Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет60/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   155
Нидерландық әдебиет ХІІ ғ. фольклорлық эпикалық дәстүр мен фламан­дық-бра­бант­тық әдеби дәстүр негізінде қалыптасқан. ХІІ ғ. екінші жартысында Оңтүстік Нидерландта зиялы әдебиеттің халық тілінде жазылған алғашқы үлгілері фламандық ақын Хендрик ван Фельдекенің шығармашылығында пайда бола бастайды. Ол неміс миннезангысының негізін салушы ретінде Генрих фон Фельдеке деген атпен әдебиет тарихынан орын алады.
Дидакти­калық жанр моралистер арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан. Соның ішінде Якоб ван Марлант (1235-1300) пен «Түлкі Рейнарт туралы» эпостың авторы сияқты сати­риктердің кезінде дами бастайды. Аллегориялық форма риторлар үшін үлгі болып, оны XYІІ ғ. гуманистері де пайдаланады. Ұлттық тілде жазылған проза­ның алғашқы үлгілерін Хадвейх (Гадвиг, ш. 1200-1269) пен Ян ван Рейсбрук (1293-1381) ссекілді мис­тиктер жарыққа шыға­рады. Жасанды, эмоциональды мисти­цизм сол уақыт­та шіркеулік догмалардан рухани таза­ру­дың бір тәсілі болады.
Мистицизм Нидерландта дін ілімі формасында белсенді құбылысқа айналады. Бұл қозғалыс XIY-XYI ғ. «жаңа тақуалық» деген атқа ие болып, қалыптасып келе жатқан үшінші таптың мүддесін қорғап, осы дүниедегі тақуалық пен әркеттілікке жол ашады. Ол рухты еске ала отырып, тәнді зерттейді. Нидерландтағы алғашқы гуманизм ошағы ретінде «Ортақ өмір бауырлас­ты­ғының» маңызы зор болады. Ол XIY ғ. соңынан бастап Девентерадан (сол­түстік Нидерландтан) бастау алып, ел ішіне кең тарай отырып, тіпті Герма­нияға, Франция, Швей­ца­рияға дейін жет­кен. Кейінірек монастырьларда латын­дық мектептер ашылып, ХY ғ. соңына қарай Девентерадағы кітап баспалары Гесиод, Плутарх, Эзоп, Сенека, Вергилий, Плавт, Пет­рарка барлы­ғы 600 инкунабула (incunabula латын тілінен аударғанда бастау деген мағына береді) басып шығарады.
Эразм Роттердамскийдің зор еңбегінің арқасында нидерландық гуманизм әлемдік абыройға ие болады. Эразм латын тілінде жазыл­ған жаңалатындық прозаның асқан шебері бол­ған. Ол Еуропаның түрлі елдерінде (Франция, Англия, Швейцария, Германия) өмір сүріп, оқыған. Жазушы жалпы еуропалық гуманистік қозғалыстың көшбасшыларының бірі сана­ла­ды. Эразмның рухани қалыптасуына қасиетті мәтіндерді ғылыми негізде оқып, зерттеуге шақырған оксфордтық гуманистер мен реформатролардың (Джон Колет, Томас Мор, Джон Фишер және т.б.) бір тобымен жақын таныстықтары көп әсер етеді. Англияда Эразм алғаш рет неоплатондықтардың гуманистік идеясын сезініп, грек тілін үйренеді. Эразмның «Жаңа тақуашылық», яғни схолисти­ка­лық әдістерден алшақтаған, Інжілдің жаңа, филологиялық ізде­ніс­­тері Гротенің мәдениетін жалғастырады. Эразм өзінің дінге деген фило­со­фиялық көзқарастарымен шіркеудің негізгі догмаларын жоя отырып, орта ға­сырдағы авторитарлық рухқа қарсы шығып, діндегі еркіндіктен ой еркіндігіне көтеріледі. Эразм құлшылыққа ғылыми тұрғыдан сипаттама беріп, гуманистік баста­ма енгізеді.
1516 ж. Роттердамскийдің «Христиан патшасы» еңбегі жарық көреді. Эразм бұл еңбекте өзінің саяси-әлеуметтік ойларын ашық айтып, патшадан қара басын ойлайтын, халықтың қорқынышын тудыратын қатыгез патша ретінде емес, тек халық­тың мүддесін ойлап, оған қызмет ететін қара қылды қақ жарған әділ патша ретінде елді басқаруды талап етеді.
Оның «Әлемнің арызы» атты еңбегі сол дәуірде басылуға рұқсат етілме­генімен, бұл туынды еуропалық мәдениеттің ең құнды дерек көзіне жатады. Онда сол кездегі қоғамға айтарлықтай әсер еткен жазушының терең ойлары келтірілген. Осындай ойшылдың бастамасымен Ян Амос Коменский, Уилям Пенн, Шарль Ирине де Сен-Пьер, Жан-Жак Руссо, Иеремия Бентам, Имма­нуил Кант сияқты еуропалық ұлы ойшылдар әлемдегі соғысты жойып, халық­тар арасында бейбітшілік орнату мәселелерін жиі көтереді.
ХYІ-ХYІІІ ғ. Эразмның «Христиандық соғысқа басшылық» (1504) атты діни-этикалық трактаты оқырмандар арасында жоғары бағаланады. Бұл шығарма діни наным-сенімдерге, жалпы католиктік шіркеудің күшіне қарсы бағытталып, онда шіркеудің беделі мен оның қасиетті кітабындағы мәтіндер өткір сынға ұшырайды. Эразм ең бастысы «рухани сенім» деп, өзінің ең жемісті еңбегі ретінде грек тілінде жазылған «Жаңа әлем» (1516) туындысы мен оның жаңа латынша аудармасын көрсеткен. Эразм онда «Қасиетті жазба» кітабын тарихи сынның ғылыми әдістерін пайдалана отырып, Інжілді рациональды сыннан өткізуге негіз салған.
«Ақымақтықты мақтау» - Эразмның ең танымал туындысы (1509). Мұнда автор дидактикалық шекаралардан ұялмай қоғамды түрлі жағынан қарасты­рады, ондағы өмірдің на­ғыз мәні мен бақыт, білім, дін сияқты ұғымдарға үлкен көңіл бөледі. Бұл шығарма ұлы әде­би туынды, сонымен қатар философия­лық трактат, психологиялық айна және діни диат­ри­ба да болған. Классикалық схеманың компоненттері мен схоластикалық тәсілдер, түрлі әңгімелер, монолог пен поэзиядан тұратын бұл шығарама құрылымы жағынан ораторлық өнер­дің қатал үлгісіне жатады. Эразм иронияны сыпайылық пен күлкінің, ақылдылық пен ақы­мақтықтың және т.б. бірлігін ашудағы құрал ретінде қарас­тырады. Эразм күлкі әдебие­тін­дегі нидерландық, неміс, орта және ерте гуманистік мәдениетті байытып, одан әрі дамытуға барынша ат салысады.
Философиялық тұрғыда жазыл­ған Эразмның шығармаларында адам­ның қалыптасуы, оның қоғамдағы орны мен жеке ерекшеліктері туралы көп толғанып, оған түрлі атаулар қолданып, оның барлық қасиеттеріне баға берген. Жазушының педагогикалық идеяларын біреулері құптаса, басқа­лары оның әлеуметтік сатирасын және этикасын жоғары бағалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет