Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет16/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68
Бақылау сұрақтары:
1. Фразеология, фразеологизм дегеніміз не?
2. Фразеологизмдердің негізгі қасиеттері қандай?
3. Ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын фразеологизмдердің өзіндік ерекшеліктері қандай?
4. Публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилінде қолданылатын фразеологизмдердің табиғаты қандай?
Глоссарий
Фразеологизм – тіркес құрамындағы сөздер әуел бастағы негізгі, тура мағыналарынан айырылып, бәрі жиналып бір ғана ұғымды білдіретін тілдік бірліктер.
Фразеологиялық синонимдер – мән-мағынасы жағынан үйлесе келіп, бірінің орнына бірі балама болып қолданылатын тұрақты тіркестер.
Мақал – өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт немесе жалпы байымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы.
Мәтел – халық арасында көп тараған, қорытындысы болмайтын, тұжырымы тиянақталмаған, қарама-қарсы шендестіруі жоқ, ықшам да кестелі халық сөзі.


Тілдегі фразеологизмдердің экспрессивтік стилистикалық ерекшелігі. Лексикалық бірліктердің қатарында фразеологизмдердің экспрессивтік стилистикалық қызметі, олардың әдеби тілдік стильдік тармақтарға бөлінуі, лексикографиялық деректер негізінде жіктелуі, фразеологиялық деңгейдегі тілдік құралдардың мәнерлегіштік мүмкіндіктері, олардың стилистикалық мәні мен бояулары, түрлі жағдайдағы қолданыс аясы, фразеологиялық бірліктердің қолданылуының коммуникативтік заңдылықтары, олардың бейнелік және метафоралық белгілерінің негізгі заңдылықтары мен тенденциялары және т.б. байланысты қарастырылады. Фразеологизмдер бір-бірінен экспрессияға негізделген стильдік реңк, бояу құрамында қолданылу аясына қарай ерекшеленіп тұрады. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің көтеріңкі, ренжу, қиналу, жақындық мәндегі, дөрекілік, кекесін, мысқыл мәнде т.б. стильдік реңктерді таңбалайтын экспрессивтік тұлғаларда (бірліктерде) денотативті әрі коннотативті сөз семантикасы сақталып отырады. Олар затты, құбылысты екінші номинация ретінде атап, бағалайды.
Экспрессивті стилистикалық тұрғыдан тілдегі ең негізгі өнімді жұмсалатын бірліктер – фразеологизмдердің куммулятивті қызметі айрықша. Осы мәселеге зерттеуші А.Ф.Лосев фразеологизмдердің ерекше күш-қуатқа ие болып келетін болмысына, әсерлілігіне ерекше назар аударады . Ол сөздің энергиясын, күш-қуатын эйдос деп атайды, ал жандүниенің ішкі мәні сөздің әлеуетін белгілейді деп көрсетеді. Тілдегі синоним фразеологизмдер бір-бірінен стильдік қолданылуы мен экспрессивті әсері жағынан ерекшеленеді. Бұларды стильдік синонимдер деп атауға болады. Фразеологиялық синонимдер – қандай стильдік сатыда қолданылса да, экспрессивтілігі жағынан сатыланатын тұрақты тіркестер. Фразеологизмдердің синонимдік қасиеті олардың кез келген контексте бір-бірінің орнына еркін қолданыла беруінен байқалады. Фразеологиялық синонимдерді бір-бірінің орнына ауыстырып қолданудың өзіндік шарттары бар. Синоним фразеологизмдердің сыңарлары логикалық реттілік пен заңдылық арқылы байланысқан белгілі бір жүйе құрайды. Фразеологиялық синонимдер ұғымы жағынан бірі мен бірі сатылап байланысып, экспрессивті қызметі өсіп, күшейіп отырады.
Фразеологиялық антонимдердің көпмағыналылығы тілдің семантикалық құрылымдарының тереңдігін білдіреді. Сонымен қатар, көп мағыналы фразеологизмдердің сөз қолданудағы мол қорын дәлелдейді.
Фразеологизмдердің авторлық қолданыста өзгеріп, жаңа стилистикалық қызметте келуі екіұшты пікірдің бір сөйлем ішінде берілуі арқылы контаминация тәсілімен жүзеге асады (Семіз сөйлеп, арық шықпасақ екен).
Тұрақты тіркесте берілген образдық мағынаға тура мағына беру де фразеологизмдерді ұтымды қолдануда пайдаланылатын стилистикалық тәсіл (Отпен ойын (Солтүстік Кореяның өзінде ядролық қару бар екенін ресми түрде мәлімдегені туралы)). «Ойыннан от шығады» мәтелі сырттай өзгергенмен, оның төркінін түсінуге болады. Бірақ бұл контекст жағдайында ол тура мағынасын меңзеп тұр. Сол сияқты Күлін көкке ұшырды, Төбеден жай түсірді (С.Мұқанов), Екі аяғымды бір етікке тығып алып, ізіне түсе қуа бердім (Қырық өтірік) деген тіркестерде де негізінен ауыспалы бейнені суреттейтін фразеологизмдер тура мағынадағы оқиғаны, суретті бейнелеп тұр. Алдыңғы мысалда оқиғаны дәл суреттеу үшін, ал соңғы сөйлемде комика туғызу үшін (себебі ол орындалмайтын өтірік) қолданылған.
Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерін ұзақ жылдар бойы зерттеген, ол туралы сөздік шығарған академик І.Кеңесбаев былай дейді: «Стиль –өлгенді тірілтіп, өшкенді жандандыратын дүние десе де болады», -дей келіп, «...сөздің орнын тауып қолдану да стильдік тәсілге апарып соғады, мысалы «аузын айға білеген» деген әсірелеудің, «атау кереңді іш деген» деген қарғыстың, «ұлық болсаң, кішік бол» тәрізді нақылдың, «жұмыртқаданжүн қырққан» деген сараңдықтың сыр-сипаты стильдік функцияда жатыр», -дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет