«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж



Pdf көрінісі
бет109/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   137
Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж. 
Тіл қатқан табаныма иленеді». 
Хан солай қатып еді ашу қысып, 
Екісімдеп күй келеді, күй келеді. 
Албырт күй ақ ордаға кимеледі, 
Хан өзі күйді неге тый демеді? 
Тәңірдің жарлығы ма жерге түскен, 
Қалайша ханға батып күй келеді? 
Осылайша бар шындықтың бетін ашылып, «Жаралы қызғыш құстай күй шырылдап, 
Қадалды ханның шерлі кеудесіне». Шебер шешім. Көркемдік тұрғыдан да, логикалық 
тұрғыдан да нанымды. 
Шығармада қаламгердің суреткерлік шеберлігін айқындай түсетін түрлі көркем 
тәсілдер қолданылған. Олар - психологиялық паралеллизм, кейіптеу, авторлық түсіндірме, 
монолог және т.б. 
Тау шіркін, тітіреді тықпадым деп
Сілкінді жер ұлыңды жұтпадым деп. 
Еркесі ен даланың жел жүгірді, 
Аударып атынан мен жықпадым деп. [2, 61 б.]. 
немесе 
Жан-жаққа жел өсекті тасып жатты, 
Алысқа атқа мініп ашу шапты. 
Шың тасын Шыңғыс ханның бұлт басты деп, 
Шеттегі шоқылардың басы қатты. [2, 66 б.]. 
Жалпы шығарма түйінінде бұл оқиға одан әрі дамып, ширығып барып, аяқталады. 
Жыр соңында Жошы ханның өзі де белгісіз бір бейіт болып қалып қояды. «Жасырды жер де, 
жел де өлімді сол, Хан емес, обада бір қаңқа қалды». 
«Ақсақ кұлан» - Қ.Бекхожиннің тарихы тақырыпқа жазған бірінші поэмасы. 
Поэманың алғашқы нұсқасы 1939 жылы жазылып, «Әдебиет және искусство» журналының 
сол жылғы 4, 6 сандарында жарияланған. Тарихи тақырыпқа жазылған шығармасына ақын 
24 жылдан кейін қайта оралып, оны жөндеп, соңғы нұсқасын жазған. «Ақсақ құлан» 
поэмасының түзетілген екінші нұсқасы «Жұлдыз» журналының 1963 жылғы 7-8 сандарында 
жарияланып, ақынның кейінгі шықкан бірнеше кітаптарына енді. 
Қ.Бекхожин өзінің 30 жылдардағы шығармашылығы туралы сөз еткенде ұсақ 
өлеңдерден гөрі дастан жазуға бейім болғанын, және оның себебін жастайынан қисса
дастандарды көп оқығандығымен, сюжетті және тарихи поэмалар жазуға машық екендігін 
айтады. Шындығында, ақынның өткен ғасырдың 30-жылдары жазған «Ақсақ құлан» 
поэмасы сюжетімен де, мазмұнымен да, көтерген тақырыбымен да, аз сөзге үлкен ойды 
сыйдыра білуімен де бүгінгі оқырманның талабынан шығып, эстетикалық талғамын 
қанағаттандыра алатынына сеніміміз мол. Бұл - шығарма авторы Қ.Бекхожиннің қазақ 
әдебиеті тарихынан өзіндік орнын нықтап алған қарымды қаламгер екендігін аңдатады. 
1. 
Бекхожин Қ. Дәстүр мен жаңашылдық. - Алматы, 1969. - 218 6. 
2. 
Бекхожин Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1982. - Т.1. -412 
6. 
Резюме 
В статье анализируется художественные особенности поэмы К.Бекхожина «Аксак 
кулан». 
Summary 
The article reveals artistic features of Bekhozhin’s poem “Aksak”. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет