Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет20/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
-би, -ми, - пи, -ши, -қи, -ки: ілми, барби, ұрпи, ақси, тырси, мықши, жылми, өңки, тыңқи.
Кейде тілде қалыптасқан, орны бар морфологиялық тұлғаларды бей-берекет орынсыз қолданып, теріс жұмсау кездеседі: Бұл істі асығыссыздықпен жүзеге асыру керек (дұрысы - асықпай).
Сондықтан сөз таптарының немесе сөз тудырушы аффикстер мен сөз түрлендіруші аффикстердің бір-бірінен оқшау қолданылу сырлары анық байқала бермейді. Өз табиғатында жекелік ұғымға негізделген сөздер көптік жалғаулар арқылы көптік мән алады. Қазақ тіліндегі кей сөздер сол күйінде, қосымшасыз-ақ көптік мағына бере алады. Бұлар көбіне топталған, жинақталған заттардың атауы болады. Бірақ кейде жазушы не басқа автор өз ойын тұспалдап жеткізу үшін жинақты зат атауларына көптік жалғау жалғап та қолданады. Бұндай реттерде зат атаулары өзінің тура мәнінде емес, ауыспалы мәнде айтылады, көп ыңғайда жансыз зат жандыға айналады. Көптік жалғау осындай мәнді туғызудың тәсілі болады. Жинақтық мәнді зат есімдерге көптік жалғауларын қосып қолдану кеңсе стилінде немесе ғылыми әдебиеттер стилінде кездесе бермейді. Мұндай сөз қолданыстары, әрине, тек көркем әдебиет пен публицистикалық шығармалар тіліне ғана тән. Көптік жалғау сан есімдер мен үстеулерге жалғанса, ол көптік мағына бермей, долбарлы, шамамен алғандағы мөлшерді, мерзімді білдіреді. Мұндай сөз қолданыс әрине, ресми қаулы-қарарлар, анықтамалар мен ақпарлар, куәліктер тіліне тән емес. Көптік жалғауларының бұл қызметі көркем әдебиет тілінің, сөйлеу тілінің, публицистиканың ерекшелігі. Сөз жүйесінде септік жалғаулары да айрықша көңіл аударуды қажет етеді. Өйткені олар тек сөз бен сөзді байланыстырып қана қоймайды, жалғанған сөзіне қосымша мән де үстемелейді. Айрықша көңіл аударатын септік жалғауларының бірі – ілік септігі. Оның жалғаулары бірде айтылады да, бірде айтылмай түсіп қалады. Бұл тек грамматикалық құбылыс қана емес, сөз қолданыспен ұштасатын ерекшелік. Ілік септігі сөз меншіктілікті білдірмей, абстрактылы немесе жалпылық қатынасты білдірген жағдайда жалғауы түсіріліп айтылады. Сол сияқты жалпының жалқыға, бүтіннің бөлшекке қатысын білдіретін реттерде де ілік жалғауы түсіріліп айтылуға бейім болады. Күрделі атаулардың құрамында ілік жалғауы бірнеше рет қайталануға тиіс болса, солардың тек біреуі, кейде екеуі ғана түсірілмей толық айтылады да, басқалары түсіріліп айтылады. Сол сияқты екі сөздің тіркесімі арқылы жасалған кейбір атаулардың құрамындағы ілік септік жалғауы түсіріліп айтылады. Қазақ тілінде бірде сөз табыс жалғауымен келеді де, бірде табыс септік мәнді болса да, жалғаусыз айтыла береді. Табыс жалғауы кейде шығыс септік жалғауымен жарыса қолданылады. Жатыс септікте тек мезгіл мәнді кез, шақ, уақыт т.б. сияқты сөздер ғана емес, сонымен қатар лексикалық тұрғыдан оған жатпайтын сөздер де мезгілдік мән ала алады. Кейде табыс септік пен шығыс септіктің тұлғалары мәндес қолданылады. Ауызекі сөйлеуде, «қалтаңдағы ақшаңнан жұмса», «қалтаңдағы ақшаңды жұмса» деп мәндес қолдану жиі кездеседі. Егер айтылып отырған іс-әркетке сол зат түгел қатысты болса ғана табыс тұлғасын қолдану орынды, ал ішінара қатысты болса шығыс тұлғасын қолдану дұрыс болады. Көмектес септік жалғауы мекендік мәнде жатыс септік орнына жұмсалады. Септік жалғауларын дұрыс қолдану, ең алдымен, олардың грамматикалық ерекшеліктерін, мағыналарын білу деген сөз. Қолдану сипаты тұрғысынан назар аударатын грамматикалық категорияның бірі – сын есідердің заттануы, сөйтіп зат есім мәнінде қолданылуы. Сөйлеуде болсын, жазба тілде болсын сын есімдердің зат есім мәнінде қолданылуы – сөздің жинақы, ойдың образды болуы үшін ұтымды тәсіл. Дегенмен, сын есім атаулының бәрі бірдей заттанып, зат есім мәнін алуға бейім бола бермейді. Сапалық сын есімдердің көпшілігі-ақ сондай мәнде жұмсалуға бейім болса, кейбір қатыстық сын есімдердің мұндай қасиеті жоқ. Ауызекі тілде әр кез кездесетін «әлгі құлықсыз келді», «құнтсызбен жолдас болма» тәрізді конструкциялар жазба тілде кездесе қоймайды.
3. Тіліміздегі сөздердің кейбір топтары белгілі бір стильдік салаға тән болып, қалыптасқан жүйеде ғана қолданылатыны тәрізді, кейбір морфологиялық тұлғалардың да бір жүйеде ғана, бір ыңғайда ғана қолдануға бейімділігі көзге түседі. Морфологиялық құрамы тұрғысынан кеңсе стилі мен ғылыми стиль бір-біріне жақын, бір-бірімен орайлас. Сол сияқты публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилі бір-бірімен үндесіп жатады. Соған орай публицистикалық стильде жиі кездесетін морфологиялық тұлғалар көркем әдебиет тілінде де біршама жиі қолданылады. Ғылыми стиль мен кеңсе стилінде көп қолданылмайтын морфологиялық тұлғалардың бірі сын есімнің салыстырмалы және күшейтпелі шырайлары. Публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стиліне ғана тән айрықша морфологиялық тұлғаларды көрсету қиын. Бұл – олардың өзіндік ерекшеліктерімен ұштасып жатады. Публицистикада да, көркем әдебиетте де әдеби тілге тән морфологиялық тұлғалардың барлығы бірдей қолданылады. Кейде тіпті әдеби нормаға жатпайтын, халық тілінің жергілікті ерекшеліктері деп танылатын грамматикалық тұлғалар да ретіне қарай жұмсалып отырылады. Кеңсе стилі мен ғылыми әдебиеттер тілінде ұшыраса қоймайтын экспрессивті-эмоциялық мән туғызатын грамматикалық тұлғалар жиі кездеседі және олар белгілі дәрежеде авторлық өңдеуден өтіп, қосымша реңк алады. Морфологиялық тұлғалардың қолданылу ерекшеліктеріне қарай жазба тіл мен ауызекі сөйлеу тілін айырып қарау қажет. Сөйлеу формасының бұл екі түрінің айырмашылығы бірінің дауыс интонациясына, ал екіншісінің жазуға негізделуінде ғана емес. Ауызекі сөйлеу тілінде жеке сөздердің қолданылуының бір ізге түсе бермеуі тәрізді, морфологиялық тұлғалардың қолданылу жүйесі де қатаң сақтала бермейді. Сөйлеудің ол формасында, ең алдымен, күрделі етістіктерді барынша қысқартып, бір сөз есебінде айту басым. Сондай-ақ жүйеге түсіп қалыптасқан жазба тілде ұшырай бермейтін басқа да құбылыстар ауызекі сөйлеуде кездесе береді. Жазба тіл о баста ауызекі сөйлеу тілінің негізінде қалыптасса да, дами нормалары қалыптаса келе, ауызекі сөйлеу тіліне қарағанда жүйеленген, құрамындағы грамматикалық тұлғалары қызметі мен мәні жағынан кең қолданыстағы, аутенттілігі жоғары тіл болды. Алайда ауызекі сөйлеу тілі айтылар ойды қосымша эмоциямен, экспрессивтілікпен толықтырып жеткізуде жазба тілде жоқ ерекше тәсілдерді пайдаланады. Айтушы өз ойын айтқанмен, сөзбен жеткізе алмайтын немесе айтқысы келмейтін жерлерін көз бен беттің құбылысы арқылы, не қол қимылы, әлде дауыс интонациясы арқылы аңғартады. Кей реттерде сөздің қай мән, қай мақсатта айтылып тұрғаны сөйлеушінің дауыс ырғағынан байқалады. Бұлардың барлығын жазу арқылы белгілеу мүмкін емес. Мұндай реттерде жазба тіл грамматикалық тұлғалардың қызметін, мән-мәнерін саралап, жіктеп қолданады да, сол арқылы қосымша мән-мәнерді беруге ұмтылады.
4. Экспрессивті-эмоциональды лексика жасайтын кейбір морфологиялық тұлғаларға -сымақ (адамсымақ т.б.), -сып/-сіп (адамсып, үлкенсіп т.б.), -қалақ (ұшқалақ т.б.), -алақ (бұлталақ т.б.), -мсақ/-мсек (тілемсек, сұрамсақ т.б.) аффикстерін жатқызуға болады. Бұлар арқылы жасалған туынды сын есімдер юморлық портрет жасауда, қатты мысқыл айтуда, қысқасы суреттелетін объектінің басқадан оқшау ерекшелігін бір сөзбен жеткізуде қолданылатын дәл де өткір тәсіл бола алады. Мәніне орай мұндай бейнелі сөздер әжуа, күлкі, мысқыл, юморға бай келеді де, көбіне көркем әдебиет, оның ішінде фельетон, сықақ әңгімелерде көп кездеседі. Бір-біріне сырластық, достық, әлде туыстық қатынас мәні, үлкеннің кішіге қатынас мәні де қазақ тілінде арнаулы қосымшалар арқылы беріледі. Зат сынының әр түрлі дәрежесі шырай тұлғалары арқылы беріледі. Шырай тұлғалары, мұнымен қатар, экспрессиялық мән туғызудың да өнімді тәсілі. Сөздің экспрессивтілігін күшейтудің, сын-сапаның артық я кемдік дәрежесін білдірудің ұтымды бір тәсілі – сын есімдердің күшейтпелі шырайы. Көзбен көрген заттың сапасы туралы тек қана «жақсы» деп айту мен «жап-жақсы» деп айту мәні жағынан бірдей емес. Қарапайым сөйлеу стилінде мысалы «жақсы» деп қана айтылатын болса, заттың сапасы бірқыдыру жақсы, бірақ әлі де жақсарта түсуге болар еді деген ұғым туады. Ал зат сапасы жайында «жап-жақсы» деп айтса, бар қадарынша жақсы жасалған, ешбір кемдігі жоқ дейтін ұғым шығады. Бұл тұлға қарапайым сөйлеу стилінің басты элементтерінің бірі және поэзиялық шығармаларда аса жиі қолданылады. Экспрессивтілік мән күрделі етістік тұлғалары арқылы да беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет