«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет84/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

1. 
Серикка/т 
3. Золотая эмблема (КритикаРазмышления),-Алматы: 
Раритет, 2005,-С. 125. 
2. 
Белинский В Г. Пат. собр. соч., -М., 1955.т. 7 - С. 142-143. 
3 Белинский В.Г. Пат. собр. соч.,-М., 1955.т.12. - С. 109. 
4. 
Белинский В. Г Пат собр. соч.. -М., 1955.т.6. -С.284. 
5. 
Амантай Д. Тоска по классике, или литературные беседы с Калихтом 
Искаковьш. / «Начнем с понедельника». 4-10 июля, 2008г. 
6. Аймауытов Ж. Аударма туралы. //Қазақ әдебиеті, қаңтар, 1989. 
7. 
Қирабаев С. Қайта ораған қаламгер, -Алматы, 2003,- С.22. 
Резюме 
В статье говорится о творчестве Жусупбека Аймауытове, многожанровом писателе, 
основоположнике драмы и романов на казахском языке, переводчике. Автор в своих 
исследованиях творчества уделяет внимание переводам Ж.Аймауытова произведений 
классиков мировой литературы сцелью обогащения жанров казахской литературы. 
Summary 
In this article the authoress examines the translator creative works of writer JAimauytov. 
'[he translations of Russian and foreign writers were not the end in himseif.He was interested in 
cultural communication, in my opinion, to enrich Kazakh literature by the various genres. First of 
all he was interested in prose.The authoress touches up also the problem of translation as a form of 
the intercultural communication. 
 
ӘДЕБИЕТТАНУ 
ШӘКӘРІМНІҢ «НАРТАЙЛАҚ-АЙСҰЛУ» ПОЭМАСЫНДАҒЫ ДРАМАТИЗМ 
 
 А.С. Ақтанова - 
филол. гыл. к., 
Семей мемлекеттік педагогикалъщ институты 
Шәкәрім қаламынан туған үш поэма да бұрындары өткен аңыздық сюжетке құрылған. 
Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» поэмалары шынайы 
сурет пен нақтылы әлеуметтік мәселелерді көтеріп, терең философиялық толғамдарға 
кұрылған. Осы үш поэмасының ішіндегі оқиғаның өрбуі, көркемдігі жағынан басқаларынан 
қарағанда төмеңдеу саналатыны «Нартайлақ- Айсұлу» поэмасы. 
Ғалымдардың мұндай пікірлердің тууына Шәкәрімнің өзінің берген бағасы себеп 
болса керек. Ақын өзінің бұл поэмасына көңілі онша толмайтынын: «Жазған поэмаларымда 


74
 
Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серимы, Ко2 (32/,2010ж. 
«Нартайлақ-Айсұлу» 
поэмасының 
поэзиялық 
жағы 
«Дубровский», 
«Ләйлә-
Мәжнүн»поэмаларынан төмен. Оның негізгі себебі асығыс жазылуынан болса керек . Бірақ 
оның уақиғасы егер пьесаға аударылса қызықты болар еді»- деген сөздерімен береді. [I.] 
Дегенмен ақынның өзінің шығармашылығына қойған жоғары талаптарына қарамай, 
қазақ әдебиетіндегі алғашқы поэмалардың бірі екенін ескере отырып, «Нартайлақ-Айсұлу» 
поэмасының көркемдік жүйесіндегі пегізгі тірек болып тұрған драмалық тартыс мәселесіне 
тоқталуды жөн көрдік. «Нартайлақ-Айсұлу» поэмасындағы негізгі тартыс Айсұлу мен 
Нартайлақтың бір-біріне ғашық болып, сөз байласқан тұсынан басталады. Себебі екі 
ғашықтың қосылмайтынын, олардың махаббаттарына көп бөгеттер кездесетінін автор 
алғашқы баяндауынан-ақ, білдіріп өтеді. Жалпы алда болар оқиғадан хабар беріп отыру 
Шәкәрім стиліне тән құбылыс. Мұндай оқиғадан хабар беру тәсілі «Қалқаман-Мамыр», 
«Еңлік-Кебек» поэмаларында да бар. Автор алғашқы : 
Естілер көп жазады әңгімені, 
Жазбайды ермек үшін әлденені. 
«Жиреніп жаманынан, жақсыны ұғып 
Алсын»деп жазады өнегені: 
Залымды жек көргізіп, күйгізеді, 
Ақ жүрек әділетті сүйгізеді. 
Өгейлік, өзімшілдік, бақ-күндестік, 
Мейірімсіз залалкесті білгізеді.-,[2.394.] деген шумақтар арқылы поэма жазудағы 
мақсатын бідіріп кетеді. Поэмадағы қарапайым тұрмыстық тартыстан басталатын оқиға өрби 
келе, ел, жер мәселесіне байланысты оқиғаға ұласады. Айсұлу мен Нартайлақтың бір-біріне 
қосыла алмауларының бірнеше себептері бар. Олар да Қалқаман мен Мамыр сияқты аталас 
туыстар. Бірақ шиеленіскен оқиға соңына таман билік ету құқығына ие болған Қандығатай : 
«Қосады немерені шариғаттан деген билік айтады. Сонда - поэмадағы тартыс әйел адам 
басындағы өз билігі жоқтық пен жетімдер тағдырының жаны ашымас туыстардың қолында 
болуы мәселесінен шығады. Шәкәрім шежіреші ақын ретінде әр оқиғаға қатысты 
адамдардың тарихи өмірлерінен де хабар беріп отырады. Мұның өзі Айсұлу мен 
Нартайлаққа байланысты оқиғаның тарихи жағынан нақтылы болған оқиға екеніне дәлел 
бола алады. Нақтылы тарихи оқиға мен әдеби тарихилықтың арасындағы ерекшеліктер 
туралы айтылған пікірлердің біріне тоқтала кетсек: «Ақынның мақсаты шынымен болғанды 
емес, не болуы мүмкін, мүмкіндіктен әлде кездейсоқтықтан ба,міне, осыны жеткізу. 
Тарихшы мен ақынды бір-бірінен өлең өлшемін қолданады, екіншісі қолданбайды деп 
ажыратпаймыз. Бірақ олардың айырмашылығы мынада: біріншісі өмірде болған оқиғаны 
айтса, екіншісі болуы мүмкін болған оқиғаны айтады.Сондықтан да поэзияның ерекшелігі- 
ол тарихқа қарағанда маңызды әрі философиялық мәні бар нәрселер жайлы, ал тарих жалпы 
халық жайлы айтады. » [3.67-68.] Miнe осы арадан тарихи шындық пен көркем шындықтың 
арасын ажырататын негізгі критерийлер шығады. 
Шәкәрім тарихи оқиғалар мен жер-су атауларының тарихын жетік білген. 
«Нартайлақ-Айсұлу» поэмасында ақын тарихи атаулардың мән-мағынасын аша отырып 
поэма оқиғасына байланысты негізгі тартысты ашып отырады. Мәселен, 
Сол тастың жырасында бір үңгір бар, 
Жатуға екі кісі болмайды тар. 
Ол тасты «Айсұлудың Ақтасы » деп, 
Атапты бізден гөрі бұрынғылар, 

дей келе, негізгі тартыс басталатын оқиғаға әкеледі. Шығарма соңындағы 
шиеленісті жағдайға апаратын трагедиялық шешім басы Айсұлуды : «Балғаның тірісінде 
Айсұлуды Матайға бермек болған баталасып» деген жолдардан басталады. Алайда болашақ 
күйеуіне Айсұлудың да, Балғаның да көңілдері толмай, қалың малын алмай қашқақтап 
жүреді.Олардың мұндай пейілін сезген құдасы баласына Ханым деген қызды алып береді. 
Ақын алдыда болатын оқиғаларға себепші болатын Ханым қыз туралы да бір ауыз сөз айтып 
кетеді.Сол арқылы Ханымның мінезін байқатады. Себебі Ханым мен Айсұлу арасындағы 
күндестіктен туған қақтығыс нәтижесі бүкіл поэма оқиғасының аяқталып, шешімге әкеледі. 
«Тантық қыз Ханым деген ол алғаны, Аузына келген сөзді шатар еді.» - , деген жолдар 
Айсұлу тағдырындағы қатыгез де, ақымақ әйелдің бір қырынан көрсететін жолдар. Поэмада 
бір-бірімен байланысты ұсақты-ірілі тартыстар көп. Олар: Айсұлу- Ханым, Айсұлу- Барғана, 
Айсұлу- Барлы, Нартайлақ-Барлы, Нартайлақ- Самсы арасындағы оқиғаларға байланысты 
өрбиді. Бір қарағанда әр тартыс жеке оқиғаларға құрылғандай көрінгенімен барлық 
қақтығыс пен тартыс негізгі идеяны, адам бостандығы, адамгершілік байланысты идеяны 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет