Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



бет59/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   155
Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



  1. Ренессанс өнерінің маңыздылығы.

  2. Қайта өрлеу дәуіріндегі мәдениеттің қалыптасуна жасалған алғышарттар.

  3. «Жағымда жаңы стиль» поэтикасы.

  4. Дантенің «Құдіретті комедиясына» тән аллегория.

  5. Ф. Петрарка шығармашылығында көрініс тапқан гуманизм идеясы.

Неміс, голланд, француз әдебиеттері

ХІY-ХY ғ. неміс империясының феодалдық жүйесіндегі дағда­рыс­қа байла­нысты бүкіл неміс феодалдық-рыцарьлық мәдениет тоқырауға ұшырайды. Елде аймақтық князьдардың толқулары орын алып, империялық рыцарьлар қарақшыларға айнала бастай­ды. Халық ара­сында ақыры Реформация дәуірі мен Ұлы шаруалар көтерілісіне әкеліп соқтырған бүліктер көбейе түседі. Рыцарь­ларға қарсы ХІY ғ. соңында өзара одақтарға бөлінген (швабтық қала­лар одағы және Рейн одағы) тұрғындар көтеріліске шығады. ХY ғ. шаруалар көтерілісі бірі­нен кейін бірі орын ала бастай­ды. Бүлікші­лер­­дің өз ара­сын­да уағыздаушылары мен пайғам­бар­­лары болған. Осындай тол­қу­­ларға толы уақытта импе­ра­торлық билік басындағылар фео­дал­дарды жақтап, сауда және қолөнер салаларында өз жетістіктерімен танылған неміс қалалары гүлдене бастайды.


ХY-ХYІ ғ. Германияның мәдени өмірінде қалалар үлкен маңыз­ды­лыққа ие болатын. Мә­дени дамудың дәлелі ретінде ХY ғ. ортасында кітап баспа ісінің пайда болуын мысалға келтіруге болады. ХY ғ. соңына қарай Германияның қалаларында 53 типогра­фия мен бірне­ше университеттердің негізі қаланады. Енді елдің рухани өмірінің негізгі ошағы қорғандар емес, қалалар болады. Мұндай жағдайлардың барлығы кейінгі орта ғасырдағы неміс әдебие­тінің дамуы­на өз әсерін тигізеді. Орта ғасырдың соңғы кезеңдерінде Германияда кей кездері рыцарьлық поэзияның өкіл­дері де өз шығармалырында куртуаздық қағидаларды бұзып, шынайы өмірдегі күнделікті тір­шілікті де суреттейтін болған. Сондай талантты ақындардың бірі ретінде Освальд фон Волькештейнді (1377-1445) атап өтуге болады. Ол көбіне куртуаз­дықтан бас тар­тып, дидак­ти­калық және сатиралық шығармалар жазған бюргерлік орта жазу­шы­ларымен қатар айты­лады. Кейінгі орта ғасыр бюргерлік әдебиеттің кең таралған жанр­ла­рына дидак­ти­­калық жанрды жатқызуға болады. Ақындарды неміс империясында орын алған ұйым­сыздық пен алауыздық алаңдатады. Олардың көбісінің шығарма­шылығы өсиетті са­рында жазылғаны­мен, онда қоғамдық ортада оппози­циялық көңіл-күйдің өскенін көрсететін әлеу­меттік қайшы­лық­тар туралы да айтылады. Мұндағы «дидактика» «сатиралық дидак­тикаға» айна­лады. Олар қоршаған орта мен өмірдің барлық тұстарын қамтуға ұмытылады.
Бюргер поэзиясында мысал өлеңдер үлкен маңыздылыққа ие болады. Ол бюргерлік әдебиеттің эстетикалық, өсиеттік талапта­ры­на сай болатын. Осы жағдай аллегориялық поэмалардың пайда болуына әкеледі. Аллего­рия­лық поэмаларда түрлі мәселелер қарастыры­латын. Осылайша, білімділік пен жақсылық тақырыбына арналған Мюгельннен шық­қан Генрихтің (1371 ж. қ. б.) «Қыз тәжі» атты поэмасы жарық көреді.
Орта ғасыр мен Қайта өрлеу кезеңдеріндегі неміс әдебиетінің тарихында неміс шванк­тары38 ерекше сипатқа ие болады. Олар қарапайым ертегі сарынында жазылған, керемет рыцарьлық эпос­тар­ға қайшы келетін формада жазылатын. Француздық фаблиомен қатар келетін неміс шванктарында қарапайым адамдардың әзіл-қалжыңы, айлакерлік пен қулыққа толы өмірі суреттеледі. Онда түрлі тап өкілдері, тіпті басшылар да ақымақ етіп көрсетіледі. ХІІІ ғ. Штрикердің бас кейіпкері тапқыр әрі айлакер, әзілқой әрі қу шіркеу әкейі болған «Поп Амис» атты кітабы жарық көріп, халық арасында кең тарап, үлкен маңыздылыққа ие болады.
Германияда, әсіресе ХY ғ. соңғы онжылдығында елдің буржуа­зия­лық дамуы орын алып, неміс Ренессансы жайлы айтуға мүмкін­дік берген жаңа мәде­ниет қалыптасады. Неміс гуманизміне бірқатар ерекшеліктер де тән болатын. Ол қоғамдық қайшылықтар өрши түскен алдағы Реформация кезеңінде дами түседі. Осы құбылысқа байланысты ендігі жерде сатираға бет бұру кең етек алады. Неміс гуманис­тері католиктік клирдің обскуранттігі мен ұятсыздығына қарсы шыға алады. Осы тұрғыдан, олар тіпті өздерінің италиялық ұстаз­дарынан да асып түседі. Олар ежелгі дәстүрге де италиялық гуманистері сияқты қарамаған. Ертедегі авторлардың ішінен діни наным-сенімдерді әшкерелеген сатирик Лукиан үлкен атаққа ие болады. Оның ойлап тапқан сатиралық диалог формасы неміс гуманистік әде­бие­тінде кеңінен қолданылады.
Гуманистік қозғалыс ХІY ғ. ортасына таман Италияда орын алып, біртіндеп Солтүстікке таралып, ХY-ХYІ ғ. басына қарай Орта­лық және Солтүстік Еуропаны, Франция, Германия, Голландияны, кейін­нен Англия­ны да қамтиды. Жаңа әлеуметтік, ұлттық және идеоло­гия­лық шындық­пен беттесе оты­рып, олар мазмұны жағынан өзгере бастайды. Бұрынғы италиялық гуманистер қатаң түрде филологиялық және этикалық сұрақтарға тоқ­тал­са, кейінгі гума­нистерді натурфилософия, саясат, жараты­лыстану ғылым­дары қызықтыра бастайды.
Неміс гуманизмінің бастауы ХІY ғ. соңында Карл ІY (1346-1378) тұсында император резиденциясына айналған Прага қаласында тамырын жайған. Дәл осы жерде жаңа неміс әдеби тілінің ерте үлгілер мен Заацтан шық­қан қалалық жазушы Иоганның (ш. 1350-1414) «Богемдік диқан» сияқты Ренессанс қарсаңындағы неміс прозасының тамаша ескерткіштері пайда болады. Бұл шығармада ортағасырлық дүние­та­ныммен қатар жаңа гуманистік са­рын­дар да кездеседі. ХY-ХYІ ғ. адам мен өлім арасындағы диалог ретінде жазылған бұл шығар­ма халық арасында кең тарайды.
Неміс гуманизмінің ең жарық әрі сөнбес жұлдызы Франкония тұрғы­ны, шаруа отбасы­нан шыққан Конрад Цельтис (1459-150) болған. Цельтис болашақ гуманистік мәдениет үшін мықты күрескер ретінде түрлі қалаларда (Гейдельберг, Краков, Вена) әдеби және ғылыми қоғам құрған. Сонымен қатар ол қажымайтын педагог, ескі жазбаларды жинақтаушы тарих­шы әрі музыкант ретінде де танымал болған. Өзінің саяхаттауға деген құштар­лығы мен білім­ге деген құмарлығының арқасында Цельтис қаладан қалаға көшіп отырған. Ол Вена университетінде поэтика мен риторикадан дәріс бере жүріп, өзінің айналасына жергілікті ғалымдар мен ақындарды топтасты­рады. Оның адамгер­шілік жағынан көтеріліп, дамуы да алғаш осы универси­тетте бастау алады. Цельтис лиризмі арқылы өз замандастарынан әлдеқайда алда тұрған. Оған діни мотивтер жат болды деп айтуға да болмайды. Бірақ, неміс гуманистерінің арасынан ешкім де дәл Конрад Цельтис секілді «пұтқа табынушы» болмаған.
Эразм Роттердамский таза неміс жазушысы болмаса да, неміс гуманизмі­нің дамуында маңызды орынға ие болады. Ол неміс қалаларының бірінде тұрып көптеген неміс оқымыс­тылары және атақты жазушыларымен жақын араласады. Оның елдегі абыройы әр кезде туындаған өзінің жаңа дүниеге деген көзқарастарын білдіруге сәтті қадам болады. Ол сатирик ретінде өзінің шығарма­ла­рына ХY-ХYІ ғ. неміс әдебиетіне тән «ақымақтар жайлы әдебиет» атты тақырыпты арқау етеді. Оның ортағасырлық варва­ризм­нен толық алшақтаған латын тілі ежелгі Рим тілінде жазуды дұрыс көрген неміс гуманистеріне қызмет еткен. Оның Евангелия мәтіні­не көзқарасы, адам мен оның мінез-құлқын бірінші орынға қоюы рефор­мация қарсаңындағы үлкен маңыздылыққа ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет