Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет18/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68
Тапсырма:
1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.

Абылайдың асында шаппағанда, атаңның ... шабасың ба?. Әйел асқақтаса – жылағаны, еркек асқақтаса ... . Баба бүркіт барлап ұшады, бала бүркіт ... ұшады. Гүлсіз болса – жер мұңды, Күлкісіз болса – ... мұңды. ... қонғанша, молаға қон. ... болмай, ел болмас. Жабулы ... – жабулы күйінде қалсын. Замана – ..., тамаша – көрдікі. ... ерте-кештігі жоқ. Кәрі жілік малды амандамақ түгіл, өз ... сақтап алсын. Қабаған ... қайыр байлайды. «Лақпын» деп ойнайды тоқал ... . Маған тимеген жылан мың ...! Найзаңның ... тисін де сынсын. Озбыр олжа үшін өледі, Күншіл ... өтеді. Өгей шеше – сенімсіз, өгей бала – ... . Пайғамбар да күйеу баласын ... . Рахаттың түбі – реніш, Мехнаттың түбі – ... . Сабасына қарай піспегі, ... қарай – іскегі. Таба жолы – ... . Уайым – ердің ... . Ұғымы жоқтың – ... жоқ. Үйге кірген жыланға да ... құйып шығарады. Халқын сүйген ... да сүйеді. Шабан ат - өршіл, жаман адам – ... . Ықтиярсыз ашқан ... нұры жоқ. Іздеп алған ... емі табылмас.


2.Өзара синоним болатын фразеологизмдерді және мақал-мәтелдерді табыңыз.


Үлгі:
Фразеологизмдер: Маңдайы ашылу – бақ қону; ...
Мақал-мәтелдер: Тау мен тасты су бұзар, Адамзатты сөз бұзар – Қотыр қолдан жұғады, Пәле тілден жұғады; ...
Сағы сыну; Өзінің түйедейін көрмей, Біреудің түймедейін көрген; Тайға таңба басқандай, Ақ жүрген адам азбас; Сақалын сипап қалу; Көзді ашып жұмғанша; Тауы шағылу; Жығылып жатып, сүрінгенге күлген; Соқырға таяқ ұстатқандай; Аққа құдай жақ; Тақырға отырып қалу; Қас пен көздің арасында.

3. Берілген үзінділерден қосүнді сөздің қолданысындағы ерекшеліктерді көрсетіп, стильдік талдау жасаңыз.


Мына батырды болысы түскір тағы да жылқыға жұмсады-ау?! Тағы бір лаңға қалмасақ нетті. Төңірек біткеннің қыл құйрығын болыстың қорқау кҿмейіне тыға-тыға бұл Рысқұл бұрын не береке тапты? Әрең қойдырып едік, өзі де «енді жылқы алуға бармаспын деп серт беріп еді. Содан да болыспен екеуінің арасында сырқатты сызат түсіп еді. Мынау не жорық, қақпанға қайта түсті-ау, арланым, - деп Ахат іштен тынып бір күрсініп, Рысқұлды жұтып жіберген сайдың түбіндегі үрейлі қараңғылыққа үңіле қарады (Ш.Мұртаза).
Дауылбайдың қаһары қыстан жаман. Қыс өтер, көктем шығар, құстар қайтып оралар. Ал Дауылбай ше? Ол өткінші ме? Бұл дүниенің жүзінде өткінші емес кім бар дейсің. Бәрі де өтеді, Дауылбай да өтеді. Қара жер қараны да, төрені де, жарлыны да, байды да бірдей етеді. Бір өлмесе Ескендір Зұлқарнайын өлмес еді. Ол да кетті. Топырақ болды. Кім біледі, сол топырақтан бір байғұс балшық илеп, қыш құйған шығар... Ал Дауылбай кім Ескендірдің қасында(сонда).
12 практикалық сабақ тақырыбы: Грамматика және стилистика
Сабақ жоспары:
1. Грамматикалық стилистика туралы түсінік
2. Морфологиялық құрамның негізгі стильдік белгілері
3. Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы
4. Экспрессивті-эмоциональдық лексика жасайтын кейбір морфологиялық тұлғалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет