Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет61/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   155
Франсуа Вийон. Ортағасырлық француз әдебиетінің қоры­тын­дылаушысы және оның болашақтағы жетістіктерінің бастаушысы Франсуа Вийонның шығармашылығы болады. Вийон (1431-1463) поэзиясы көптеген зерттеушілердің назарына іліккенімен, ол туралы жалпы мәліметтер өте аз.
Вийонның шығармашылығында Ренес­санстың жақындағанын білдіретін жарқын белгі болған. Ақын керемет күші мен өзіндік лирикалық «мені» арқылы өзі өмір сүрген дәуірін шынайы суреттей алған. Вийон поэзиясы ұлттық нақышта, дәстүрлі болып көрінуі мүм­кін, себебі ол синонимдер мен рифмаларды қолдана отырып, баллада, рондо, өлеңдер, калам­бур­лар жазған, жалпы оның шығар­ма­шы­лығы сыртқы құрылысы жағынан ортағасырлық поэти­каның шегінен асып кете алмайды. Ол бірде кенеттен ортағасырлық лирикаға тән иронияға ауысып, бірде керісінше, «рух пен дене» арасындағы сұрақтар мен жер бетіндегі түрлі қиын­шы­лықтарға да тоқталып отырады.
Вийонның негізгі туындысы - «Өсиет», ол кейінірек, ақынның көзі тірі кезінде «Ұлы өсиет» аталып кетеді (1461). Ол 186 сегіз жолдық шумақ, 16 баллада мен 3 рондодан құралған. Мұнда ақынның шығарма­шы­лығы мен өмірлік мақсаты ерекше сипат алған. Ақын өз сүйгенінің қиянатын да, аштық пен қуғын-сүргінді де, түрмені де басынан кешіреді. Алайда сол кезде ақынның шоқты жанарынан күшті, бір тудың астына біріккен Францияны көруге болады. Қаңғыбас ақын патшалық биліктен тек қана дұшпанын емес, сонымен қатар тірегін де көреді.
Вийон өз шығармашылығында ресми феодалдық-діни идеоло­гия­ны көрсе­ту үшін адам­дық жеке тұлғаны ең бірінші орынға қойған. Осы арқылы ол Қайта өрлеу дәуіріне қадам жасап, жарқын жолдарға бағыт сілтеген жаңашыл ақын болған.
Маргарита Наваррская. ХYI ғ. I жартысында Франциядағы ірі гуманис­тік және әдеби орталықтардың бірі Маргарита Наваррскаяның (1492-1549) сарайы болған. Өте білімді және ежелгі тілдер мен италия тілін жетік меңгер­ген Наваррскаяның жазушылық еңбегі өте жеміс­ті болады. Өз шығармашылығы арқылы өзінің гуманистік идеяларын ашық жариялайды. Наваррская адам ойы мен сезімінің орта­ға­сырлық аскетизм мен схоластиканың жәбірінен босауын арманда­ға­нымен, ежелгі адамгершілік және діни дүниетанымнан бас тарта алмайды.
Оның француздық Ренессанс рухындағы Боккаччоның «Декаме­ронына» еліктеп жазылған «Гептамерон»39 (грекше «Жеті күнге арналған күнделік») атты шығармасы халық арасында кең тарап, оның атын тарихта мәңгі қалдырады. «Гептамерон» аптаның жеті күніне арналып, жеті циклге бөлінген, қызықты әрі тәрбие беретін жетпіс екі новелладан тұрады. Ол 1558 ж. «Бақытты ғашық­тар туралы хикая» деген атпен жарық көреді.
«Гептамерон» француз Қайта өрлеуіне тән идеялық қайшы­лықтар мен сипаттарды зерттеуге мүмкіндік беретін маңызды тарихи құжат болып табылады. Шығармада келтірілген новеллалар тұрмыстық материалдармен қоса, дәуірдің түрлі идеялық және адамгершілік ұмтылыстарын айқын көрсетеді.
ХY ғ. басында Қайта өрлеу дәуірінде үлкен маңыздылыққа ие болған әдеби жанрлардың бірі новеллистика қалыптаса бастайды. Францияда ол италиялық үлгілерінің әсерімен шумақтық фаблиодан бастау алады. Кейін ке­ле, айқын сатиралық бағыттағы күнделікті тұрмыстық әңгіме ретінде тарайды. Сол дәуірде кең тараған новеллалар жинағына «Жүз жаңа новелла» жатады. Бұл жинақ Ла Саль атымен де байланысты болған. Жинақтағы новеллалар түрлі әңгемешілерге тиесілі болға­нымен, олар стиль тұтастығымен ерекшеленеді. Осы әзілге толы кітаптың авторы деп саналатын Антуан де Саль (ш. 1388-1461) аван­тю­рист-рыцарьдың ұлы болған. Болашақ рыцарь жас кезінде түрлі жолдардан өтіп, атпен жүруді, сайысқа түсуді үйреніп, геральдика40 мен куртуазды заңды жетік мең­гер­ген. Ла Саль прозаның асқан шебері болған. Оның бейнелеу­лері қарапайым болғанымен, оның тілі өте жеңіл әрі түсінікті болып келеді. Ла Сальдің ғажайып неміс рыцарьлары жайлы шытырман оқиғалары Тайгейзер туралы неміс аңызына ұқсатылып жазылған фантастикалық роман іспетті құрылған.
Ла Сальдің келесі шығармасы «Кішкентай Жан де Сентре» романы (1456). Бұл - туынды­ның төрттен үш бөлігі әскери дайындық, әйелге деген серілік қатынас, дворян­дық белгі­лер мен рыцарьлық сайыстар жайлы жазылған дидактикалық шы­ғарма.
Антуан де Ла Сальдің шығармашылығында көркем суреттел­ген куртуаз­дық рыцарьлар мен қалыптасып келе жатқан буржуа­зия­лық ортаның арасында­ғы қайшылық осы дәуірдегі басқа да шығармаларда орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет