Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден жаңа қолданыстағы сөздерді теріп жазып, олардың қалыптану-қалыптанбау(кодификациялану) сипатына талдау жасаңыз



бет61/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68
6-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден жаңа қолданыстағы сөздерді теріп жазып, олардың қалыптану-қалыптанбау(кодификациялану) сипатына талдау жасаңыз.
1.Тарихи дерекнама көзіне сүйенер болсақ, ХХ ғасырдың ҿзінде Түркістан шаһарында медресе жұмыс істегені мәлім. 2.Балалар кешке дейін спорт алаңында аяқдоп ойнап, үйлеріне қайтты(Газеттен). 3.Қазіргі жаһандану дәуірінде ел экономикасын жақсарту жолында мемлекеттік тұрғыдан игі істер атқарыла бастады. 4. Бүгінгі мәжіліс жабық есік жағдайында ҿтті. Қазақ киносының саңлақ сахнагері Асанҽлі Әшімовпен жылы жүздесу болды. 5.Дәмқосар – тағамның дҽмін кіргізу үшін пайдаланылатын қоспа. 6.Еншілес кәсіпорындар мен мекемелер аталған қоғамдық ұйымдарға демеуші болуға ынта білдіреді(Газеттен).


7-тапсырма. Сөздердің айтылуы мен жазылуының тіл, сөйлеу мәдениетімен байланысын, қатысын, бар-жоқтығын айқындап, түсінік беріңіз. Қарамен жазылған сөздерге орфоэпиялық норма тұрғысынан талдау жасаңыз.
Кҿксерек құйрығын артқы екі аяғының арасына тығып алып, аш белі бүгіліп, іші қайта-қайта солқ-солқ етіп ұлып тұр еді. Бір мезгілде дәл жанынан өзінің даусындай дауыс естілді. Ол да дәл осы сияқты ұлиды...
Ақ қасқыр да айналып жіберіп, ағызып келіп алдына түсті. Екеуінің бетіне шыдай алмай, жалт бере қашқан ала тҿбет құйрығын шошаңдатып, барбаңдап, бетке қарсы ұзай алмады. Ақ қасқыр бұрын жетіп, жұлып кетті. Арты көтеріліп барып түссе де, ала тҿбет жығылмай, қарсы қарап, ырылдап тұра қалып еді.
Сол кезде ғана бұларға жеткен Көксерек келе құлақ шекеден қауып түсті, көз ілескенше қара аланы жұлып соғып, астына тұра қалып еді (М.Әуезов


8-тапсырма. Мәтіннен ғалымның тіл қисыны деп нені айтқанына назар аударып, оның тілдік нормамен сабақтастығына талдау жасаңыз.
Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. Оның үшін айтушы сөйлейтін тілін жақсы қолдана білуі тиіс. Яғни сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап сөйлемді тізе білуі тиіс.
Біздің қазақ тіліндегі сөздің бәрін білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып табылмайды. Тіл қолдана білу деп айтатын ойға сәйкес келетін сөзді таңдап ала білуді және сол сөзді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз. Қазақ тілі қазақ ортасындағы бәріне бірдей ортақ мүлік болғанмен, бәрі бірдей пайдаланбайды. Әркім әр сөзді өзінше қолданады, өзінше тұтынады. Бүтін пікірін айтып шығатын әңгіме ішінде түгіл, жалғыз ауыз амандасу жүзінде де әркім әр түрлі сөз қолданады. Мәселен, біреу «амансыз ба?» деп, біреу «есенсіз бе?» деп, біреу «сәлемет жүрсіз бе? деп, біреу «күйлі, қуатты барыз ба? деп амандасады. Бәрінің де ой-мақсаты бір, бөрінікі де амандық білу, амандық сұрау, бірақ әркім әр түрлі сөз қолданып, өзінше сұрайды.
Қысқасынан айтқанда, әркім сөзді өз қалауынша алып, өз оңтайлы кҿруінше тұтынады.
Сөздің келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп түзу – тіл қисыны деп аталады (А.Байтұрсынұлы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет