Әлеуметтік институт (латынның «institutum» - «айқындау», «қондыру» деген сөзінен алынған) – қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандырылған іс-әрекетті жүзеге асырудың бір түрі.
Әлеуметтік қабылдау– Ә.қ. деп адамдардың қоғамдық қатынастарды, әлеуметтік жағдайларды, адамдардың топтарын, басқа адамды және өзін-өзі қабылдап, түсініп, бағалауы айтылады.
Әрекет – белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі әрекет болуы мүмкін.
Бақылау – 1) психологияның негізгі әдістерінің бірі; 2) белгілі бір құбылыстар мен объектілердің бар екендігі мен өзгерістерін қадағалау мақсатында жүзеге асырылатын ойластырылған, жоспарлы, ұзақ қабылдау.
Бағдарлаушы рефлекс –төңіректегі жағдайдың жаңалығына жауап ретінде пайда болатын шартсыз рефлекс.
Белгі – болмыстың өзге элементінің баламасы ретінде көрінетін оның кез келген элементі. Белгі адамның психикалық іс-әрекетінің тәсілі, бұл не қоғамдағы орган, не әлеуметтік құрал. Әлеуметтік құралдың белгісі болып тіл, жазу, есептеу, сурет салу саналады.
Босқындар – экономикалық тұрақсыздық, ұлттық – этникалық жанжалдар, кекілжіндер мемлекеттіліктің күйреуі процесінің тереңдеу салдарынан пайда болатын мәжбүрлі қоныс аударушылар (мигранттар).
Гетеростереотиптер– басқа халықтар өкілдері туралы бағалау пікірлер жинағы. Олар аталған халықтардың өзара әрекеттестігіне қарай жағымды да жағымсыз да болуы мүмкін.
Генетикалық әдіс –генетика – шығу тегі «төркін» дегенді білдіреді. Бұл психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін, қазіргі кезде психологияда кең түрде қолданылатын зерттеу әдісі.
Гештальтпсихология –Германияда ХХ ғасырдың басында дүниеге келген идеалистік психологиялық бағыт. Ассоциациялық психологияға қарсы пікірлерді қолдай отырып, сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де, елес те емес, кейбір тұтас түрдегі «психологиялық құрылымдар» (гельштаттар) деп санайды. Міне сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды.