Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет19/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68
Бақылау сұрақтары:
1. Морфологиялық тұлғалар мен синтаксистік конструкциялардың стиль түрлеріне қатысы қандай?
2. Грамматикалық стилистикадағы синонимия құбылысын қалай түсінесің?
3. Көптік жалғауының стиль түрлеріне қатысы қандай?
4. Ілік септігі жалғауының өзіндік ерекшеліктері қандай?
5. Барыс септігі қай септіктермен синонимдес қолданыла алады?
6. Табыс септігі жалғауының өзіндік ерекшеліктері қандай?
7. Жатыс септігінің стиль түрлеріне қатысы қандай?
8. Шығыс септігі жалғауының өзіндік ерекшеліктері қандай?
9. Көмектес септігі қай септікпен, көмекші есіммен синонимдес бола алады?
Глоссарий
Грамматика – 1) тілдің ішкі құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрылысының жүйесі; 2) тілдің грамматикалық құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, грамматикалық тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрылысын, сөздердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

1. Грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік конструкциялардың жеке сөздер тәріздес стильдік салаларға жіктеліп, қалыптасуы кең таралған құбылыс емес. Жазба тілде,не ауызекі сөйлеуде жеке грамматикалық тұлғаларды оғаш қолдану олардың сыр-сипаты мен табиғатын жете білмеуге байланысты болып отырады. Жазуда, сөйлеуде грамматикалық тұлғалардың орнын айқын біліп, айырмау кейде қате түсінікке соқтырады. Ауқымды текстерде бірінен соң бірі айтылатын синтаксистік компоненттердің формалық жағынан да, мағыналық жағынан да бір-бірімен қабысып, үйлесіп келуі сөздің (кейінгі ойдың) әуезділігін арттырады. Сондықтан әр компонентті тиянақтап, даралап тұратын грамматикалық тұлғалардың өз орнында, өз иінінде қолданылуы шарт. Мағыналары бір-бірімен ұласып жатқан дербес сөйлемдердің баяндауыштары мәні жағынан бір-бірімен қабыспай тұрса, логикалық ойдың жүйесі бұзылып, сөздің ырғағы кемиді. Стилистиканық айрықша көңіл аударатын мәселелерінің бірі – грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік компоненттердің белгілі бір мағына беруде синонимдес қолданылуы. Мұндай синонимдік топтар – сөз қайталамаудың, жинақы да жатық болудың аса таптырмас құралы, тіліміздің икемділігінің дәлелі.


2. Морфологиялық құрам стильдік қолданыс тұрғысынан сөздік қормен салыстырғанда біршама бейтарап екені айқын. Өйткені морфологиялық құрам стильдік топтардың қай саласына да бірдей, барлығына да тән.
Морфологиялық тұлға сөздің құрылысы, сөзге жалғанатын қосымшалар. Қосымшалар сөзден сөз тудыру үшін, сөз мағынасын түрлендіру үшін, сөз бен сөзді байланыстыру үшін жұмсалады. Морфологиялық құрамы тұрғысынан кеңсе стилі мен ғылыми стиль бір-біріне жақын. Сондай-ақ публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилі бір-бірімен орайлас.
Кеңсе стилі мен ғылыми әдебиет стиліне ортақ мынадай морфологиялық тұлғалар бар:
- Лық, - лік; мұндай сөздердің көпшілігі терминдік мәнге ие болып, нормаға айналған, қалыптасқан атаулар болып кетті: оқулық, серпінділік, жариялылық, жылылық, сөздік т.б. Кейде осы қосымшаның кез-келген сөздерге жалғануын стильдік қателер кетіп жатады: Біз мұнде жаңалықта ғана келдік (жаңа ғана).
-ма, -ме... әр түрлі құжат атауларын, жіктелеген зат атауларын жасайтын өнімді тәсіл: әдістеме, сілтеме, хабарлама, ескертпе, баспа, анықтама, хаттама т.б.
-шылық, -шілік; бұл жұрнақ арқылы жасалған сөздер көбінесе кәсіптің, шаруашылық түрлерінің немесе әлдебір абстракт күй-қалыптың атауы болып отырады: малшылық, диханшылық, оқытушылық, жұртшылық, шығармашылық.
Кейбір морфологоиялық тұлғалар контекст ішінде мәтінге қарай белгілі бір қолданыста пайда болып, сөйлеу тіліне сіңісіп кетеді:
-сымақ – есімдер құрамында қолданылып, кемсіту, жақтырмау, кекету мәндерін тудырады: ақынсымақ, бастықсымақ, шешенсымақ
Сонымен бірге етістіктер құрамында келіп, бейнелі мән тудыратын қосымшалар да бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет