Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет58/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   155
Франческо Петрарка (1304-1374) – көрнекті ақын, ойшыл, ғалым. Оның шығармашы­лы­ғын­да Италиядағы қайта өркендеу дәуірінің ерекшеліктері айқын сезіледі.
Петрарка 1304 ж. 20 шілдеде Ареццо қаласында дүниеге кел­ген. Оның отбасы 1312 ж. Авиньонға қоныс аударады. Петрарка жас кезінен рим әде­бие­тін көп оқиды. Әкесінің айтуы бойынша, ол әуелі Монпельеде, соңынан Болонья университетінің заң факультетінде оқыған. 1326 жылы Петрарка әке-шешесінен айырылғаннан соң заңгер қызме­тінен бас тартып, Авиньонда дін қызметкері болып тағайындалады да, Папаның сарайына жақындайды. Оның материалдық жағ­дайының жақсаруы ақынға ренессанстық гуманизмнің болмысы жағынан антиклерикалдық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Көп ұзамай ол өз заманын­дағы әйгілі ақындардың біріне айналып, оның алдына барлық Авиньондағы аристократия­лық үйлердің есігі ашылады. Мұндағы асқан байлық пен екіжүзділікті Петрарка бірнеше шығар­ма­ларында әшкерелеген.
1327 ж. Петрарка әулие Клара шіркеуінде сұлу әйел­мен кездеседі. Оған арналған өлеңдері Лаура деген атпен тарихта қала­ды. Бұл әйел туралы нақты мәлеметтер сақтал­маған, бірақ ақынның оған деген махаббаты өмірінің соңына дейін сақталады.
Негізінен Петрарканың шығармашылығын 3 кезеңге бөліп қа­рас­тыруға болады. 1318-1333 – оның білім алу жылдары. Петрарка­ның ең ерте жеткен өлеңдері латын тілінде жазыл­ған, бірақ 20-шы жылдары Петрарканы Цицерон және Вергилийге қарағанда, өзінің халық тілінде жазған ақындар қызықтырған. Оның поэтикалық негізі кейінгі «жаңа стиль­мен» байланысты болған. 1333-1363 ж. Петрарка шығармашылығының кемелденген кезі болған. Бұл аралықта «Канцоньереге» енген италия тілінде жазылған көптеген өлеңдері мен латын тілінде жазылып, аяқталмай қалған «Африка» (1339-1341) атты батырлар дастаны, «Атақты­лар туралы» (1338-1358) тарихи–биографиялық шығармасы, «Өлеңмен жолдау» (1350-1352), «Жалғыздық өмір туралы» (1346) трактаты сияқты шығармалары жарық көрген.
Петраркалық «классицизм» латындық гексаметриялармен жа­зылған батыр­лық поэма «Африкада» толық көрініс тапқан. ХІY ғ. гумманизм үшін «Африка» бағдарламалық шығарма болып табы­лады. Петрарканың мақсаты ұлттық эпопеяны жасау болғандықтан, ол Италия халқының өміріндегі басты оқиға, Римнің Карфагенді жеңгендігін және Сципион триумфын бейнелейді. Петраркада афри­калық Сципион халықтың бетке ұстары ретінде ғана бейне­лен­бей, сонымен қатар ол Италияны «жабайылардан», жатжұрттық­тардан азат еткен халық батыры болған. Осыдан біз поэманың қазіргі заманмен және Петрарканың саяси гум­ма­нистік бағдарла­масымен байланысын көре аламыз. Поэмада республикалық Рим тарихы ұлы бір бейне ретінде көрсетілген.
Петраркалық «классицизмінің» келесі бір көрінісі оның «Танымал адам­дар» атты тарихи шығармасында бейнеленген. Мұнда Петрарка антикалық тарихшылардың шығарма­ларын баян­дай отырып, «ұлы республикан­дық­тардың» бейнесін жасап, осы арқылы өзінің замандастарының ұлттық санасына әсер етуге тырысады. Осылай гуманистік тарихнама мен көркем-философия­лық биографияларды тарихи құжаттар негізінде көрсету бастау алады.
Петрарканың Миланға қоныстануына оған ғылыммен емін-еркін айналы­суға жасалған кең мүмкіндіктерден басқа да себептер болады. 1361 ж. Петрарка Венецияға қоныс аударады. Өмірінің соңын Франческа да Каррардың қонағы ретінде Падугада және Евганей тауларын­дағы Арквада өткізеді. Петрарка 1374 ж. 19 мау­сым түні Арквада мәңгілікке көз жұмады.
Петрарка шығармасының соңғы кезеңі де ұлы периадалармен байланысты болған. Өмірінің соңғы кезіндегі негізгі шығармалары - «Жеке өмір ісіндегі хаттар» және «Қарттық хаттар».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет