«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж



Pdf көрінісі
бет115/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   137
Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж. 
саралай келіп, бұдан бұрын жарияланған «Ұшталмаған қарандаш» жинағымен салыстырып, 
жазушының өз қатесін көріп, екінші жинақта біраз шеберлік таныта алғанына әдебиетіміздің 
жетістігі ретінде қарайды. Алғашқы жинақта жазушы сюжеттік желіні психологиялық 
тартысқа құруға талпынғанымен, көптеген әңгімесінде жалпыға белгілі жайларды самарқау 
баяндап, бала қиялына дем бере алмағанын және жағымды бейнелер жасауда кейде 
кейіпкерлер бойына лайық табиғи іс-әрекеттер көрінбей, жасанды оқиға, жалған патриотизм 
дәріптелетінін, ал «Намыс» жинағы арқылы автор өзі өткен осы талтанды соқпақты 
шиырламай, тырнақалды шығармаларының ең осал буының дер кезінде аңғарып, сәби 
сырластарының талғамын тереңірек байымдай түсіп, оқырманға бұрынғы деңгейінен бір 
саты биік туындылар ұсынғанына сыншы жылы лебізін білдіреді.(3, 326). Сыншы балаларға 
арнап шығарма жазып жүрген жазушылардың күнделікті қарапайым оқиғалар төңірегінде 
құрылған әңгімелерге оқушылар қызықпайды деген сыңаржақ пікірден әлі күнге арылып 
бітпегенін, сондықтан бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген шым-шытырық, ерекше бір 
ерлік, не жұрттың бәрі аузын ашып аңтарылар танғажайып сюжет таба алмай, тоқырап, 
томырылып жүргендердің бар екенін айта келіп, Н.Сералиевтің «Намыс» жинағы осы 
ғажайып оқиға туралы пікірдің баянсыздығын да дәлелдеп тұрғанын баса көрсетеді. 
«Намыс» жинағында жазушының өткен қателері қайталанбауы кенет бала бойындағы өте 
сирек кездесетін мінез-құлықтарды, даңқты іс- әрекеттерді іріктеп жазғанынан емес, қайта 
керісінше, әншейінде жай ғана езу тартқызып, бір сергітіп тастайтын кәдімгі ақкөңіл, аңғал 
сәби қылығы, қарапайым оқиғалардың өзінен-ақ жазушы көркемдік шындықты таба 
білгеніне деп түсіндіреді. (3. 327). 
Зейнолла Серікқалиұлы жалпы біреудің шығармашылығы жөнінде сөз еткенде, тек 
сол шығармалардың өзін талдаумен шектелмей, ол туралы баспасөзде қандай пікірлер 
болды, орынды ма, орынсыз ба - бәріне қатар тоқталып отырады. Жоғарыда аталған 
«Намыс» жинағына қатысты да баспасөзде біркелкі пікірлер болғанын айта келіп, жинаққа 
рецензия жазған Н.Ғабдуллиннің «Нәсіреддиннің қайсыбір әңгімесінде суреттелген оқиға 
әрекеттерінің мақсат-мүддесі айқын емес, характер ашылмай қалады» деп, мысалға 
«Намыс», «Ойын», «Бор» әңгімелерін алғанына сыншы келіспейді. Осы шығармалардағы 
характерлерді өзінше сараптап көріп, «жасөспірімдер бойындағы ізгі қасиеттер, жас 
ерекшеліктеріне сай мінез-құлық, іс-әрекеттер негізінен табиғи беріліп, бүлдіршіндер жанын 
жете ұғына бастаған жазушының жақсы талпынысына шын жүректен қуанбасқа қақымыз 
жоқ» деп қорытады. (3,332). 
Сыншы балаларға арналған шығармалардың көпшілігінде қала адамын қолынан түк 
келмейтін құбыжық көріп, ыржақай күлкіге берілетін, оқушыны әбден мезі қылған 
сыңаржақ сарын бар екенін, осыдан арылуды да негізгі проблемалардың бірі етіп қояды. 
Осы мәселенің Б.Соқпақбаевтың «Қолғабыс», «Аяжан» повестерінде басқаша шешілгенін оң 
қабақпен қабыл атады. 
Сыншының тағы бір баса назар аударған мәселесі - балаларға арналған 
шығармалардың барлығында дерлік бір ересек адамның дараланған бейнесінің болмауы. 
Үлкендер араласқан әңгімелерде кімнің немен айналысатыны жай баяндалып өтуден көп 
арыға аспайды. Сыншы бұл туралы ойын ең бір сөз қылуға тұрарлық деген Б.Соқпақбаевтың 
«Қолғабыс» повесіне де қатысты былайша береді: «Ал ересектердің шығармада әзірше 
жалпы есімі болмаса ісі жоқ. Бәрі дерлік оқиға өрісіне қарай әр жерден бір жылт етіп, еміс-
еміс көрініп өтетін көмекші тұлғалар ғана. Осылардың өздерін қырнап, толықтырып, бір 
үлкендер бейнесін жасауға болмас па еді. Әрине, бұл - ойланатын жай». (3, 336) 
Сыншы көптеген шығармаларға тән тағы бір олқылық - психологиялық негіздемесі 
жоқ, қисынға келмейтін, шындықка жанаспайтын оқиғалардың өріс алуын үнемі қалт 
жібермей, ескертіп отырады. Бұл, әсіресе А.Байтанаевтың «Асан» повесін талдау барысында 
көпке ортақ қатеміз ретінде нақтырақ ашып көрсетіледі. 
Біздің жазушыларымыздың үнемі шығарма кейіпкерлерін қарама-қарсы екі топқа 
бөліп алып, тартыстыру схематизмі де сыншы назарынан тыс қалмайды. Ылғи ұнамсыздар 
небір әрекетке оп-оңай бара салады да ал ақылдылар оларды үгіт оқумен дереу үйретіп ала 
қояды. Жазушыдан жазушыға, шығармадан шығармаға ауысып, әсіресе жас оқырманның 
ішін пыстырып, көңілін қалдыратын, көркем әдебиеттен жеріндіретін осы шындықтан 
арылуды З.Серікқалиұлы, әсіресе, балалар әдебиетінің үлкен проблемасы деп біледі. 
«Мінезсіз балалардың мінез-құлқы, характерінде де бір шуақ болуға тиіс. Олар әдетте тек 


вестник КазНПУ имени Абаясерия «антологические науки», Ай 2 (32), 2010 г. 
өздерінің кейбір солақай түсініктерінің құлы боламын деп жүріп ғана қателесетін. Нағыз 
күрес осы қателіктермен тартыс жолында өтуі керек-ақ. Әйтпесе, шығарма жасанды, 
жалпылама шығады» (3, 338)деп, жақсы идея, жақсы ниетті түсінбейтіндерді тым су ми 
қылып қоймай, олардың іс-әрекеттерінің табиғи, әдеби шешімін табуға жөн сілтейді. 
М.Гумеровтың «Асыл дәрі», Қ.Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повестері мен 
Д.Сапаровтың «Ескі дәптерлер», Н.Сералиевтің «Ақ лақ пен қара лақ», М.Сүндетовтің 
«Бәйге», И.Жақановтың «Қобыз сыры» сияқты тәп-тәуір әңгімелеріне де шеберлік жетіспей 
жатқандығын бүгінгі балалар прозасының алынбаған біраз асулары деп қарайды. Сыншы 
жазушы жаңа шығармасы арқылы өзінің жас оқырманына қандай жаңалығымен келді деген 
сауалға көп назар аударады. Ылғи бір сарынды шығармалармен оқырман талғамын бұзуға 
наразы. Бала көңілін елең еткізетін жан-жануарларға қатысты шығармаларда да еш жаңалық 
болмай, ескі сүрлеуді әлі таптап жүргенімізге (Т.Дәуренбеков «Сонарда», Б.Шалабаев 
«Мұхит жорығы») қарны ашып, мұндай шығарма жазғаннан гөрі «сол хайуанаттарға 
жақынырақ жүріп, оларды аулап ұстаған, немесе талай ондаған жылдар бойы сарылып 
зерттеген маман адамның жазбаларын аударып беру анағұрлым тиімдірек болар еді» (3, 340) 
деп қорытады. Күшік, мысық, балапан, үйрек, торғайлардың қай-қайсысының да мінез- 
құлық, характерін сондай табиғи бейнелеген белгілі поляк жазушысы Ян Грабовскийдің 
«Рекся мен Пуцек» кітабынан үлгі алуға шақырады. 
Қазақ балалар әдебиетінде жеңілтек, ұшқалақ күлкіге негізделген, мақсатсыз жазыла 
салған әңгімелердің де (О.Әубәкіров «Қалғаны кекіл болсын») жүргені сыншы назарынан 
тыс қалмайды. Өмірде кездесетіннің бәрі бірдей көркем шығарма нысанасы бола 
бермейтінің, жазушы болған оқиғаға қызығып, еш мақсатсыз сыдыртып жаза салғаннан 
көркем туынды болмайтынын еске салады. 
Сыншы К.Чуковскийдің «Екіден беске дейін» атты кітабына сілтеме жасай отырып, 
мынадай түйінді ой айтады: «... сәби қылғынан келтірілген қызғылықты мысалдар, балдай 
тәтті аңғал сөздер жалпы естияр, ересек оқушыларды сергітіп, жадыратып, қуанышқа 
бөлейтін, сонымен бірге бүлдіршіндер психологиясын зерттеушілер, педагогтер, ата-аналар 
үшін аса құнды материалдар болып табылғанымен, жасөспірім жанына көп жағдайда 
керемет эстетикалық әсер ете қоймауы мүмкін. Өйткені балаға бала мінезін сырттай 
бақылаудан байқалған натуральды бір шындықты көркемдік мәніне келтірмей, жай қайталап 
шығу барлық кезде бірдей таңсық бола бермейді. Оған кәдімгідей ойландырып, белгілі бір 
сезімге берілдіріп, тебіренте алатындай, біреулерінен жерісе, біреулеріне еліктер 
кейіпкерлері бар, айқын моральді, қызық оқиғалы нағыз қастерлі шығарма қажет. Жас 
буынға үлкендер қылығын сөз еткенде де біз, міне, дәл осындай, тек балалар әдебиетінің өз 
табиғаты талабынан ғана шығуымыз керек». (3, 341). 
Қай заманда болмасын, балалық шақ - адам өмірінің асқақ арманға, шексіз қиялға 
толы кезі. Осы қиял, осы армандардан өмірлік биік мұраттар туындап отырған. Сондықтан 
да сыншы Зейнолла Серікқалиұлы, әрине, көркем дүниенің барлығына, оның ішінде бала 
қиялын қанаттандыратын, баланың эстетикалық талғамын қалыптастыратын балалар 
әдебиетіне бей-жай қарай алмады, қашанда «арман аспаны биік болуын» қалап, өзінің 
білген-түйгенімен ақын-жазушыларымызға үлгі болып, оларды қасан схемадан шығару үшін 
еш аянбады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет