Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет49/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68
29. Ғылыми стиль дегеніміз?
A) Күнделікті қарым-қатынаста пайдаланатын әдеби тілдің бір түрі;
B) Ресми қатынастар аясында қызмет ететін функциональдық стильдердің бірі;
C) Қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің бірі;
Д) Проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі;
E) Ғылыми негізде жасалатын өзіндік қалыптасу принциптері бар, стильдік өңі ерекше әдеби тілдің бір түрі.
30. Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер қай стильдерге тән емес?
А) Ресми стиль мен ғылыми стильге; В) Ресми стиль мен көркем әдебиет стиліне; С) Публицистикалық стиль мен ғылыми стильге; Д) Сөйлеу тілі стилі мен көркем әдебиет стиліне; Е) Барлық стильдерге


4-нұсқа
1. Фразеологиялық синонимдерді табыңыз?
А) Айту, сөйлеу, міңгірлеу, күмілжу, мыңқылдау, мылжыңдау, көпіру, көку, оттау, бөсу т.б.;
B) Халық, ел, жұрт, әлеумет, қалайық т.б.;
C) Сойылын соғу, жыртысын жырту, шашбауын көтеру т.б.;
Д) Сөйлегіш, сөйлемпаз, сөзшең, сөзуар, сөзқұмар т.б.;
E) Көгілдір, көкшіл, көкшілтім, көктеу, көгірек, көк, өте көк, шымқай көк, тым көк т.б.;
2. Сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігін жасайтын айрықша белгісі?
А) Адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстар;
В) Тіл құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің сыртқы көрінісі;
С) Өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі;
Д) Жағдайға байланысты сөйлеу мәнері;
Е) Себепке қатысты сөйлеудің бейнелілігі.
3. Іс-қағаздар стиліне нелер жатады?
A) Заң, үкімет органдарының қаулылары, халықаралық шарт, келісім, үкімет хабарлары;
B) Іс-қағаздары мен ресми стиль, публицистикалық стиль, ғылыми стиль, көркем әдебиет стилі;
C) Ауызекі сөйлеу стилі, ресми-іс-қағаздар стилі, публицистикалық стиль, ғылыми стиль, көркем әдебиет стилі;
Д) Әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері;
E) Мемлекеттік құжаттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет