Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


-тапсырма. Төмендегі сөз, сөз тіркестерінің стилистикалық коннотацияның қай түрлеріне жататынын ажыратып, түсінік беріңіз



бет60/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68
3-тапсырма. Төмендегі сөз, сөз тіркестерінің стилистикалық коннотацияның қай түрлеріне жататынын ажыратып, түсінік беріңіз.
Арсаңдау,көз тоқтата қарады, бажырая қарады, тесіле қарады, сөйлей жөнелді, айтып тастады, оқып-оқып алды, ботақан, ізденуші, тамаша идея, инверсия, теорема, өркениетті ел, жарыс жүлдегері, кҿңілдің ашығында, қу тілмен қулық сауу, кҿңілдің сызығы, көңілдің құты, қараңғылық пердесі, жанкешті күрес, сыбайлас жемқорлық, уызынан жарымаған жан, имансыздық, қанішерлік, жағымпаздар, жебірлер, жауыздық, жымысқы әрекет, алдамшы, білгіш, ұлттық нигилистер, пысықай, атжалмандар, сұғанақ.
4-тапсырма. Мәтін үзінділеріндегі ішкі монологтердің стильдік қызметін ашып көрсетіп, қолданылу уәжін түсіндіріңіз.
...Бір болыс о дүниеге кетер, одан бұл дүниеде не өзгереді? Баяғы зар заман сол заман қалпында қалар. әттең, дүниеде не көп, мен сияқты зорлық кҿргендер кҿп. Құлақ кесті құл болып жүре бермей, бҽрі де үдере кҿтерілер күн болар ма? Әне, сонда әділетсіздік артын қысар еді. Менікі не? «бүлінгенді бәрі жердің кері емес пе?
...Жоқ деді ол пішендегі шашыратқының қураған көк гүліне қол соза беріп, «Біреуге шұқыр қазса – алдыңнан ор шығады» деген қайда? Жазығым не? Бауыздарда лақша бақырады. Лақ құрлы болмай, тұяқ серіппей кете беру керек пе? Жоқ! Саймасай алшаң басып, аранын ашқан дүниеде маған орын жоқ. Атасына нҽлет!(Ш.М.).


5-тапсырма. Сөз байлығы – сөздің коммуникативтік сапасының бір түрі екендігін қысқаша сипаттай отырып, төмендегі үзіндіден автордың сөз байлығын танытатын амал-тәсілдерді тауып, өрнекті сөз қолданысына талдау жасаңыз.
Жалақор адамның жамандығы – бықсыған кҿмір секілді, күйдірмесе де күйе жұқтырады. Қараптан қарап тұрған Тұрар демде «бұзық» атанды. Әкенің тармаңдай тағдыры балаға мирас болған қандай сор. Ойға салса, Рыскұл өткен қиямет көпірлер Тұрардың да алдынан шығып жатыр. Әділетсіздікке шыдай алмай ол да осылай қан шығарып алған. Бұл шайқастан Тұрар бір нҽрсені сабақ тұтты; төбелестің екен – қан шығармай төбелес. Атамырзаның қоңқақ мұрнына қол тигізіп керегі жоқ еді,әрине. Атамырзаны бәлеге бастап тұрған қара жүректің қақ басынан ұру лазым. Асылы қол жұмсамай, ақылмен жеңген де абзал. Ашу үстіндегі әрекет әрқашан әбес. Ол әрекет – дауыл кезінде кемеге мінгенмен барабар болса керек. Кемеге мінемін десең, дауылдың басылғанын күт...
Қарлығаш, сен де жыртқышсың. Мына мен де жыртқышпын. Талай аңның қанын төктім. Бірақ, біздің жыртқыштығымыз құдай-тағаланың құдіретінен аттап өтпейді. Жаратылыстың ҿзі солай жазып қойған. Мен арқар атсам: «Е, жануар, сенің жазығың жоқ, аш отырған адамдардың азығы жоқ» деп атамын. Ал, қарлығаш, сен болсаң ұядағы балапаныңды асырайсың. Бірақ, адамды адам өлтіргенін не деп түсіндіруге болады? Қарлығаш қарлығашты сірә өлтірмес. Кеше ғой Ахат айтты: «Қасқыр да қастық қылмас жолдасына» деп. Сонда адам баласы қасқырдан да қорқау болғаны ма? Бір атаның баласы бірін-бірі қабырғасын күйретіп, өкпе-бауырын езіп жібере алады екен. Неге бұлай? Кұдай-ау, неге бұлай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет