Дәрісті бекіту сұрақтары:
1.Бүгінгі білім берудегі жаңа бетбұрыс , негізгі талаптар қандай?
2.Мектепте білім мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі.
3.Оқу пәндерінің құрамында қазақ тілі пәнінің алатын орны, оқытудың негізгі бағыттары
4.Қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесінің өзіне тән ерекшелігі, қарастыратын мәселелері.
2- Дәріс: Синтаксисті оқытудың әдістемелік жолдары және тіл дамыту жұмыстарындағы
әдістемелік маңызы
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1.Синтаксисті оқытудың әдістемелік жолдары және тіл дамыту жұмыстарындағы
әдістемелік маңызы туралы түсініктер беру.
2.Синтаксисті оқытудың әдістемелік жолдарын үйрету және тіл дамыту жұмыстарының
түрлерімен таныстыра отырып, оны жүргізуді үйрету
Қысқаша мазмұны:
1.Оқушыларға қазақ тілінің белгілі бір саласынан жүйелі де терең білім беру үшін,
алдымен тілдің сол саласы жайында бас-аяғы жинақталған қысқаша түсінік берудің мәні
зор. Себебі тіліміздің белгілі бір саласы жайында түсінік беруге арналған мұндай кіріспе
сабақта, біріншіден, оқушылар оқылайын деп отырған курстың мақсаты мен мәнін саналы
ұғады; екіншіден, алдағы уақытта осы курстан өтілетін оқу материалдарын білуге
олардың қызығушылығы мен ынтасы артады. Міне, осыны ескергендіктен де, жай сөйлем
синтаксисін оқытқанда, алдымен кіріспе сабақта синтаксис туралы жалпы түсінік беруді
қажет деп санаймыз. Синтаксис туралы жалпы мәліметті оқушыларға әңгіме әдісімен де,
лекция арқылы да түсіндіруге болады. Қандай әдіспен түсіндірілсе де, мұғалім
синтаксистің өзіндік ерекшелігін оқушыларға саналы білдіру үшін, оны тілдің өтілген
басқа салалары фонетика, лексика, морфологиямен салыстыруды ұмытпағаны жөн.
«Синтаксис» деген термин грек тілінен алынған, қазақша құру, құрастыру немесе
ретке келтіру деген мағынаны білдіреді. Тіл ғылымында синтаксис грамматиканың ең
негізгі саласы болып саналады. Ол – сөздердің басын қосып, тіркес жасап, бір-бірімен
байланыстырып, сөйлем құруды, сол арқылы адам ойын білдіру жолын үйретеді.
Мұнымен бірге синтаксис сөйлем түрлерін, олардың құрылымын, неден жасалатынын
және сөйлемді сазына келтіріп оқуды, айтуды үйретеді. Сондықтан да сөз тіркесі мен
сөйлем жайындағы ғылымды синтаксис дейміз.
Қазақ тілі синтаксисі іштей үш салаға бөлінеді:
1)
сөз тіркесі синтаксисі
2)
жай сөйлем синтаксисі
3)
құрмалас сөйлем синтаксисі
Сөз тіркесі синтаксисі сөздердің тіркес жасайтынын, жай сөйлем
синтаксисі, негізінен, сөйлем мүшелері мен жай сөйлемнің түрлерін және оқшау сөздерді
зерттейді; ал құрмалас сөйлем синтаксисі құрмалас сөйлем түрлерін қарастырады.
Синтаксистің басты зерттеу объектісі – сөйлем. Сөйлем пікір алысуды, қарым-
қатынас жасауды қамтамасыз ететін тілдік материалдың бір тұтас бөлшегі.
Синтаксистің сөзден, сөз тіркесінен бөлек единица екенін айқындайтын басты
белгілер.
1) Сөйлем, біршама тиянақталған ойды, модельді білдіреді.
2) Сөйлем өзара басқа тілдерден енген сөздерден, сөз тіркестерінен құралады.
3) Сөйлем бастауыш пен баяндауыштың байланысуынан туған предикаттық қатынасты
білдіреді.
Қазақ тілі синтаксисінің ең басты саласының бірі – сөз тіркесі.
Сондықтан да синтаксис тек қана сөйлем жайындағы ғылым емес, сонымен бірге сөз
тіркесі жайындағы ғылым деп танылып жүр.
Сөздер бір-бірімен мағыналық және синтаксистік байланысқа түспей тіркес жасай
алмайды. Ал, сөз тіркесінсіз сөйлем жоқ. Жай сөздер сөз тіркесінің материалы болса, сөз
тіркестері – сөйлемнің материалы.
Синтаксистік сөз тіркесі толық мағыналы екі я онан да көп сөзден жасалады.
Синтаксис курсында оқушыларға біздің білдіретіндеріміз – осы соңғы тіркес, яғни сөз
тіркесі. Лексикалық сөз тіркесі жаңа мағына білдіретін сөздердің басын біріктіреді.
Синтаксистік сөз тіркесінің лексикалық сөз тіркесінен айырмашылығы сол: бұл сөйлемнің
қарауына түскенде, екі сөйлем мүшесінің қызметін атқарады, ал лексикалық сөз тіркесі
бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.
Сонымен, оқушыларға сөз тіркесінен тереңірек білім беру үшін, ол жайында
төмендегідей деректерді білдірген дұрыс болар:
1)Сөз тіркесі жайында түсінік
2)Сөз тіркесінің жасалу жолдары
3)Сөз тіркесінің құрамы
4)Сөз тіркесінің түрлері (есімді сөз тіркесі, етістікті тіркес)
5)Сөздердің байланысы (қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу)
6)Жай сөйлем синтаксисі.
Оқушылар сөйлем жайында бастауыш сыныптардың өзінен-ақ
әжептәуір білім алады. Атап айтқанда, төменгі сынып оқушылары берілген тексте неше
сөйлемнің барын, сөйлемнің сөзден жасалатынын, сөйлемнің құрамындағы сөз санын,
сөйлемнің басты түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді жай сөйлемнің жалаң,
жайылма түрлерін) практикалық түрде біліп келеді.
Сөйлемді оқытқанда мұғалім тілдік фактілерді талдай отырып, әңгіме әдісімен
оқушыларға сөйлемнің мынадай белгілерін танытады.
1)Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
2) Сөйлем бір я бірнеше сөзден жасалады.
3)Сөйлемде сөздер мен сөз таптарының барлық түрлері кездеседі.
Сонымен, аяқталған ойды білдіретін бір я бірнеше сөз тіркесін сөйлем
дейміз.
Сөйлем мағынасына, интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, лепті
болып үшке, ал құрамы мен ойды білдіруіне қарай жай және құрмалас болып екіге
бөлінеді.
Тілімізде жиі қолданатын сөйлемнің бірі – хабарлы сөйлем.
Біреу я бірдеме жайында хабарлай айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.
Сұраулы сөйлемді оқытқанда, негізінен, екі мақсат көзделеді:
а) оқушыларға сұраулы сөйлемнің мақсатын түсіндіру;
ә) сұраулық форма қандай формалар арқылы білдіретінін саналы ұғындыру.
Біреу я бірдеме жайында сұрай алатын сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Қазақ тілі синтаксисіндегі оқушылардың меңгеруіне қиындау тиетін синтаксистік
категорияның бірі – лепті сөйлем.
Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.
Сөйлем мүшесі туралы жалпы түсінік беру сабағында мағынасы мен қызметіне
қарай сөйлем мүшелерінің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш), тұрлаусыз (толықтауыш,
анықтауыш, пысықтауыш), қызметі мен сұрауларының ортақтығына қарай бірыңғай
мүшелер болып бөлінетінін ескертудің өзі жеткілікті.
Белгілі бір сұрауға жауап болатын, сөйлемдегі толық мағыналы бір сөзді, сөз
тіркесін не күрделі сөзді сөйлем мүшесі дейміз.
Мұғалім оқушыларға түсінік бергенде бірыңғай мүшелердің мынадай өзіндік
белгілерін саралап айту керек.
1)Бірыңғай мүшелер бір тұлғада келеді.
2)Бірыңғай мүшелердің қызметі мен сұраулары ортақ болады.
3)Бірыңғай мүшелер сөйлемде бір ғана мүшемен байланысады.
Бір ғана мүшемен байланысатын, қызметі мен сұрағы ортақ бір тұлғада
келген бірнеше мүшені сөйлемнің бірыңғай мүшесі дейміз.
Синтаксисті оқытқан кезде айтылып өтетін өзекті мәселе сөйлем мүшелері. Яғни
олардың маңызына, қызметіне қарай тұрлаулы, тұрлаусыз болып екіге бөлінуі.
Өздігінен сөйлем жасай алатын немесе сөйлем жасауға тірек болатын мүшелерді
тұрлаулы мүшелер дейміз. (бастауыш, баяндауыш).
Өздігінен сөйлем жасай алмайтын, тек сөйлем жасауға көмегі бар мүшелерді
тұрлаусыз мүшелер дейміз.
Тұрлаулы мүшелердің өзіндік белгілері:
1)Тұрлаулы мүше өздігінен сөйлем жасайды немесе сөйлем жасауға тірек, негіз болады.
2)тұрлаулы мүшелер: бастауыш, баяндауыш.
Тұрлаусыз мүшелердің өзіндік белгілері:
1)Тұрлаусыз мүшелер өздігінен сөйлем жасай алмайды.
2)Олар: анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.
Жай ғана ойды білдірген сөйлемді тіл ғылымы жай сөйлем деп атайды.
Жай сөйлемнің жай ойды білдіруін бірінші белгісі дейміз. Жай сөйлемнің бір я бірнеше
сөйлем мүшелерінен жасалуы. Жай сөйлемде дара, күрделі мүше де, әр түрлі және
бірыңғай сөйлем мүшелері кездеседі. Жай сөйлем тұрлаулы мүшелердің қатысына қарай
толымды, толымсыз, жақты, жақсыз, атаулы сөйлем болып беске, тұрлаусыз мүшелердің
қатысына қарай жалаң, жайылма болып бөлінеді.
2. Құрмалас сөйлемнен теориялық білім негізінен мұғалімнің түсіндіруі әңгіме, байқау
әдістері, ойлаудың анализ, синтез, салыстыру, жинақтау, қорытынды тәсілдері мен ойша
қорытудың индукция, дедукция түрлері арқылы беріледі.
Құрмалас сөйлемнен теориялық білім бергенде, олардың барлық түріне ортақ
мынадай методикалық нұсқаулардың басшылыққа алынуы шарт:
1)Өтілейін деп отырған құрмалас сөйлемді оқушыларға жеңіл де саналы меңгертуге
көмегі тиетін бұрын өтілген материалдарды үнемі қайталап отыруы керек.
2)Әрбір жаңа материалдардың мәнін, өзіндік белгілерін өзіне дейін өтілген
материалдардан ажыратып, саралай түсіндіру.
Құрмалас сөйлемді оқыту процесінде орындалатын жаттығу
жұмыстары оқушылардың осы курстан алған теориялық білімін бойына сіңіре, ойлау
қабілетін арттыра отырып, тілінің дамуына, стилінің жетілуіне көмектеседі. Біз құрмалас
сөйлемнен дағды беру жұмысын құрмалас сөйлемді оқыту процесінде істелетін ең негізгі
жұмыстардың бірі деп санаймыз.
Синтаксис курсындағы күрделі тақырыптың бірі – құрмалас сөйлем туралы түсінік.
Бұл тақырыпты оқыту арқылы оқушыларға құрмалас сөйлем танытылады. Осы
тақырыптан берілетін теориялық білімнің аясы кең. Атап айтқанда, оқушылар мынадай
білім алады:
1) Құрмалас сөйлемді оқытудағы мақсат.
2) Құрмалас сөйлем қазақ тілінің үлкен бір саласы екені жөнінде түсінік.
3) Құрмалас өйлемнің өзіндік белгілері.
4) Құрмалас сөйлем анықтамасы.
5) Құрмалас сөйлем өзара салалас, сабақтас, аралас құрмалас сөйлемдер болып бөлінеді.
6) Күрделі ойды білдіретін, мағына грамматикалық форма арқылы
байланысқан жай сөйлемдердің тіркесін құрмалас сөйлем дейміз.
Оқушыларға құрмалас сөйлемнің өзіндік белгілері мен анықтамасы олардың жалпы
жай сөйлемдер жайындағы біліміне негізделе, жай сөйлемге салыстырыла, талдай,
жинақтай меңгерілсе, салалас құрмалас бірыңғай бастауышты, бірыңғай баяндауышты
жай сөйлемдерге салыстырыла меңгертіледі. Бұл арқылы, біріншіден, салалас құрмалас
сөйлемнің өзіндік белгілері мен анықтамасын оқушылар сапалы ұғынса, екіншіден, жалпы
құрмалас сөйлемнің, оның ішінде салаластың жай сөйлемнен айырмашылығын тереңірек
түсінеді. Компоненттері мағына, орын тәртібі, интонация, жалғаулық шылаулар арқылы
байланысып, баяндауыштары тиянақты формада келген құрмалас сөйлемді салалалс
құрмалас сөйлем дейміз: ыңғайлас салалалс құрмалас, қарсылықты салалалс
құрмалас, себеп-салдар салалалс құрмалас, түсіндірмелі салалалс құрмалас,
талғаулы салалалс құрмалас, орын тәртібі.
Сабақтас құрмалас сөйлемдер – қазақ тілінде ең жиі қолданатын және ең күрделі
синтаксистік категория. Бұлардан нақтылы да, саналы да білім беру үшін, алдымен
оқушыларға сабақтас құрмалас дегеніміз не, оның қандай өзіндік белгілері бар екендігін,
оны не үшін оқыту керектігін танытып алу керек.
Сабақтас құрмаластың өзіндік белгілері мен анықтамасын оқушыларға жаттығу
орындату әдісімен де, мұғалімнің түсіндіру әдісімен де меңгертуге болады.
Компоненттері мағына, интонация, қосымша, шылау арқылы байланысып,
баяндауыштардың бірі тиянақты, басқасы тиянақсыз формада келген құрмаласты
сабақтас құрмалас сөйлем дейміз: шартты бағыныңқылы сабақтас, қарсылықты
сабақтас, мезгіл сабақтас, себеп-салдар бағыныңқылы сабақтас, қимыл-сын
сабақтас, көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
Қорытынды: Синтаксисті оқыту өте күрделі. Себебі ол өзі іштей бірнеше салаға
бөлінеді, олардың әрқайсысының өзіндік оқыту сатысы бар. Ал, осылардың бір бағытта
ұстап, құрастыратын синтаксис саласы болып табылады.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
1.Синтаксисті оқытудың әдістемелік жолдары және тіл дамыту жұмыстарындағы
әдістемелік маңызы.
2.Синтаксисті оқытудың әдістемелік жолдары.
3 Тіл дамыту жұмыстарының түрлері.
3-Дәріс: Есімді және етістікті сөз тіркестерін оқыту. 2 сағат
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1.Есімді және етістікті сөз тіркестерін оқыту.
2.Сөз тіркесінің табиғаты және оған тән белгілерді оқыту.
3.Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары туралы көзқарастарды саралай
отырып, сөз тіркесінің түрлерін оқыту
Қысқаша мазмұны:
1.Синтаксис - / грекше syntaxis / - грамматикалық , морфология сияқты, өзекті
саласының бірі. Грамматиканың тең праволы, әрі өзара тығыз байланысты бұл екі
саласының қарастыратын обьектілері тілдің грамматикалық құрылысының мәселелері
болады: морфология сөздердің грамматикалық жүйесін, құрылысын, сөз таптарының
грамматикалық мағыналары мен тұлғаларын зерттейді; синтаксис сөз тіркесінің
және сөйлемнің грамматикалық жүйесін, құрылысын зерттейді. Синтаксис
грамматикалық ілім ретінде мынандай негізгі екі салаға бөлінеді: С ө з т і р к е с і н і
ң с и н т а к с и с і. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі , тіркесу тәсілдері мен
формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр- түрі қарастырылады. Синтаксис
бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып,
олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарастырады.
Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы ситаксистің де грамматикалық
талдауының негізі болады. Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес
салалары болуымен қатар, олар да синтаксиспен байланысын үзбейді.
Қазақ тілінде сөз тіркестерінің байланысу формалары мен тәсілдерінің синтаксистік
қатынастары оның бағыныңқы сыңарына қарай, ал сөз тіркестері түрлері басыңқы
қатарына қарай айқындалады.
Осы күнгі орыс тіл білімінде сөз тіркесінің басыңқы сыңарын бірнеше топқа бөліп
қарастырады, ал қазақ тілінде есімді және етістікті деп екіге бөледі.
Сөз тіркесін көптеген ғалымдар сөз таптары негізінде топтаса, кейде сөйлем
мүшелері аясында да топтайды.
А.Поцелуевский детерменативті салалас бағыныңқылық, сөйлемдіктип деп топтау
жасайды.
Жалпы алғанда, сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына қарай көбінесе сөз таптары
негізінде топтау басым. Бірақ осы ұстанымды көптеген ғалымдар қолданғанымен
түрколог ғалымдар арасында бірізділік жоқ.
Виноградов сөз тіркесінің басыңқы сыңарына қарай есімді, етістікті, үстеулі деп
бөлсе, Шведова етістікті, субстантивті, обьективті, немесе үстеулі деп бөледі.
Максимова есімді, етістікті, үстеулі, категория состояния деп жіктейді.
Әбілқаев сөз тіркесінің бағыныңқы сыңараының негізінде топтайды.
Ал Кононов, Баскаков, Әміров есімді, етістікті деп бөлсе, Балақаев есімді, етістікті,
ортақ байланысу, Жаппаров комплексті форма дегенді ұсынады.
Аханов, Серғалиев есімді , етістікті сөз тіркестеріне қоса үстеулі тіркесті қосады.
Сөз тіркестерінің байланысу формалары мен қатар олардың басыңқы
сыңарларының қызметі ерекшеленеді. Сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болып кез-
келген сөз тіркесі қолданыла бермейді. Мұндайда барлық сөз табына ұйытқы болатын бір
ғана сөз табы қатысады.
Сөз тіркестерінің басыңқы сыңары көбінесе есімді, етістікті делінсе, ал сөйлемдегі
тиянақтаушы баяндауыштарды есімді, етістікті және құрама деп үшке бөліп
қарастырамыз. Осындай құрылымдардың сөз тіркесінің аясына келгенде бір ғана
байланысу формасы қарастырылады. Профессор Балақаев «О комбинированном
управления прямого дополнения» деген мақаласында арнайы сөйлем мүшесі туралы сөз
қозғай келіп, сөз тіркесі мәселесіне ауысады.
Сөйтіп ортақ меңгеру деген термин 1962,1971 жылдары шыққан «Қазіргі қазақ
тілі» оқулығына енгізілді. Автор оқулықта «меңгеру – сөз тіркесінің бағыныңқы сөздің
басыңқы сөзбен мағыналық үйлесімділік негізінде септік жалғауының бірінде тұрып
байланысады. Меңгерілетін сөз табыс, барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының
бірінде тұрады да етістік, есім және сол екеуінің ортақтастық тобы болады. Осыған орай
ортақ меңгеру қалыптасады» дейді.
Соңғы жылдары көптеген жаңа идеялар мен ұғымдар пайда болды. Олардың
әрқайсысының өзіндік теориялық мәні бар.
2. «Сөз тіркесі – бағыныңқы грамматикалық байланыс – қиысу, меңгеру, қабысу
және сол байланыстан туатын қатынас негізінде толық мағыналы екі немесе одан да көп
сөздің бірігуінен жасалған синтаксистік бірлік.»(Сов.рус.яз.1980)
А.Н.Гвоздев «мағынасы мен грамматикалық жағынан бірігіп, ұғымдардың
арасында қатынас тудыратын сөздерді сөз тіркестері деп атайды» (Сов.лит-ый яз. 1973)
«Салалас тіркес бағыныңқы тіркесіне қосымша қызмет атқарады да, кез келген
сөйлемде ұшыраса бермейді, соның өзінде сөйлемдегі сөздердің кейбірін ғана біріктіреді»
Боронникованың анықтамасы бойынша «сөз тіркестері дегенді предикативтік емес
қатынастарды (атрибутивтік, обьектілік, релятивтік) әр дәрежедегі сөздердің тіркесі деп
ұғыну керек» (Введение в языкознание)
Сөз тіркесіне қатысты барлық пікірлерде тән ортақ тұжырым төмендегідей:
1.
сөз тіркестерінің бірыңғай ұғымды білдіретіні;
2.
белгілі бір тілдің ішкі заңдылығына сәйкес құрылатын грамматикалық бірлік;
3.
коммуникативтік емес единица
В.А.Белошапкова «Предикативтік қасиеті жоқ синтаксистік жағынан ұйымдасқан
тіркестердің кез келген және сөз формаларының синтаксистік жағынан байланысқан
тіркесінің барлығы сөз тіркесі деп танылады»
Г.А.Золотова «сөз тіркесін тек басыңқы-бағыныңқы компонентерімен байланысуы
тұрғысынан ерекшелейді.» сөз тіркесіне қатысты пікір қозғап жүрген зерттеушілердің
қай-қайсысының еңбегін қарасақ та, синтаксистің басты екі категориясын,сөз тіркесі
мен сөйлемді бір-бірінен ажырата білу қажеттілігін атап, мүмкіндігінше оның шартын
ұсынады.
Н.А.Баскаков қазіргі түркі тілдеріндегі сөз тіркестерінің төмендегідей
ерекшеліктерін атап көрсетеді.
1. Оларға атрибутивтік, релятивтік, обьектілік қатынастардың тән екендігі,
предикаттық қатынастың болмайтындығы;
2. Сөздердің грамматикалық байланысын меңгеру, қиысу, қабысу, матасу, жанасу
түрінде келетіндігі.
3. Сөз тіркесінде интоннация бомайтындығы
4. Сөз тіркесі белгілі бір сөз табына жататын сөзден жасалатындығы
5. Сол негізде сөз тіркесі есімді не етістікті болып бөлінетіндігі
6. Сөз тіркесі синтаксистік ыңғайдан басыңқы-бағыныңқы және салалас ретінде
жіктелетінін айтады
(Историко-типологическая характеристика стуктура тюркских языков 1975)
Сөз айналадағы обьективті шындыұтың адам басындағы сәулесі ретінде жеке-
жеке ұғымды білдірсе, с ө з т і р к е с і олардың грамматикалық қарым- қатынасын
білдіреді. Ал сөйлем сол жеке ұғымдардың синтезі ретіндегі байымдауды,
хабарлауды сұрауды, модальділікті білдіреді. әдетте бұлар жеке сөйлемнен
тиянақталып, ойымыз жеке сөйлемнен аяқтала бермейді. Сөйлемнің аяқталған ойды
білдіруді оның маңындағы басқа сөйлемдермен қатынасына қарай да айқындалады.
Мысалы: Түн. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар . Екі кісі даңғыл жолмен жүріп
келеміз деген үш сөйлемнің алдыңғысын /Түн/ соңғылармен байланыстыра қарамасақ ,
сөйлем демей , жеке сөз деп таныр едік. Сол сияқты , Аспанда жымыңдаған
жұлдыздар деген сөйлемнің де тиянақтылығы айналасындағы басқа сөйлемдермен
байланыстыра қарағанда я талдағанда анық байқалады. Контекспен бөліп алынған
сөйлемдер әр уақытта мүлде аяқталған ойды білдірмейді, біршама ғана аяқталған
ойды білдіреді. Тағы бір- екі мысал келтірейік:
Күн сары белге шұқшиып барып қалыпты. Тұс- тұстан
көтерілген қою шаң тымық әуеде жайымен ыдырап барады.
2.
Әлдеқайда шырқаған ән естіледі . Ойды өзіне тартып ап,
бойды тербеп тұрғандай. Ауыл шымыр-шымыр қайнайды: Өрістен мал
қайтты, көшеде ойнаған бала , жүгірген ит-құс.
Сөйлем бір сөзден тұрса да, өз ара байланысты бірнеше сөзден құралса да, ол
дауыс ырғағы жағынан тұтастанып, айналасындағы басқа сөйлемдерден пауза
арқылы оқшаулануымен қатар , олармен мағыналық қатынасқа еніп, ұласып, ұштасып
жатады.
Синтаксис - / грекше syntaxis / - грамматикалық , морфология сияқты, өзекті
саласының бірі. Грамматиканың тең праволы, әрі өзара тығыз байланысты бұл екі
саласының қарастыратын обьектілері тілдің грамматикалық құрылысының мәселелері
болады: морфология сөздердің грамматикалық жүйесін, құрылысын, сөз таптарының
грамматикалық мағыналары мен тұлғаларын зерттейді; синтаксис сөз тіркесінің
және сөйлемнің грамматикалық жүйесін, құрылысын зерттейді. Синтаксис
грамматикалық ілім ретінде мынандай негізгі екі салаға бөлінеді: С ө з т і р к е с і н і
ң с и н т а к с и с і. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі , тіркесу тәсілдері мен
формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр- түрі қарастырылады. Синтаксис
бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып,
олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарастырады.
Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы ситаксистің де грамматикалық
талдауының негізі болады. Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес
салалары болуымен қатар, олар да синтаксиспен байланысын үзбейді.
Қазақ тілінде сөз тіркестерінің байланысу формалары мен тәсілдерінің синтаксистік
қатынастары оның бағыныңқы сыңарына қарай, ал сөз тіркестері түрлері басыңқы
қатарына қарай айқындалады.
Осы күнгі орыс тіл білімінде сөз тіркесінің басыңқы сыңарын бірнеше топқа бөліп
қарастырады, ал қазақ тілінде есімді және етістікті деп екіге бөледі.
Сөз тіркесін көптеген ғалымдар сөз таптары негізінде топтаса, кейде сөйлем
мүшелері аясында да топтайды.
А.Поцелуевский детерменативті салалас бағыныңқылық, сөйлемдіктип деп топтау
жасайды.
Жалпы алғанда, сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына қарай көбінесе сөз таптары
негізінде топтау басым. Бірақ осы ұстанымды көптеген ғалымдар қолданғанымен
түрколог ғалымдар арасында бірізділік жоқ.
Виноградов сөз тіркесінің басыңқы сыңарына қарай есімді, етістікті, үстеулі деп
бөлсе, Шведова етістікті, субстантивті, обьективті, немесе үстеулі деп бөледі.
Максимова есімді, етістікті, үстеулі, категория состояния деп жіктейді.
Әбілқаев сөз тіркесінің бағыныңқы сыңараының негізінде топтайды.
Ал Кононов, Баскаков, Әміров есімді, етістікті деп бөлсе, Балақаев есімді, етістікті,
ортақ байланысу, Жаппаров комплексті форма дегенді ұсынады.
Аханов, Серғалиев есімді , етістікті сөз тіркестеріне қоса үстеулі тіркесті қосады.
3.
Сөз тіркестерінің байланысу формалары мен қатар олардың басыңқы сыңарларының
қызметі ерекшеленеді. Сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болып кез-келген сөз тіркесі
қолданыла бермейді. Мұндайда барлық сөз табына ұйытқы болатын бір ғана сөз табы
қатысады.
Сөз тіркестерінің басыңқы сыңары көбінесе есімді, етістікті делінсе, ал сөйлемдегі
тиянақтаушы баяндауыштарды есімді, етістікті және құрама деп үшке бөліп
қарастырамыз. Осындай құрылымдардың сөз тіркесінің аясына келгенде бір ғана
байланысу формасы қарастырылады. Профессор Балақаев «О комбинированном
управления прямого дополнения» деген мақаласында арнайы сөйлем мүшесі туралы сөз
қозғай келіп, сөз тіркесі мәселесіне ауысады.
Сөйтіп ортақ меңгеру деген термин 1962,1971 жылдары шыққан «Қазіргі қазақ
тілі» оқулығына енгізілді. Автор оқулықта «меңгеру – сөз тіркесінің бағыныңқы сөздің
басыңқы сөзбен мағыналық үйлесімділік негізінде септік жалғауының бірінде тұрып
байланысады. Меңгерілетін сөз табыс, барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының
бірінде тұрады да етістік, есім және сол екеуінің ортақтастық тобы болады. Осыған орай
ортақ меңгеру қалыптасады» дейді.
Соңғы жылдары көптеген жаңа идеялар мен ұғымдар пайда болды. Олардың
әрқайсысының өзіндік теориялық мәні бар.
«Сөз тіркесі – бағыныңқы грамматикалық байланыс – қиысу, меңгеру, қабысу және
сол байланыстан туатын қатынас негізінде толық мағыналы екі немесе одан да көп сөздің
бірігуінен жасалған синтаксистік бірлік.»(Сов.рус.яз.1980)
А.Н.Гвоздев «мағынасы мен грамматикалық жағынан бірігіп, ұғымдардың
арасында қатынас тудыратын сөздерді сөз тіркестері деп атайды» (Сов.лит-ый яз. 1973)
«Салалас тіркес бағыныңқы тіркесіне қосымша қызмет атқарады да, кез келген
сөйлемде ұшыраса бермейді, соның өзінде сөйлемдегі сөздердің кейбірін ғана біріктіреді»
Боронникованың анықтамасы бойынша «сөз тіркестері дегенді предикативтік емес
қатынастарды (атрибутивтік, обьектілік, релятивтік) әр дәрежедегі сөздердің тіркесі деп
ұғыну керек» (Введение в языкознание)
Сөз тіркесіне қатысты барлық пікірлерде тән ортақ тұжырым төмендегідей:
4.
сөз тіркестерінің бірыңғай ұғымды білдіретіні;
5.
белгілі бір тілдің ішкі заңдылығына сәйкес құрылатын грамматикалық бірлік;
6.
коммуникативтік емес единица
В.А.Белошапкова «Предикативтік қасиеті жоқ синтаксистік жағынан ұйымдасқан
тіркестердің кез келген және сөз формаларының синтаксистік жағынан байланысқан
тіркесінің барлығы сөз тіркесі деп танылады»
Г.А.Золотова «сөз тіркесін тек басыңқы-бағыныңқы компонентерімен байланысуы
тұрғысынан ерекшелейді.» сөз тіркесіне қатысты пікір қозғап жүрген зерттеушілердің
қай-қайсысының еңбегін қарасақ та, синтаксистің басты екі категориясын,сөз тіркесі
мен сөйлемді бір-бірінен ажырата білу қажеттілігін атап, мүмкіндігінше оның шартын
ұсынады.
Н.А.Баскаков қазіргі түркі тілдеріндегі сөз тіркестерінің төмендегідей
ерекшеліктерін атап көрсетеді.
1. Оларға атрибутивтік, релятивтік, обьектілік қатынастардың тән екендігі,
предикаттық қатынастың болмайтындығы;
2. Сөздердің грамматикалық байланысын меңгеру, қиысу, қабысу, матасу, жанасу
түрінде келетіндігі.
3. Сөз тіркесінде интоннация бомайтындығы
4. Сөз тіркесі белгілі бір сөз табына жататын сөзден жасалатындығы
5. Сол негізде сөз тіркесі есімді не етістікті болып бөлінетіндігі
6. Сөз тіркесі синтаксистік ыңғайдан басыңқы-бағыныңқы және салалас ретінде
жіктелетінін айтады
Достарыңызбен бөлісу: |