«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет14/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   137
жуан, толық деген мағынаны білдіреді. Қалың денелі әйелде тұрақты сезім сирек болады. 
(М.Әуезов). 2. қалың деген сөздің көп, мол деген мағынада жұмсалуы. Қалың жұрттың 
алдында сөйлеп көрген пенде емес едім. (М.Шаханов) 3. қалың деген сөздің жиі, тығыз, 
бітік деген мағынада қолданылуы. Екеуі бір таса жерге, калың шөптің арасына барып 
жатты. (Ы.Алтынсарин). 
Сөзге қосылған үстеме (туында) мағына заттың құбылыстың бойында бар сан алуан 
ерекше белгілерінің негізінде ауыстырып колдану арқылы жасалады. Сондықтан бір сөзден 
тұратын қосымшалар бір сөз табына да , кейде әр сөз табына қатынасты болып келеді. Шыны 
зат есімнің (әйнек ұғымында) де метафора тәсілі арқылы жасалған ауыспалы мағынасы 
сындық ұғымды білдіреді. Мысалы: шыны май, шыны қар, шыны көз т.б. Сол тәрізді сын 
есімге қатысты сөздердің метафоралық ауыспалы мағыналарын да кейде заттық үғым тудыра 
береді. Мысалы: суық, шала, сынық тәрізді сын есімдер белгілі бір контексте заттық 
мағынада қолданылады. Мысалы: кұрт езген, я сүзбе, қатқан ыстық сорпа суыққа 
тоңдырмайды. Жанып таусылуға айналған шалалардың басы күлге көмілді. (С.Мұқанов). 
Аталған сөздердің метафоралық ауыспалы мағыналары белгілі бір мәтінде бірде зат атауы 
(шыны) сындық мағынада, бірде сындық атау (суық, шала, сынық) заттық мағынада 
жұмсалып тұрғанмен, бұларды әр сөз табына жатқызып, омоним ретінде қарауға болмайды. 
Бұл тәрізді сөздердің ең алғашқы лексикалық тура мағынасы қай сөз табына қатысты болса, 
сонда өрбіген туынды мағыналарды да сол сөз табына жатқызуға болады. Бұл пікір олардың 
мағыналарының шығу тегі бір екені, бір негізгі мағынадан таралғандығын айқындап 
көрсетеді. Метафораның негізінде келтірілген мағына сөздің сөздіктегі мағынасына еніп
оның туынды мағыналарының қатарында қаралды. М: астар-киімнің астары, сөздің 
астары.Сөздікте астар сөзінің тұрақтанылған үйреншікті , лексикалық мағыналарының бірі 
екені көрсетіледі. 
Тұрақты метафора - ойды естен кетпестей түсінікте етіп тыңдаушыға жеткізу үшін 
қажет. Ой неғұрлым көркем құралса, соғұрлым тыңдаушыға түсінікті, әрі әсерлі болады. 
Ойдың көркемдігі жалпы халыққа таныс суретке құрылуымен тығыз байланысты. Адамның 
күнделікті өмірден көріп, біліп, әбден таныс болған дүниелерімен жазушылардың ойы 
қабысып, үйлесіп тұрса шығарманың тілі де соншалықты тартымды болмақ. Тұрақты 
метафоралар көбіне ақындардың, айтыс ақындарының шығармаларында жиі ұшырасады. 
Мысалы: «ақындық өткір тілім сын семсерін тауып, дәл төбесінен танып, түйреп» 
(«Айтыс»). Баладай екі өркеші шөл кемесі - түйем де басқа малдан кем түспейді. («Айтыс»). 
Ақындар айтыс өнерінде өткір тілді - сын семсерге, түйені - шөл кемеге теңеу, балау 
арқылы өз ойын тыңдаушыға әрі, соншама әсерлі етіп жеткізіп берудің жолы. Бұл 
қолданыстар жалпы халықтыкққа көшіп, тілге әбден сіңісіп, халықтың тілдік қазынасына 
айналады. Сөйтіп, тілдегі сөздің бейнелі кұралдары ретінде тілдік қолданыста қызмет 
атқарады, тілдік қорда сақталады. 
Мәселен, бидайды - ақ маржан, мақтаны - ақ алтынға, көмірді, мұнайды - қара 
алтынға теңеп, жай колданған болсақ, бүгінгі таңда осы метафоралық теңеулер әдеби 
нормаға айналып, тілдік қолданыста кызмет атқарады. Жеке авторлық колданыстан, қазір 
жалпы халықтық қолданысқа белсенді түрде енді. Тілдік бірліктер өз семантикалық өрісін 
кеңейтіп, жұртшылықтың қажетін, сұранысын атқаратын метафораларды: тұрақты 
метафораға жатады. Тұрақты мерафора барлық жерде жалпылама кездесе бермейді, 
көбінесе белгілі бір жанрға тиісті. Әсіресе поэзияда жиі кездеседі. Сондықтан тұрақты 
метафораны кейде поэтикалық метафора деп атайды. Мысалы: ақындар поэзияда: ағаш-


Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет