Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г.
Сөз мағынасының өзгеру себептері мен ауыспалы мағынада қолданылу
тәсілдері.
Сөздің - әр түрлі мағынаға ие болуы оның мағынасының өзгеруі ауыспалы мағынада
қолданылу нәтижесінде жүзеге асады. Сөз мағынасының өзгеруінің, оның жаңа мағынаға ие
болуының екі түрлі себебі бар:
•
сөз мағынасының өзгеруінің тілден тыс немесе сыртқы себептері.
•
тілдік немесе лингвистикалық себептер. Бұл себептердің біріншісі екіншісіне
қарағанда көбірек зерттелген.
Сөздің
қолдану аясының өзгеруі, мысалы бір тілдік деңгейден екінші бір тілдік
деңгейге ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әсер етеді. Егер сөз кең колданыстан екінші
тар немесе арнаулы бір колданысқа, жалпыхалыктық лексикадан арнаулы лексикаға ауысса,
оның мағынасы нақтылана түседі де, белгілі бір үғымды білдіреді детерминдік мағынаға ие
болады. Мысалы: «
түбір» - деген сөз жалпыхалықтық лексикада «күллі өсімдік
атауларының
жерде қалған тамыры мен
түбі» дегенді білдірсе, лингвистикалық
терминалогияда
түбірлес сөздердің ары қарай бөлшектеуге келмейтін бөлшегін
морфема
деген терминдік мағынаны білдіреді.
Сөз - мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсауы әр түрлі тәсілдер арқылы
іске асады. Сөздің ауыспалы,
келтірінді мағынада, қолданылуы бірде метафора мен
метонимия тәсілі арқылы болады, бірде қызмет бірлігімен
синекдоха тәсілдері арқылы
болады.
Метафора тәсілі аркылы атауға ауысуы белгіленетін заттардың тұлға, түс, қимыл
ерекшелігінің ұқсастығына негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: