«Филология» мамандыєына арналєан



бет11/23
Дата03.12.2023
өлшемі216 Kb.
#133855
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
«Ôèëîëîãèÿ» ìàìàíäûºûíà àðíàëºàí

Этникалық бірігу – этникалық қауымдарды жақындату процесі.
Этносаралық мәміле (компромисс) – этностардың, этникалық топтар арасында олардың өкілдерімен өзара келісімге келу.
Этникалық контакт – түрлі ақпараттар және мәдени құндылықтармен алмасу барысында нақты халықтар өкілдерінің бір – біріне ықпалын тигізетін этносаралық әрекеттестіктің формасы.
Этносаралық қарым қатынас мәдениеті – әр түрлі этностық қауымдар өнімдерінің тұлғааралық байланысында және өзара әрекетінде көрінетін тез және ешбір ауыртпашылықсыз өзара түсінушілік пен келісімге әкелетін арнайы білім мен дағдылар, сондай – ақ соларға тән іс – әрекеттердің жинағы.
Этностық маргинал – қос этностық өзіндік сана тудыратын екі этностық мәдинетке бірдей тән болу.
Этностық ұтқырлық – мақсатты түрде этностық өзіндік бекіту және өзіндік бағытталған жұмысты белгілеу үшін қолданылатын термин,
Халықтық педагогика – әр түрлі буын өкілдерінің өзара қарым – қатынасы мен әрекеттестігінің ұлтқа тән тиянақты формасы сақталған этностық мәдениеттік салт – дәстүрде, халықтық және көркем шығармашылықта сақталған білім мен тәрбие дағдысының жинағы.
Халықтық психология – адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрінетін білімдер жинағы.
Халық рухы – белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін ерекше тұйық білім сол немесе басқа этностың тілін, фольклорын моралін дінін, мәдениетін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы манызы ашылады.
Ұлтшылдық – ұлттың ерекшелігі мен артықтылығы (үстемдік) туралы уағыздан тұратын кері тартпа идеология мен саясат. Бір ел ішінде ұлттар мен халықтар арасында ұлттық араздық тудыратын форма, сондай – ақ бір елдің халқын басқа елдің халқына қарсы шағыстыру формасы ретінде қолданылады.
Ұлттық мақтаныш мәдениетінің, тілінің, дінінің ортақтылығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын саналы түрде сезінуі, өз Отанына, халқына деген патриоттық сүйіспеншілік сезімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет