәтижесінде дүниеге келген жаңа идеямен қаруланған, жаңа дәуірге бет алған ақындар 
шығармаларының тақырып пен идеяны (әрине, алдын ала берілген, міндеттелген) іске асыру 
жолындағы ізденістері сараланып талданады. Өйткені, «Социалистік реализм әдебиетінің - 
совет әдебиетінің басты-басты идеялық- көркемдік қасиеттеріне қазақ әдебиеті де ортақ. 
Социалистік реализм қазақ совет әдебиетінің де негізгі әдісі» /1,6/ - делінген қатаң қағида 
қысып тұрса, мұнымен қоймай: «Ұлтшылдар қазақ әдебиетінің әдісі ретінде керітарпа 
романтизм мен символизмді ұсынып, жаңа заман әдебиетінің творчестволық принциптеріне 
ашықтан-ашық қарсы шығып жатса» /1,7/, ақындар шығармашылығында қандай даму болуы 
мүмкін. Алайда жаңа құрылысқа тез икемделген С.Мұқанов, Б.Ізтөлин, Ш.Иманбаева, 
Ж.Сыздықов, А.Тоқмағамбетов т.с.с. ақындар өлеңдері «сол кезді тану жөнінде көмек 
көрсете алыпты». 
С.Сейітов октябрь дәуірінің басты-басты тақырыптарын (ол: баршаға белгілі - 
революция жеңісі; жұмысшы мен еңбекші шаруалар одағы партиясының жасампаздығы; 
«күн көсемнің» данышпандығы; кеңес өкіметімен келген «бақытты шақ»; ауылды 
кеңестендіру; байлар табына қарсы күрес; ірі байларды тәркілеу; колхоз, совхоз орнату; қала 
берді әйел теңдігі, оқу, өнер-білім т.т.) атай келе «бұл дәуірде қазақ әдебиетіне жаңа типті 
кейіпкер келіп кіргенін, оның «жаңа өмір орнатуға құлшына кіріскен адам» екенін 
баяндайды. 
Ескі заманның құлдығынан азат болған елдің, бостандыққа зәру, еркіндікке құштар 
адамының толық бейнесін кеңестік дәуір әдебиетінің алғашқы өкілдерінің бірі 
С.Мұқановтың бірінші болып жырлауын ғалым С.Сейітов басқалардан бөліп алып, атап 
көрсетеді. Революцияны қуана қарсы алып жатқан кейіпкер («Бостандық», «Кедей баласы») 
бейнесін сол кезеңнің қажетіне сай сомдауын С.Мұқановтың «идеялық нысанасының 
түзулігі, тап мүддесін қолдайтынын ашық айтып отыратын тенденциялығы» деп бағалайды. 
С.Мұқанов зерттеушілерінің (оның поэзиясын) баршасына ортақ талдау белгілерінің ізімен 
жүре келе С.Сейітов өзінің ғалымдық, зерттеушілік және сыншылық көзқарасын ашық 
білдіріп отырады. «Оның патриотизмі, халыққа қалтқысыз қызмет ету мақсатын бекем 
ұстануы Мұқанов поэзиясының жаңалық нышандарын танытатын түбегейлі белгілер, 
осылар болып табылады» деп көрсетеді. Сәкен бар, Ілияс бар, Бейімбет бар, басқа бар - жаңа 
дәуірдің адамын жырлаушылар, құдайға шүкір, жетерлік. Алайда ғалым Сейітовте: «Ол-
(Сәбит) әдебиетке бұрын езіліп келген таптың өкілдерін жағымды кейіпкер етіп 
енгізушілердің бірі». Сәбит поэзиясының тәлімін тексере отырып, қай тақырыпты алса да - 
жаңа мен ескінің күресін көрсетуді көздейді дейді. Ақын шығармашылығының ұғымды, 
ұнамды жағының бірі де осында деп көрсетеді. Шығармашылық өнері дамып, өз 
оқырмандарының мақтанышы мен қолпашына малтығып калған ақынның «түр, көркемдік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет