Филология кафедрасы



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,21 Mb.
#5996
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 
 
 
 
 

 
ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ 
 
Синтаксис – сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркесін, сөйлем және оның 
түрлерін, сөйлем мүшелерін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. 
 
Синтаксистік форма – синтаксистік тұлғалардың тиісті грамматикалық амалдар арқылы 
қалыптасқан грамматикалық тұрпаты. 
 
Синтаксистік мағына – грамматикалық абстракция сапасындағы мағына. 
 
Сөз  тіркесі  –  толық  мағыналы  ең  кемі  екі  сөздің  грамматикалық  байланысқа  түсуі 
негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік. 
 
Меңгеру  –  бағыныңқы  сыңардың  басыңқымен  табыс,  барыс,  жатыс,  шығыс,  көмектес 
септіктерінің бірінде тұрып байланысуы. 
 
Қабысу  –  сөздердің  ешқандай  жалғаусыз  орын  тәртібі  арқылы  тек  іргелес  тұрып 
байланысуы. 
 
Жанасу - сөздердің ешқандай жалғаусыз орын тәртібі арқылы  іргелес те алшақ та тұрып 
байланысуы. 
 
Матасу – ілік септікті сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысы 
 
Қиысу  –  бастауыш  пен  баяндауыштың  жақ-жағымен  жекеше-көпше  түрде  сәйкесіп 
байланысуы. 
 
Басыңқы сыңар – сөз тіркесінің құралуына негіз болатын тірек сыңар 
 
Бағыныңқы  сыңар  –  басыңқы  сыңарға  тұлғалық  және  мағыналық  жақтан  тәуелді 
болатын сыңар 
 
Есімді сөз тіркесі – басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі 
 
Етістікті сөз тіркесі – басыңқы сыңары етістік сөзден болған сөз тіркесі 
 
Құрмалас  сөйлем  -  синтаксистік  тұлға,  ең  кем  дегенде  екі  предикаттық  қатынастың 
негізінде құрылады. 
 
Салалас  сөйлемнің  құрамындағы  синтаксистік  компоненттер  өзара  теңдік  дәрежеде 
байланысады. 
 
Сабақтас  сөйлемнің,  әсіресе,  бағыныңқы  компоненттерінің  баяндауыштары  тиянақсыз 
тұлғада  келеді.  Осыған  байланысты  ол  компоненттердің  арасындағы  интонация  да 
тиянақсыз, яғни құрмаластырушы, ұластырушы интонация болады.  
 
Басыңқы сыңар – сөз тіркесінің құралуына негіз болатын тірек сыңар 
 
Бағыныңқы  сыңар  –  басыңқы  сыңарға  тұлғалық  және  мағыналық  жақтан  тәуелді 
болатын сыңар 
 

 
Дәстүрлік  немесе  логика-грамматикалық  таптастыру  бойынша  құрмалас  сөйлемдер 
салалас құрмалас, сабақтас және аралас құрмалас болып бөлінеді 
 
Аралас  құрмалас  сөйлем  -компоненттері  әрі  салаласа,  әрі  сабақтасу  арқылы 
байланысқан құрмалас сөйлем түрі.  
 
Шартты  салалас  сөйлемдерде  компоненттердегі  оқиға  мазмұны  бір-біріне  шарттастық 
мәнде құрылады. 
 
Аналитикалық  принцип  салалас  құрмалас  сөйлемнің  жасалуында  айрықша  мән 
атқарады.  Салалас  құрмаластың  жеке  компоненттері  сондай-ақ  әр  мәндегі  жалғаулықтар 
арқылы да байланысады.  Осыған орай салалас құрмаластар жалғаулықсыз салалас және 
жалғаулықты салалас деп ажыратылады.  
 
Түсіндірмелі  салаластың  бір  компонентінде  баяндауыш  та  жалпы  айтылып,  келесі 
компоненттерде нақтыланады. 
 
Кезектес салалас әрекеттің кезек-кезек өзара ауысып келетінін көрсетеді 
 
Талғау мәнді салалас сөйлемнің синтаксистік компоненттеріндегі оқиғалардың орындалу 
барысы бір-бірімен талғау, таңдау ретінде жұмсалады. 
       
Көп  компонентті  салалас  сөйлемдерде  хабарланған  ойдың  мазмұны  толығырақ  ашыла 
түседі,  кейбір  жайлардың  мазмұн  көрінісі  саралана  жіктеліп,  талдана  жинақталу  сипаты 
орын алады.  
 
Қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтаста  синтаксистік  компоненттерде  хабарланған 
оқиға нәтижесі бір-біріне қарама-қайшы қойылады. 
       
Шартты  бағыныңқылы  сабақтаста  синтаксистік  компоненттерде  баяндалған  оқиға-
әрекеттердің орындалу барысы бір-біріне шарт мәнінде байланыса құрмаласады. 
 
Түсіндірмелі  сабақтаста  мұндай  мағыналық  көрініс  керісінше  болады.  Мұнда 
айқындаушы, түсіндіруші қызмет қызмет басыңқының үлесіне тиеді.  
   
Салыстырмалы  сабақтас  сөйлемде  бағыныңқы  компонент  басыңқыда  хабарланған 
қимыл-әрекетті әр түрлі мағыналық жақтан айқындап, толықтап жатпайды.  
 
Себеп  бағыныңқылы  түрінде  бағыныңқы  компонент  басыңқыда  хабарланған  ой 
желісінің себебін білдіріп тұрса, осы себептің нәтижесінде басыңқыда оның салдары келіп 
шығады 
 
Мақсат      бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемде  бағыныңқы  компонент  басыңқы 
компонентте  айтылатын  оқиғаның,  қимыл-әрекеттің  болу  немесе  болмау  мақсатын 
білдіреді 
 
 Амал  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлемде  бағыныңқы  компонент  басыңқы  компонентте 
жүзеге асып жатқан немесе жүзеге асатын іс-әрекеттің амалын, тәсілін білдіреді. 
 
Көп  бағыныңқылы  сабақтас  бір  басыңқыға  қатысты  бірнеше  бағыныңқыдан  тұратын 
сабақтас құрмалас сөйлем.  
 

 
ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ 
ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ 
ФИЛОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 «Синтаксисті оқыту әдістемесі» пәнінен дәріс сабақтарының қысқаша конспектісі 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Семей, 2015 
 

 
5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын 4 курс студенттерінің дәріс 
сабақтарының қысқаша конспектісі ұсынылған. 
Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент м.а Әбікенова Г.Т. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ 
 
1-Дәріс: Қазақ тілін оқытудағы инновациялық технологияларды қолдану жолдары.  
Дәрістің негізгі сұрақтары:  
1.Қазақ тілін оқытудағы инновациялық технологияларды қолдану жолдары.  
2.Дәстүрлі және дәстүрлі емес оқыту үлгісі. 
3.Оқытудың жаңа технология түрлері.  
Қысқаша мазмұны:  
 
1.
  Бүгінгі  еліміз  егемендігі  арқасында  әлемдік  деңгейде  танылып  отырған  қазақ  елінің 
рухани -әдеби қазыналарын ғылыми тұрғыдан пайымдау мен бағалаудың жаңа арналары 
айқындала түсті.  
Қазақ тілі тәрбиелік күш- қуаты жас ұрпақтың жан-жақты өскелең өмір талабына сай ой 
өрісін  дамытып,  рухани  тұлға  болып  дамуына  әсер,  ықпалының  мүмкіндігімен 
ерекшеленеді.  Осыған  орай  қазақ  тілін  оқытудың  негізгі  факторлары  оқу  үрдісінде 
кешенді түрде жүйемен іске асады. 
Тілді оқытудың негізгі факторлары. 
-
 
Біріншіден,  ҚР  білім  заңына,  мемлекет  пен  қоғам  белгілеген  мақсаттарға  сәйкес 
айқындалады. 
-
 
Стандарт пен бағдарламаларда бекітіліп, солардың негізінде оқулықтарда берілген 
білімнің мазмұны мен құрылымы түзіледі. 
-
 
Қазақ  тілін  оқытуды  қалыптасқан  дәстүрді  ғана  басшылыққа  алмай,  жаңа  әдістер 
мен тәсілдерді қолдану іске асырылады 
-
 
Оқушылардың танымдық деңгейі, білімді меңгеру мүмкіндіктері ескеріледі 
-
 
Оқыту үрдісі нәтижеге бағдарланған білім моделімен айқындалады. 
-  Өз  бағыт-  бағдарын  айқындай  отырып,  өзін  -өзі  дамыта,  жетілдіре  алатын,  ой  өрісін 
арттыратын,  өз  бетімен  білім  алатын,  өзгермелі  өмір  жағдайына  бейімделе  білетін, 
қоғамның белсенді азаматын қалыптастыру. 
-  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  құрметтейтін  ұлтжанды  азамат 
тәрбиелеу 
-Эстетикалық  талғамы  жоғары,  өзіндік  ой  пікірі  мол,  ұлттық  дүниетанымы  бай, 
шығармашылық қабілеті зор мәдениетті жеке тұлға дайындау. 
- Бүгінгі қоғамға кіріккен оны дамытуға тырысатын дара тұлға қалыптастыру 
-  білім  мен  әдіс  –тәсілдердің  терең  меңгере  отырып,  жаңа  ақпараттық  мағлұматтарды 
өзіндік  көзқарасы  тұрғысынан  сын  көзімен  жіті  бағалап,  талдай  білу  дағдысын 
қалыптастыру. 
- Жастарды рухани, интеллектуалдық тұрғыда тәрбиелеу, өз елінің тарихын, әдебиеті мен 
мәдениетін, өнерін қастерлеуге баулу, дүниежүзілік өркениет жетістіктеріне ұмтылдыру. 
 
Әдіс  –  амалдарды  бірден  –  бірге  дамытып  отыру,  әдістемелік  проблемеларды  әр 
қырынан  қарастырып  шешуге,  нақты  тұжырымдар  жасап,  ғылыми-  теориялық 
қорытындылар дәйектеуге бағыттайды. 
2. Әдістер ( әрекеттер) әр түрлі болуы заңды. Ең бастысы- «қалай оқыту керек?» Сұрағына 
жауап  іздей  отырып,  мұғалім  мен  оқушының  екі  жақты  әрекетін  сабақтастыра 
айқындайды.  
 
Әдіс  ,  тәсілдер,  оқытудың  түрлері  сабақ  үстіндегі  мұғалім  әрекетімен,  оқушының 
пайдаланатын оқу құралдарының тиімділігімен тығыз байланыста іске асырылады. 
Пәнді  меңгертуде  қолданылатын  әдіс  –  тәсілдер  оқушылардың  танымдық 
мүмкіндіктерінің  нәтижесіне  тікелей  байланысты.  Оқу  үрдісіндегі  оқушылардың  әдеби 
білімді біртіндеп түсініп меңгеру қабілеті дамиды. 
Оқыту  нәтижелері  алға  қойған  мақсат  –  міндеттерді  толық  іске  асырумен  тікелей 
байланысты. 

 
Әдіс  –  оқу-тәрбие  жұмыстарының  алдында  тұрған  міндеттерді  дұрыс  орындау  үшін 
мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы 
мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі.  
Оқыту  әдістері  танымға  қызығушылық  туғызып,  оқушының  ақыл-ойын  дамытады, 
ізденуге,  жаңа  білімді  түсінуге  ықпал  етеді.  Оқытуда  ең  басты  нәрсе  –  оқушылардың 
танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория 
мен  тәжірибенің  арасын  жақындатады.  Тәсіл  –  оқыту  әдісінің  элементі.  Жоспарды 
хабарлау,  оқушылардың  зейінін  сабаққа  аудару,  оқушылардың  мұғалім  көрсеткен  іс-
қимылдарды  қайталауы,  ақыл-ой  жұмыстары  тәсілге  жатады.  Тәсіл  оқу  материалын 
түсінуге  үлес  қосады.  Оқыту  тәсілдерінің  түрлері:  ой,  зейін,  ес,  қабылдау,  қиялды 
жақсарту  тәсілдері;  мәселелі  жағдаят  тудыруға  көмектесетін  тәсілдер;  оқушылардың 
сезімдеріне  әсер  ететін  тәсілдер;  жеке  оқушылар  арасындағы  қарым-қатынасты  басқару 
тәсілдері.  Сонымен  тәсілдер  оқыту  әдістерінің  құрамына  кіреді,  әдістің  жүзеге  асуына 
көмектеседі.  
2.  Оқыту  әдістерінің  басты  қызметі  -  оқыту,  ынталандыру,  дамыту,  тәрбиелеу, 
ұйымдастыру.  
Оқыту  құралдары  -  білім  алу,  іскерлікті  жасау  көзі.  Олар:  көрнекі  құралдар,  оқулықтар, 
дидактикалық  материалдар,  техникалық  оқыту  құралдары,  станоктар,  оқу  кабинеттері, 
зертханалар,  ЭЕМ  және  ТВ,  нақты  объектілер,  өндіріс,  құрылыс.  2.  Оқыту  әдістері  және 
оларды  жіктеу  мәселесі.  Әдістер  белгілі  бір  негіз  бойынша  топтарға  бөлінеді.  XIX 
ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, 
зертханалық әдістерін жетілдірді. Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік 
жұмыстардан  білім  алады.  Осыны  ескеріп  20-30  жылдарда  Н.М.Верзилин,  Е.Я.  Голант 
сөздік,  тәжірибелік,  көрнекілік  әдістерін  ұсынады.  Қазір  компьютерлік  жүйелер  арқылы 
білім алу мүмкіндігі бар. М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық 
мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және 
дағдыларды  қалыптастыру,  білімді  қолдану,  шығармашылық  іс-әрекет,  бекіту,  білім, 
іскерлік,  дағдыларды  тексеру.  Аталған  авторлардың  пікірлері  бойынша  оқыту  әдісі  - 
дидактикалық  мақсатқа  жету  үшін  оқушылардың  іс-әрекетін  реттеп,  ұйымдастыру 
тәсілдері.  Бұл  саралауда  әдістер  оқытудың  алдында  тұрған  міндеттермен 
сәйкестендірілген.  И.Я.Лернер,  М.Н.Скаткин  оқыту  әдістерін  оқушылардың  танымдық 
жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар  балаларға ақыл-ой жұмысының, өз 
бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді. Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін 
оқушылардың  танымдық  белсенділігі  әртүрлі.  Репродуктивтік  әдіс  арқылы  оқушы 
"дайын"  білімдерді  есінде  сақтап,  кейін  қатесіз  айтып  бергенмен,  оның  ақыл-ой  белсен 
ділігі  төмен  болады.  Эвристикалық  әдіс  арқылы  ақыл-ой  жұмысы  күшейеді,  оқушы 
білімді  өзінің  танымдық  іс-әрекеті  арқылы  алады.  Бұл  әдіс  бастауыш  мектептерге  де 
таралған.  Бірақ  сабақты  тұрақты  түрде  мәселелік,  эвристикалық,  зерттеу  әдістерімен 
өткізу  мүмкін  болабермейді.  Ю.К.  Бабанский  оқу-танымдық  іс-әрекетті  ынталандыру 
әдістерін  топтады.  Ол  іс-әрекет  3  бөліктен:  ұйымдастыру,  ынталандыру,  бақылаудан 
тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, 
бақылау  әдістері  деп  бөледі.  М.И.Махмутов  оқыту  әдісіне  сәйкес  келетін  оқу  әдістерін  і 
іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) 
тәжірибелік  әдіс.  Бинарлық  әдістер  бір-бірімен  тығыз  байланысты  оқыту  мен  оқудың 
тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, 
жаттығулар  орындауы,  есептер  шығаруы,  мәтінді  оқуы,  т.б.)  қолдануды  талап  етеді. 
Мысалы,  мұғалім  оқушыларға  фактілер  мен  ережелерді  хабарлайды,  заттарды  көрсетеді, 
фактілердің  мәнін  түсіндіреді,  оларға  сұрақтар  қояды.  Егер  оны  тәсілдердің  арасында 
түсіндіру  тәсілдері,  дәлірек  айтсақ  фактілерді  талдау,  салыстыру,  хабарлау,  т.б  басым 
болса, онда оқыту әдісін түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды, 
фактілерді  ұсынумен  шектелсе,  (мысалы:  мұғалім  оқушыларға  ережелерді  жаттауды 
ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін айтады), онда оқыту әдісі 

 
ақпараттық-  хабарлау,  немесе  оны  жай  ғана  хабарлама  әдісі  деп  атайды.  Осыған  сәйкес 
бірінші  жағдайда  оқушылар  заттарды  бақылап,  фактілерді  есінде  сақтайды,  мұғалімнің 
түсіндіргенін  тындайды  және  ой  елегінен  өткізеді,  ақпараттық  сұрақтарға  жауап  іздейді. 
Бұл жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені оқушылар дайын күйінде 
меңгереді  (оқушылар  фактілерді  талдап,  ережелер  шығармайды).  Егер  оқыту  әдісі 
хабарлау  әдісі  болса,  оқудың  негізгі  тәсілі  жаттау,  оқушылардың  үлгі  бойынша  жұмыс 
істеуі.  Мұндай  оқу  әдісін  шартты  түрде  орындаушылық  деп  атаймыз.  Сондықтан 
оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып табылады. Егерде оқушы мәтінді 
талдаса, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда кітаппен жұмыс оқу әдісі болып табылады. Егер 
монологтық  баяндау  әдісі  қолданылса,  онда  мұғалім  әңгімелейді,  ғылымның  дайын 
қорытындыларын,  ережелерін,  фактілерін  хабарлап  оқиғаларды  суреттейді,  іс-әрекеттің 
үлгілерін  көрсетеді  және  оқушыларға  тапсырмалар  береді.  Эвристикалық  әдісті 
қолданғанда  мәселелік  деңгей  (оқушылардың  белсенділігі)  едәуір  көтеріледі, 
эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық тапсырмалар 
қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ негізінен оқушылар 
өз  бетімен  жұмыс  істейді.  Зерттеу  әдісін  қолданғанда  мұғалім  оқушыларға  тәжірибелік 
сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз 
бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) 
береді.  Оқушылар  оларды  өз  бетімен  орындайды,  бірақ  бұдан  мұғалімнің  басшылығы 
керек  емес  деген  сөз  тумайды.  2.  Оқыту  әдістерін  тандау  әдетте  сабаққа  оқу 
материалының  мазмұнын  таңдаған  кезде  жүреді.  Ол  дидактикалық  мақсатқа, 
оқушылардың білім деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты. Әңгіме 
– оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов "Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері 
үй  салу  өнеріне  үқсас"  дейді.  Сөз  өнерінің  айшықты  болуы  сөздің  дұрыстығына,  тілдің 
анықтығына,  дәлдігіне,  көркемділігіне,  тіл  тазалығына  байланысты  екенін  дәлелдеп, 
алмастыру,  кейіптеу,  бейнелеу  (ұқсату),  әсірелеу  тәсілдерінің  мәнін  ашады.  Міржақып 
Дулатов  Оқытудың  баяндау,  әңгіме,  түсіндіру  әдістеріне  ерекше  мән  беріп,  тұрмыс-
салтқа,  әдет-ғұрыпқа  байланысты  тақырыптарды  әсерлі  баяндаудың  тәсілдерін  көрсетіп 
берді.  Ол  "баланы  толық  жауап  беруге  әдеттендіру  керек",  -  дейді.  Сөйтіп,  оқытушы 
көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-әрекеттерді талап 
етеді.  "Балалар  дұрыс  оқи  алмай,  қиналған  жерде  мұғалім  өзі  оқып,  көрсету  лайық",  - 
дейді. Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, 
ұзақтығы  өзгереді.  Әңгіме  арқылы  жаңа  білімді  хабарлау  үшін  оған  кейбір  талаптар 
қойылады.  Олар:  әңгіменің  оқушылардың  адамгершілігіне  әсер  етуі;  әңгімеде  дәлелді 
және  ғылыми  фактілердің  болуы;  ой  пікірдің  дұрыстығын  дәлелдейтін  жарқын  және 
нанымды  мысалдардың,  фактілердің  жеткіліктілігі  әңгіменің  жүйелілігі  болуы  керек 
әңгіменің  әсерлілігі;  тілінің  қарапайымдылығы  және  түсініктілігі;  мұғалімнің  фактілер, 
оқиғаларға  берген  бағасының  болуы.  Түсіндіру  –  жеке  ұғым,  құбылыстарды,  құралдар, 
көрнекі  құралдардың  жұмыс  істеу  әдіс-тәсілдерін  ауызша  баяндау.  Мысалы,  шет  тілі 
сабағында жаңа мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі. 
Мұғалім  оқушыларға  таныс  емес  құралдарды  немесе  басқа  көрнекі  құралдарды  сабаққа 
алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді.  
3.  Түсіндіру  әдісі  жаңа  тақырыпты  түсіндіргенде  жиі  қолданылады,  бірақ  бекіту  кезінде 
оқушылар  білімді  дұрыс  меңгермегенде  де  қолданылады.  Химиялық,  физикалық, 
математикалық  есептерді  шығарғанда  теоремаларды  оқығанда,  табиғат  және  қоғам 
құбылыстарының  түбірлі  себептерін  және  салдарын  ашу  кезінде  түсіндіру  әдісі  жиі 
қолданылады.  Түсіндіру  әдісіне  қойылатын  талаптар  сұрақтарды  дәл  және  аңық 
тұжырымдау;  себеп-салдар  байланысын  ашып,  дәлелдер  келтіру;  салыстыру,  қатар  қою, 
ұқсату, жарқын мысалдар қолдану; жүйелілік  
Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең қолданылады. 
Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой 
жұмысының  мүмкіндіктері  өскенде  бұл  әдіс  кіші  жастағы  оқушылармен  жұмысқа 

 
қарағанда  көбірек  қолданылады.  Әңгімелесу  –  оқытудың  диалогтық  әдісі,  мұғалім 
оқушыларға  мұқият  ойластырылған  сұрақтарды  жүйелі  қою  арқылы  олардың  жаңа  оқу 
материалын меңгеруіне жағдай жасап,  бұрын оқылған  материалдарды қалай меңгергенін 
тексереді.  Әңгімелесу  -  дидактикалық  әдістің  ескі  түрі,  оны  Сократ  шебер  түрде 
қолданған,  сондықтан  әңгімелесу  әдісін  Сократ  әдісі  деп  атайды.  Оқу  материалының 
мазмұны,  оқушылардың  шығармашылық  танымдық  қызметіне  қарай  дидактикалық 
процестегі  әңгімелесу  әдісінің  көптеген  түрлері  бар.  Олар:  кіріспе,  немесе  сабақты 
ұйымдастыратын  әңгіме,  жаңа  білімді  қалыптастыру  (сократ,  эвристикалық), 
жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа 
түріне,  жаңа  білімді  тануға  дайындық  деңгейі  анықталады.  Әңгімелесу  әдісі.  Оқушыны 
жаңа  білімді  алуға  белсене  қатыстырып,  оны  білім  алу  әдістеріне,  мұғалім  қойған 
сұрақтарға  өз  бетімен  жауап  беруге  үйретеді.  Эвристикалық  әңгімелесу  барысында 
мұғалім  оқушылардың  білімі  мен  тәжірибесіне  сүйеніп,  олардың  жаңа  білімді  түсінуін, 
қорытынды  жасауын  жеңілдетеді.  Бірлескен  іс-әрекет  арқылы  оқушылар  өздері 
еңбектеніп,  ойланып  жаңа  білім  алады.  Білімді  жинақтайтын,  бекітетін  әңгіме 
оқушылардан  теориялық  білімдерін,  оны  қолдану  тәсілдерін  жүйелеуге  бағытталған. 
Оқушы  өз  білімін  жаңа  оқу  және  ғылыми  мәселелерді  шешуге  қолданады.  Әңгімелесу 
барысында  мұғалім  сұрақты  бір  оқушыға  (жеке  әңгімелесу)  немесе  барлық  сынып 
оқушыларына  (жаппай)  қояды.  Әңгімелесудің  бір  түрі  -  оқушымен  әңгімелесу.  Оны 
сыныппен,  оқушылардың  жеке  топтарымен  өткізуге  болады,  әсіресе  жоғары  сынып 
оқушылары  өз  пікірлерін  айтып,  сұрақтар  қойып,  мұғалім  ұсынған  тақырыпты 
талқылайды.  Әңгімелесудің  нәтижесі  көп  жағдайда  сұрақтардың  дұрыс  қойылуына 
байланысты. Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары: ес пен тілді дамытуы; оқушылардың 
оқу-танымдық  қызметін  белсенді  етуі;  оқушылардың  білімінің  белгілі  болуы;  жақсы 
диагностикалық  құрап;  үлкен  тәрбиелік  күші  бар.  Әңгімелесу  әдісінің  кемшілігі: 
уақыттың көп кетуі; қауіп элементі  бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа 
оқушылар  естіп,  есінде  сақтап  қалады.    Оқу  пікірталастары  оқытудың  сөздік  әдістерінің 
ішінде  елеулі  орын  алады.  Оның  оқыту  процесіндегі  ең  басты  қызметі  -  танымдық 
қызығушылықты  ынталандыру,  оқушыларды  қандай  да  мәселе  бойынша  түрлі  ғылыми 
көзқарастарды  белсенді  түрде  талдауға  қатыстыру,  басқа  жеке  тұлғанық  және  өзінің 
көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау 
Бүгінгі таңда мектеп оқушыларының белсенділігін арттыру, сапалы білім беру көкейкесті 
мәселе  болып  отыр.  Егеменді  еліміздің  тірегі,  болашағы  –  білімді  ұрпақ.  Қазіргі  мектеп 
мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушыларды бәсекеге қабілетті, жан-жақты 
тұлға ретінде қалыптастыру. 
Әр  елдің  болашағы  сол  халықтың  білім,  ғылым  деңгейімен  анықталатындықтан,  оқу 
жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болып қалмақ. 
Қазақ  білім  беру  саласының  шамшырағы  Ахмет  Байтұрсынұлы:  «Қазақша  оқу  жайы» 
еңбегінде:  «...  әуелі  бізге  елді  түзетуді  бала  оқыту  ісін  түзетуден  бастау  керек.  Неге 
десек,  болашақ  та,  билік  те,  халық  та  оқумен  түзеледі»  деген  пікір  айтқан  болатын.  Бұл 
ұлағатты  ойдың  құндылығы  бүгінгі  таңда  күн  сайын  айқын  сезілуде.  Еліміздегі  білім 
беруді  дамытудың  қазіргі  кезеңін  –  дәстүрлі  оқыту  түрінен  инновациялық  әдістерге 
ауысатын өтпелі кезең деп сипаттауға болады. 
Бүкіл  дүниежүзілік  білім  беру  кеңістігіне  кіру  мақсатында  қазіргі  кезде  Қазақстанда 
білімнің жаңа жүйесі құрылуда.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет