Филология институты


Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы болып танылуы оның тіл білімінің басқа салаларымен байланысын және олардан ерекшелігін анықтауды қажет етеді



бет2/3
Дата06.05.2023
өлшемі1,39 Mb.
#90743
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
3 топ созжасам

Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы болып танылуы оның тіл білімінің басқа салаларымен байланысын және олардан ерекшелігін анықтауды қажет етеді.
Етіс жұрнақтары да бірде сөз тудырушы деп, кейде категорияның тұлғасын жасаушы сөз түрлендіруші деп сипатталып келгені белгілі. Сонымен бірге кейбір жалғаулар сөз құрамында көнеріп, түбірмен кірігіп, тұтас алғанда, жаңа мағынаға ие болған.
Мәселен, сын есімнің қызғылт, сарғыш, көкшілт, көкшілтім, бозаң, сарғылтым сияқты туындылардың құрамындағы жұрнақтарды біраз ғалымдар шырай жұрнағы деп қараған. Сол сияқты көптік жалғауын жұрнақ деп санау керек деген де ұсыныстар болған.
Айырмашылық көмекші морфеманың мағынасы мен қызметіне қатысты. Сөзжасамдық жұрнақ сөз мағынасын өзгертіп, жаңа мағына береді, не сөз мағынасына өзгеріс қосады. Мысалы, етік+ші – етікші (мамандық), ал кітап+ты, кітаптан, кітаптар дегенденрдің бәрі бір сөздің сөйлемде қолданатын түрлі тұлғалар.
Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы ерекше тілдік құрылымның болуы, тілдің басқа салаларына ерекшеленетін сөзжасамдық деңгейі, оның өзіндік нұсқалары барына байланысты. Сөзжасамның өзіндік нұсқаларына сөзжасамдық түр (тип) мен сөзжасамдық үлгілер жатады.
Тіл білімінің салаларының ішінен сөзжасамның морфологиямен байланысы ертеден назарға ілінген. Сондықтан да сөзжасам соңғы кезге дейін көп тілдерде морфологияның құрамында қаралып келеді. Бұл екі саланың байланысы болатын себебі екеуі де сөздің ең кішкене бөлшегі морфемамен байланысты.
Тіл білімінің сөзжасам саласы да, морфология саласы да морфеманы зерттейді. Бірақ сөзжасам жаңа сөз жасаушы морфеманы зерттейді де, морфология грамматикалық тұлғаларды (формаларды), яғни сөз түрлендіруші тұлғаларды зерттейді. Қазақ тіл білімінде еркелету, кішірейту, сыйлау мәнін беретін жұрнақтар әлі күнге дейін дау туғызып жүр.
Ғалымдардың бір тобы оларды сөзжасамға жатқызса, бар топ ғалымдар оларды сөз түрлендіруші деп дәлелдейді. Бірсыпыра жұрнақтардың дерексіз мағынасы оларды сөз түрлендіруші, сөз тұлғасын жасаушы жұрнақ деп қарауға себеп болып жүр.
Сөзжасам тілдегі сөзжасамдық жұрнақтарды толық қамтиды, олардың сөзге тіркесу қабілеті, туынды сөздегі мағынасы, сөзжасамдық қызметі, қай сөз табына қатысты сөзді жасайтыны сияқты тек сөзжасамға қатысты мәселелерді зерттейді.
Морфология сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру қызметінде қолданылатын жалғаулардың сөз таптарына қатысын, сөз таптарының категорияларының көрсеткіші екенін, олардың сөзге қосатын грамматикалық мағыналарын зерттейді.
Мысалы, өзге, басқа, шалқасынан, етпетінен, бірге сияқты қазір үстеуге көшкен сөздер бар, олардың құрамындағы жалғаулар өздерінің сөйлемде сөз бен сөзді байланыстыру қызметінен айырылған, бұлар қазір сөзжасамдық қызметте.
Бұл келтірілген дәлелдердің бәрі сөзжасам мен морфология саласының байланысына толық дәлел бола алады.
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып, баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушының көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, көркем тілмен әсерлі, жүйелі баяндалуы талап етіледі.
Шығарма түрлеріне келетін болсақ, олар: еркін шығарма, оқушының іс-әрекетіне байланысты шығарма, өнер саласына байланысты шығарма, сурет, фильм (диафильм), экскурсия бойынша шығарма, оқыған, естіген әңгімелеріне байланысты шығармалар.
Оқушылардың шығарма жазуында төмендегідей міндеттер туындайды:1. Оқушының ойлау қабілетін арттыру;2. Ана тілінде сөйлеп, жаза білуге жаттықтыру;3. Ақын – жазушылардың шығармаларын білу;4. Оқыған – білгенін шығарма жұмысына пайдалана алу;5. Сауатты жазуы, келген ойды дәл бере білуге үйрету;6. Оймен жұмыс істей отырып, оны басқара білу;7. Келген ой толқынын іркіп, келесі ойға жол бере білу.
Бұлардың қай – қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды.1. оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыс – бұрыстығы, дәлелділігі, негізгі ойды жеткізе алуы жатады.Шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына2. Ой – пікір жүйелілігіне шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы, т.б. енеді.3. Стильге тақырыпты ашуға байланысты оқушының ойын қалай жеткізгендігі, сөйлемдерінің оралымдылығы, сөз қолданысы, сөйлемді дұрыс құруы сияқты мәселелер жатады.4. Грамматикалық сауаттылыққа емле, тыныс белгісіне байланысты жайлар қаралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет